Байланысты: Махамбет Мындаш ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
ДАЙЫНДАҒАН:МАХАМБЕТ МЫНДАШ ҚАЙРАТҚЫЗЫ
1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты.
Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж.23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді.
Фашистік Германия жетекшілерінің ойы бойынша Қазақстан территориясы «Барборосса» жоспарына сәйкес «Үлкен Түркістан» құрамына кіруі керек болатын.Бірақ кеңес халқы фашист басқыншыларына ерлікпен қарсы тұрып, «қауырт шабуыл» әскери операциясын іске асырмай қалды.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақ жеріне Отанды қорғау үшін әскери бөлімдер жасақтала бастады.
Барлығы 12 атқыштар
4 кавалериялық дивизия
7 атқыштар бригадасы
50-ге жуық полктар және батальондар жасақталды.
Қазақстанда жасақталған 310,312.314,316,391-атқыштар дивизиялары майданның алғы шептерінде шайқасты.Оның ішінде үш кавалериялық дивизия мен екі атқыштар бригадасы қазақ ұлттық әскери бөлімдері болды.
Соғыс кезінде Кеңес армиясы қатарына 1196164 қазақстандық жауынгер шақырылды.
Фашистердің алғашқы соққысын қабылдаған Брест қамалын қорғаушылар арасында қазақстандық В.Фурсов және Қ.Тұрдиев болды.
Мәскеуде қорғауда да қазастандықтар жан аямай күресті.
Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсіп,кейіннен 8-гвардиялық И.Панфилов дивизиясы болып аталды.Дивизия жауынгерлерінің Мәскеу қорғанысындағы ерлігі Ұлы Отан соғысында шешуші рөл атқарды.
Мәскеу түбінде Кеңес Одағының Батырлары Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин және басқалары жауыгерлік ерлік көрсетті.
Қазақстандық жауынгерлердің Мәскеуді қорғаудағы қайсарлығы жөнінде тұтқынға түскен неміс солдаты: «Біз шабуылға шықтық.Бізге қара торы жауынгерлер қарсы тұрды.Олар сондай қайсырлықпен және батырлықпен күресті,біз еріксіз кейін шегіндік,соңында біз масқара болып жеңілдік».Кейіннен бізге сендерге қарсы шайқасқандар-қазақтар деп түсіндірді.
Отан үшін газетте 1943 жылы 12 ақпанда жарияланды.
Панфиловшылардың өшпес ерлігін Жамбыл ақын былай жырлаған:
Тіл ұшында бір сөз бар,
Жалындана жайнаған.
Құлаққа сөз тигенде,
Серпіліп бүкіл денеңде
Қаның да қызыл қайнаған.
Жырың да қызық сайраған.
Сол сөз жетсе кекті өрлеп,
Жүрегіңде күш кернеп,
Жаның серігіп самғаған
1942 жылдың күзінде Сталинград майданы кезінде Батыс Қазақстан облысына соғыс жағдайы енгізілді.Сталинград операциясына қатысқан бес атқыштар және кавалерия дивизиясы,теңіз атқыштар бригадасы,миномет полкі және көпір жөндейтін арнайы батальон Қазақстанда жасақталды.
Сталинград шайқасында:
Ұшқыш,кеңес одағының батыры: Н.Әбдіров
Минометші: Қ.Сыпатаев
Лейтенант:Г.Рамаев
Партизандық құрамалар мен жасақтарда:
Украина жерінде 1500
Ленинград облысында 220
Смоленскіде 270
Белоруссияда 1500 қазақстандық партизандар соғысқан.
Мыңдаған казакстандык жауынгерлер Курск түбінде, Украина, Белоруссия, Прибалтика, Молдавия жерлерін азат етуде өз өмipiн өлімге тігіп, жан аямай ерлікпен шайкасты. Олар Днепр, Десна, Припят, Двина өзендерінен ету кезінде және Польшаны, Венгрияны, Чехославакияны, Венаны фашистерден азат етуде батырлык пен каһармандык керсетті. Берлин операциясы кезінде Рейхстаг тебесіне бірінші болып Кеңес армиясының Туын кадағандардың ішінде Ракымжан Кошкарбаев болды.
Ұлы Отан соғысында керсеткен epлігі үшін 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы атақпен марапатталды. шкыштар Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алды.
Ең жоғарғы жауынгерлік атаққа «шығыстың қос жулдызы» атанып кеткен қазақ қыздары Мәншук Мәметова мен Әлия
Молдағұловалар да ие болды.
¥лы Отан соғысында ұшкыш ретінде біркатар
күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауда epлік көрсеткені үшін Хиуаз Доспановаға 2005 жылы Халык Каьарманы атагы берілді. Бұл тарихи әділеттілік ¥лы жеңістің 60 жылдығына орай қалпына келтірілген еді.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
Барлығы -11600 адам
Қазақстандықтар - 497, оның ішінде қазақтар-97 Қазақ қыздары -2 Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
Солдат ерлігі орденінің толық иегері -142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар -96638 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденінің толық иeгepi атанды. Ұлы Отан соғысының ең басты қасіреті-шамамен 500 мыңға жуық қазақстандық жауынгер соғыстан оралмады. Кеңес халкының Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңісінің нәтижесінде адамзат фашизм құлдығынан аман калды.