Ұлы Селжұқ империясы және Анадолыны жаулап алу


жылдан соң қайталанған жеңіс



бет3/3
Дата27.10.2022
өлшемі28,47 Kb.
#45659
1   2   3
900 жылдан соң қайталанған жеңіс
 1922 жылы 26 тамызда Мұстафа Кемал түрік топырағын басқыншы жаулардан азат ету үшін өз қосындарын бастап гректерге қарсы шабуылға шығады. Ататүріктің «Сарбаздар, сіздердің бірінші нысаналарыңыз Жерорта теңізі» деген бұйрығымен басталған шайқасы 30 тамызда грек әскерінің жеңілуімен аяқталды. Осылайша Анадолы жері, құрдымға кеткен империяның талан-таражға түскен аумақтарынан шетелдік дұшпандарды қуып шығып, бұл жердің қожасы түріктер екендігін әлемге паш етеді.
Түркия тарихшылары бұл екі соғыстың көптеген ұқсастықтары бар екендігін үнемі айтып келе жатыр. Мысалы, екі соғыс та тамыздың 26-сы күні болған екен. Әрі түріктер өздерінен әлдеқайда көп, қару-жарағы сай әскерлермен бетпе-бет майданға түскен. Екеуінде де жаудың қолбасшылары түріктерге тұтқын болады. Ұқсастық тұрғысынан ең таңғаларлық нәрсе – Алып Арслан мен Ататүріктің соғысқа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлықтарының бір-біріне сәйкес келуі.
Мармара университеті Тарих факультетінің оқытушысы, профессор Вахдеттин Энгин мырза: «бұл ғажап ұқсастықтарға таң қалмау мүмкін емес. Сол кездегі Ататүріктің көмекшісі болған Исмаил Хаккы Текченің естеліктерінде айтылуынша, Ұлы шабуыл күні Мұстафа Кемал паша: «Тәңірім, Кожатепедегі шайқаста түрік әскерін жеңіске жеткізе гөр. Түрікшілдік пен исламның жау табанына тапталуына жол бере көрме», – деп дұға қылыпты. Ал Селжұқ сұлтаны Алып Арсланның соғыс алдында айтқан осыған ұқсас дұғасының қысқаша мазмұны: «Раббым, мен саған тәуекел еттім және сен үшін соғысамын. Аллам, ниетім таза, маған көмектес!» – деп дұға етіп, үстіне кебін киіп соғысқа араласқан екен. Бұл екі қолбасшының да соғыс алдында Алладан рухани сезіммен жәрдем сұрағанын көрсетеді.
Манзикерт шайқасында Византия жасақтарының бас қолбасшысы IV Роман Диоген тұтқынға алынып, Алып Арсланның алдына әкелінді. Ал 1922 жылы 26 тамызда басталған соғыстың Трикопис шайқасында Грекия армиясының бас қолбасшысы тұтқынға алынып, Ататүріктің алдына әкелінді. Әрі екі түрік қолбасшысы да өз дұшпандарына мейірім танытып, оларды өлім жазасына кеспейді. Демек, бұл мінез-құлықтары, яғни жау болса да онымен жақсы қарым-қатынаста болуы – түркілер иелігіндегі өркениеттің айқын көрсеткіші», – дейді профессор Вахдеттин Энгин «https://www.milliyet. com.tr» сайтының журналистіне берген сұхбатында.
PS: Түркия жұрты үшін 26 тамыз осылайша қастерлі дата ретінде тарихқа енді. Түркияның әр кезеңдегі басшылары бұл дәстүрді ұмытқан емес. Бұл дәстүрдің бауырлас түркі елдеріне үлгі боларлық маңызы бар дер едік. Бізде де сондай тарихи орындар бар. Қазақ даласын басқыншылардан тазарту үшін шешуші шайқастар өткен өңірлер күні бүгін сайрап жатыр. Ұрпағын аман алып қалу үшін үдере көшкен жұрттың жау қолынан қаза тауып, көмілмей қалған сүйектері күні бүгін ақсөңке болып далада жатыр. Біз соларды қаншалықты еске алып жүрміз? Қанды қасап қырғыннан тұрсадағы біздің тарихымыз еді ғой ол...

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет