Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

ӘӨЖ 929(09) 045 
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЖАҺАНДЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН МӘДЕНИЕТКЕ 
ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
 
Серикбаева А.К., аға оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. 
Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мен білімнің өркендеуіне
қосқан 
еңбектері толықтай келтірілген. 
Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының 
көзқарасы туралы трактат» деген еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде 
айтылатын ойлары жүйеленген. 
Мақалада
энциклопедист-ғалымның әлеуметтік-
этикалық мәселелерді қозғайтын ой-толғаныстары, философиялық ой-тұжырымы 
қарастырылған. 
Түйінді сөздер: 
ғалым, ойшыл, философия, ағартушы, ұстаз, ғұлама. 
Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл араб-
парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі 
ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз 
емес. Солардың бірі – бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз, Батыс пен Шығысты терең 
білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби. 
Араб мәдениетінің философиялық екі тарауы болған деп саналады. Оның бірі 
ертеден келе жатқан теологиялық-мистикалық, дүниеден безуші — аскеттік-дәруіштік 
ағым; екіншісі дүние кілтін табиғатты зерттеуші адам ақылынан іздейтін ақли 
(рационалдық) ағым. 
Ғылым мен білімнің өркендеуіне ақли ағымның зор әсер еткені мәлім. Осы 
айтылған ақли —рационалдық ағымның негізін салушы ретінде көбіне үш адамның — 
әл-Кинди, әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Синалардың есімдері аталады. Араб мәдениетінің 
негізін салушы осы үш философ. Фараби алғашқы жаңа талап кезінде әл-Кинди 
еңбегімен танысып, содан әрмен қарай өрлей бастаған болса, кейінгі Әбу Әли ибн Сина 
да өзінің философиялық бағытын Фараби еңбегінен бастаған. Фарабидің атағы 
философ ретінде Аристотель, Платон сияқты ірі философтардың еңбектерін талдаумен 
әйгілі болады. 
Әл-Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» 
атты еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз 
шарты жайлы өз пікірлерін ортаға салған. Оның пікірінше, тұңғыш рет грек философы 
Пифагор философиялық бағыттың алғаш негізін құрастырған. 
Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Ка
тегориялар»,«Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және 
екінші «Аналитика»,«Топикасы» мен «Софистикасына» түсініктемелер жазды. Ол 
еңбектері күні бүгінге дейін де маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен 
Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды [3; 31]. 
Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз 
тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», 
«Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен 
кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», 


42 
«Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Философиялық 
трактаттар», т.б. сол сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. 
Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» деген 
еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларында «өсімдік жаны», 
«хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. 
Осы трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік 
бере келіп: 
«Жүрек — басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан 
кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» [4], — деп 
жүрекке шешуші мән береді. 
Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» және «жүрек» жайындағы философиялық ой-
пікірлерін Абай өзінің «Әсемпаз болма әрнеге»... атты өлеңінде де әрі ойшыл-кемеңгер, 
әрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген [5]: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет