Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

ӘОЖ 001:1(045) 
ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ТУРАЛЫ 
ТРАКТАТЫНДАҒЫ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ. 
Сидешова Р.А. аға оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
 
Аңдатпа. Әл-Фарабидің тұлғалық қалыптасуындағы рухани құндылықтар, Оның 
кемел туындыларының бірі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы 
трактатына», адамдар арасындағы қарым қатынас, мемлекет пен қаланы басқару 
туралы көзқарастарына шолу жасалады. 
Түйінді сөздер: рухани философиялық, адамгершілік көзқарастар, толық қоғам,
қала басқарушысы, қайырымды адамдардың қоғамы. 
Әл-Фараби дүниеге келген Отырар қаласы ірі саяси және мәдени орталық 
болатын. Әл-Фараби өзі дүниеге келген түркі мәдениетінің рухани құндылықтарын 
бойына сіңіріп өсті, яғни, түркі мәдениеті өзіне тән дүниетанымдық бағдарлар мен 
категорияларды, болмыс принциптері мен дүниені ұғыну құндылықтарын 
қалыптастырған болса, бұл құндылықтар оның тұлғалық қалыптасуын анықтады. 
Көптеген фарабитанушылар әл-Фарабидің көзқарасына түркі мәдени дәстүрінің әсер 
еткенін мойындайды. Оның Отырардан қашан кеткені, Бағдадқа қашан келгені
белгісіз. Әл-Фарабидің рухани мұрасы барлық өмірінің барысында қалыптасты және 
дүниетанымдық тұрғыда, идеялық бастауында әр түрлі мәдениеттердің ықпалдарымен 
айқындалады. 
Жалпытарихи заңдылықтарды ашып, рухани мәдениет ескерткіштерін, атап 
айтқанда,«IX-XV ғғ. Орталық Азия халықтары мен ойшылдарының философиялық 
және діни адамгершілік көзқарастарын зерттеу материалдық және рухани 
факторлардың өзара әрекеттесуі негізінде ғана мүмкін»-дейді Ю.Д. Жұмабаев пен Ш.Ф. 
Мамедов.[1] 
Әл-Фарабидің Отаны Оңтүстік Қазақстан «екі мәдени-экономикалық 
аймақтардың Орта Азия оазистерінің отырықшытұрғындары мен көшпелі мал 
шаруашылығымен айналысқан халықтарыныңтүйіскен жері.Оңтүстік Қазақстан 
көшпелі және отырықшы тайпалардың байланысқан аймағыретінде мәдениеттердің 
өзара баюының, шаруашылық тәсілдерінің синтезінің оңжақтарын және әлеуметтік, 
саяси дамудың түбірлес жаңа прогрессивтіпроцестерін бойына сіңірді.
Әл-Фараби шығармашылығы кезіндегі халифаттың әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени болмысына шиеленіскен оқиғаларға толы саяси өмір, түрлі мәдени 
дәстүрлердің араластығы, этникалық және діни көп түрлілік тән болды.Орта ғасырдағы 
ислам өркениетінің мәдени өркендеуіне геосаяси,экономикалық, әскери факторлар 
ықпал етті. Олар Таяу Шығыста жаңа тарихиқауымдастықтың өзіндік санасын оятып, 
интеграциялық үрдістердің дамуына әсер етті. Жаулап алу барысында арабтар өз 
территорияларына Таяу Шығыстың, Иранның, Орта Азияның ірі мәдени орталықтары 
орналасқан үлкен географиялық кеңістікті қосып алды. Сауда мен қолөнердің дамуы 
осы дәуірдің ерекше бір сипаты болды. Оған негізгі транзиттік сауда жолдарының 
Орта Азия арқылы өтіп, оның қалаларын Таяу және Орта Шығыстың, Кавказ бен 
Шығыс 
Еуропаның, 
Үнді 
мен 
Қытайдың 
базарларымен 
қосуы 
игі ықпал етті.
Қолөнер мен сауданың тез өсуімен қатар, бұл заманда кең ауқымды урбанизация 
(қалаларға жаппай көшу) үрдісі орын алады. Араб халифатындағы рухани өмірдің 


20 
өрлеуінде қалалардың дамып, гүлденуі маңызды рөл атқарды. Қалалар әскери - 
әкімшілік, экономикалық және мәдени орталықтарға айналды. «IX ғасырдағы 
түркілердіңбасып кіруінен, Бағдадтың құлауына дейінгі уақыттағы мұсылмандық 
Шығыс тарихы (1258 ж.), - дейді Г.Э. фон Грюнебаум, - бұл жер иеленуші түркі 
әскериаристократиясының отырықшы, ең алдымен азаматтық биліктегі позицияларды 
иеленген саудагер араб және арабтанған аристократияны жеңу тарихы болды. Бірақ екі 
тап та, жалпы ислам әлеміндегі билеуші таптар сияқты қала тұрғындары болды»[2]. 
Ортағасырлық ислам мәдениеті қалалық мәдениет болды. Мұны атап өту маңызды. 
Ортағасырлық мұсылман философтарының, соның ішінде Шығыс перипатетизміндегі 
алғашқы 
саяси 
теорияны 
жасаған 
әл 

Фарабидің 
әлеуметтік-саяси 
теорияларының 
қаламен 
байланысты 
болуы 
кездейсоқтық 
емес. 
Араб 
халифатындағы ең ірі халықаралық қолөнер өндірісі мен сауданың орталығы 
Бағдад қаласы болды. В.В. Бартольд қалаға ресми атауды оның негізін қалаушы 
бергенін, соған сай ол Мединат ас-селям, яғни «Сәлем қаласы» немесе «Құтты 
қала» 
деп 
аталғанын 
айтады. 
Халиф 
теңгелерінде 
тек 
осы 
атау 
қолданылғанымен парсыша Бағдад аталған қоныста пайда болған қала тек 1258 
жылғы моңғол шапқыншылығынан кейін осылай атала бастады дейді. Ол 
халифаттың мәдени орталығы болды, араб тілді мәдениеттің ғұлама ойшылдары 
осыған ағылды, халифатқа таралған рухани ағымдар осында пайда болды. «Бір- 
бірін өзара байытқан түрлі мәдени дәстүрлер тоғысқан дәл осы Бағдадта 
пұттық нанымдар, иудаизм, христианшылдық (христиан несториандар мен 
монофизиттер арқылы), ислам ерекше айқындалады. Әр түрлі халықтардың 
мәдениеті 
ақыл-парасат 
тоғысуының 
идеологиялық 
негізін 
қалады, 
олар 
сұрыпталып аймақтық - этностықтың тар шеңберінен жоғары көтерілді».Бағдад 
әл - Фараби өмірінде де зор рөл атқарды. Ол мұнда араб тілін үйренді. 
Бірақ, уақыт өте келе оның философиядағы рационалдық ойлау бағыты 
мұсылман діншілдеріне ұнамай бастады, сөйтіп ол Бағдаттан кетеді. Содан кейінгі 
өмірін Дамаскіде өткізген екен. Сонда жүріп, ол «Қайырымды қала тұрғындарының 
көзқарасы туралы трактат» атты әйгілі шығармасын жазған. Оның ерекше, елеулі 
дейтініміздің бір себебі, онда ол осыған дейін жиған білімдерінің барлығын 
қорытындылап жазған делінеді.
Әл Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы трактатында былай 
дейді: - «Адам толығымен дамып жетілуі үшін көптеген нәрселерден тәуелді болады. 
Яғни ол өзіне қажет нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды. Сондықтан, адам өзінен 
басқа адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек және адам қоғамда ғана толық 
жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады»,- деп тұжырымдайды. Сонымен, ол да 
қоғамдастықтың құраушысы болып табылады, басқалардың жоғын тауып беруші 
ретінде де болады Сөйтіп, қоғамның әрбір мүшесінің іс әрекеті оның әрбір мүшесіне 
қажеттіні тауып беретін болады дейді. Әл Фараби адам қоғамдастығын екіге бөліп 
көрсетеді: толық қоғам және толық емес қоғам.Толық қоғамдастықтың өзін үшке бөліп 
көрсетеді: үлкен, орташа және кіші. Үлкен қоғамдастық оның пікірінше, барлық жер 
бетін мекендеуші адамдардың жалпы қоғамдастығы. Орташа қоғамдастық деп, белгілі 
бір халық ретіндегі қоғамдастықты айтады да, кіші қоғам ол белгілі бір қала дейді.
Толық емес қоғамдастықты Әл Фараби төртке бөліп көрсеткен. Олар квартал, 
көше, үй, ауыл. Ауыл қала құрамына кірмегенімен, ол қалаға қызмет көрсетіп 
отыратын толық емес қоғам. Жоғары деңгейдегі даму мен игілікке адам ең бірінші 
қалада ғана қол жеткізе алады делінеді. Кез келген қалада бақытқа қол жеткізу үшін, 
адам барлық нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап, талаптану қажет дейді.
Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір біріне көмектесетін қала қайырымды қала 
деп түсіндіріледі. Және онда қайырымды қоғам да, қайырымды халық та болады дейді. 


21 
Әл Фарабидің айтуынша, қайырымды қала адамның сау әрі мінсіз денесіне ұқсас келеді 
делінеді. Яғни, оның әрбір мүшесі денсаулықты сақтау үшін бір біріне көмектесіп өмір 
сүреді дейді. Алайда адам денесіндегі органдар бір бірінен табиғаты, атқаратын 
қызметіне байланысты айырмашылық жасайтыны сияқты, қала тұрғындарының да 
қызметі мен қоғамдағы орны бойынша бір бірінен айырмашылығы болады. Қаланың 
басшысы өзінен сатысы төмендегілерге белгілі бір істердің атқарылуын талап етеді, ал 
талап етілгендер өз кезегінде өздерінен кейінгілерден талап етеді, сөйтіп, ешкімнен 
талап ете алмайтындар ең төменгі сатыға да жетеді. Әл Фараби бұл еңбегінде қала 
тұрғындарын бес топқа бөледі: ең құрметті адамдар, шешендер, өлшеушілер, 
жауынгерлер және байлар. Ең құрметті адамдар ақылдылар, пайымдағыш адамдар, 
маңызды істерде беделге ие болғандар. Екінші топтағы шешендерге-діни 
қызметкерлер, ақындар, музыканттар, хатшылар, шығармашылық жұмыспен 
айналысатындар. Өлшеушілерге есепшілер, дәрігерлер, астролог, математиктер, 
оқытушылар жатады дейді. Ал байларға егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол 
өнершілерді жатқызады. 
Әл-Фараби қайырымды қаланы басқаратын адамда алты түрлі қасиет болуы 
керек деп есептейді. Олар: даналық, асқан пайымдылық. сенімділік, ойлау қабілетінің 
жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. Осы қасиеттің 
барлығы бойында бар адам, барлық уақытта қайырымды қала адамдарына кімге еліктеу 
керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қоюы керек екенін көрсететін үлгі 
бола алады.
Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады. Әл-Фараби қаланы 
әкім ғана емес, қаланы билеудің алқалық түрін де жоққа шығармайды. Жақсы 
қасиеттердің бәрін өз бойында ұштастыратын адам алайда, бұл қасиеттер адамдарда 
жеке дара дарыған болса, онда, бұл топтың мүшелері біріге отырып әкім орнына ие 
болады, оларды халық жақсы басшылар немесе, қадірлі адамдар деп атайды, олардың 
басшылығы қадірлі адамдардың басқармасы деп аталады.
Қайырымды 
қала... Әл-Фараби әлеуметтік әділеттілік пен еркіндікті 
орнықтыратын қоғам туралы ой қозғайды. Халықтың аз қамтылған топтарын мемлекет 
тарапынан қолдау қажеттігі туралы осыдан мың жылдан астам бұрын айтылған 
ғұламаның идеясы бүгінгі күні де мемлекеттердің басты саясаттарының бірі болып 
табылады. Осындай жетілдірілген қоғамда бір бірімен қарым қатынас жасау, 
көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмірлік қажетіне айналады дейді және 
адамдар өзін өзі жетілдіріп, қиындықтан қашпауы тиіс дейді. Әл Фараби мемлекет 
саясатының басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткізу, игілікпен жеткізу деп санайды. 
Осы еңбегінде ол «бақыт дегеніміз-игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені, ең 
жетілгені» деп атап көрсетеді және әр адамның оған толық құқығы бар дейді. Ал ондай 
құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкіндігі бар, сондықтан да 
қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын 
айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан ерекшелігі және негізгі белгісі жоғарғы 
тәртіп пен оның тұрғындарының мәдениеттілігі, сыпайыгершілігі және билеушілерінің 
қайырымдылығы, ақыл парасаты.
Бүгінгі таңдағы Мәңгілік ел ұлттық идеялар түріндегі саяси бастамалар сөзсіз 
ұлы ойшылдың идеяларымен ұштасатыны анық. Мәңгілік ел ұлттық идеясы барлық 
қазақстандықтарға, барлық халыққа жолдау болып табылады, өз кезегінде әл-Фараби де 
өз ғылыми шығармаларында қамтыған болатын. Мәңгілік ел идеясы Платонның 
ізгілікті, әділетті, мемлекет және әл-Фарабидің «қайырымды қала» жөніндегі идеясы 
жайындағы ойлардың қисынды жалғасы болып табылады. 


22 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. «Этическая мысль в Средней Азии в IX-XYвв.» М., МГУ, 1974 
2. Г.Э.фон Грюнебаум. «Классический ислам. Очерк истории (600-1258)»
М.,Наука,1986 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет