Ұлы Отан соғысының батыры, даңқты қолбасшы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «бауыржан оқулары»



бет3/7
Дата05.03.2023
өлшемі32,3 Kb.
#71689
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бауыржан окулары отыным

«Жас оқырман»
1. «Жас оқырман» - Бауыржан Момышұлының шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы. Қатысушы жатталған шығармаларын (Бауыржан Момышұлының шығармаларынан өлеңдер, монологтардан үзінділер) мәнерлеп оқумен қатар бейнеролик ұсынады.
2. Байқаудың жұмыстарын бағалауды Байқаудың қазылар алқасы жүзеге асырады.
Қазылар алқасы Байқаудың жеңімпаздарын дауыс беру арқылы анықтап, жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- Таңдалған өлеңнің байқау тақырыбына сәйкестігі.
- Шығарма мәтінін білу.
- Сөйлеудің интонациялықэкспрессивтілігі (екпінде көрсетілген динамика; әр түрлі биіктіктегі дыбыстар бойынша дауыс қозғалысында көрінетін әуен; дыбыс ұзақтығында және тоқталуында, үзілістерде көрінетін қарқын мен ырғақ; мінез-құлқын анықтайтын сөйлеудің эмоционалды бояуы);
- Дұрыс әдеби айтылым;
- Театрдың мәнерлі құралдарын (мимика, ым-ишара, қалып, қимыл-қозғалыс) пайдалану;
- Қатысушының сыртқы келбеті (орындалатын шығарманың мазмұнына сәйкес келетін костюмдерді, атрибуттарды таңдау).
«Жас автор»
1) Байқауға өз шығармашылығының өлеңдері ұсынылады (бір автордың шығармашылық жұмыстар жинағын ұсынуға болады).
2) Қатысушы бейнеролик ұсынады
3) Әскери немесе патриоттық тақырыптағы шығармалар.
4) Байқау шығармаларының ең аз және ең көп көлемі айқындалмайды.
5) Бейнероликке қосымша doc немесе docx форматындағы жұмыстар, TimesNewRoman қарпі, 14 қаріп өлшемі, 1,5 жолдар арасындағы интервал, суретсіз және иллюстрациясыз ұсынылуы тиіс. Жұмыстың титулдық парағында қатысушының тегін, атын, әкесінің атын, жұмыстың атауынкөрсетіп, bauyrzhan-okulary@yandex.kzэлектрондық поштасына «Жас автор» Номинациясы» белгісімен жіберу қажет.
Жұмыстарды бағалау критерийлері
Жұмысты бағалау кезінде төмендегілер ескеріледі:
- Байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне жұмыстың сәйкестігі
- өлеңнің мағыналық және композициялық тұтастығы;
- материалды беру ерекшелігі,
- жарықтық және мәнерлілік;
- өзектілігі мен сауаттылығы.


«Жас үлгіші»
1) конкурсқа диарамалар, модельдер немесе макеттер ұсынылады.
2) Диарам тақырыбы шығармалардың сюжетіне немесе Бауыржан Момышұлының өміріне арналуы тиіс.
3) конкурстық жұмыстарды бағалауды конкурстың қазылар алқасы жүзеге асырады.
Қазылар алқасы жеңімпаздарды дауыс беру арқылы анықтайды және жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- Жұмыстың конкурс тақырыбына сәйкестігі.
- Сюжеттің композициялық тұтастығы.
- Жұмыстың ерекшелігі мен эстетикасы
- Өлшем пішімі, өнім материалдары үшін белгілі бір стандарттар ұсынылмайды. Мұның бәрі сіздің шығармашылық міндетіңізге және конкурстық жұмысыңызға байланысты.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет