Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет141/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Жаңа медиа және кеңістік 
2020 жылы жаһанға таралған пандемия физикалық әрі идеялық тұрғыдан 
күнделікті өмір мен ұғымдардың мәнін өзгеріске ұшыратуда. Әсіресе, 
қазірге дейін күнделікті өмірде өзгеруі мүмкін емес деп түсінілетін 
нәрселер қатты өзгеруде. Мысалы, вирус салдарынан адамдардың 
өзгеріске ұшыраған негізгі ұғымдарының бірі – «кеңістік». Тәндік контакт 
шектеулері мен физикалық кеңістікке байланысты жасалған реттеулер 
күнделікті өмірдегі барлық салаға әрқалай ықпал етуде.
Кеңістік ұғымы түсінігін зерделеу үшін ғылыми әдебиетке қарар 
болсақ, Анри Лефевр, Пиер Бүрдиө, Жил Делөз бен Феликс Гуаттари секілді 
ойшылдардың еңбектерінде осы ұғымның қызу пікірталас тудырғанын 
байқаймыз. Бұл ойшылдар кеңістікті мәндік өлшемі тұрғысынан 
сипаттауға тырысты және олардың кеңістікке байланысты ойы басқа да 
ойшылдар мен зерттеушілерге ықпал еткен (Қара., Lefebvre, 1991; 2004., 
Bourdieu, 1989., Buchanan & Lambert, 2005., Saldanha, 2017).
Лефевр 
Кеңістіктің өндірісі (La procluction de I’ espace
, 1974) атты 
еңбегінде кеңістік пен әлеуметтік қатынастардың арасында диалектикалық 
қатынас бар екенін алға тартатын әлеуметтік кеңістік (socio-spatial) 
теориясын қалыптастырды. Ол кеңістікті әдеттегідей өндіріс орны және 
әлеуметтік қатынастар іске асатын жазық деп сипаттайтын көзқарастарға 
қосымша кеңістікті «өндірілетін өнім» ретінде сипаттайды. Осылайша 
әлеуметтік қатынастарды кеңістік өндіруші әрі кеңістік қалыптастырған 
фактор ретінде қабылдайды. Лефеврдің бұл ұстанымының негізгі 
аргументі – капитализмнің кеңістікті қолданып, күнделікті өмірімізді 
«отарлауы». Ол «кеңістіктің өндірілуі» дегенде, экономикалық өндірісті 
ғана емес, институттар, қала орталықтары, ақпарат сынды қоғамды 
қалыптастыратын барлық нәрсені өндіруді мегзейді (Lefebvre, 1991).
Қазіргі кезде кеңістікті көпшілікке кең тараған технология мен 


321
коммуникация торабынан тыс көзге елестету мүмкін емес. Бұл жағдай 
әртүрлі экономикалық, мәдени және саяси оқиғалар ықпалының 
тұлғаларға тікелей әсер етуіне себеп болуда. Сондықтан да жаһанның 
әр түкпірінде тіршілік кешіп жатқан адамдардың оқиғалардан әсер 
алу формалары әртүрлі болса да, сол оқиғамен қарым-қатынас құру 
үшін оқиға болған жерге барудың керегі жоқ. Осы себептен теориялық 
еңбектер зерттеушілерді кеңістікті қайтадан зерделеуге мәжбүр етуде. 
Кеңістікке тәуелді қарым-қатынастар мен интеракциялардың «жойылуы», 
«территорияның соңы» немесе уақыт пен кеңістіктің бір-бірінен 
ажырауы, «децентрализация» немесе белгілі бір кеңістіксіз, яғни адам 
баласының елсіз, жұртсыз қалуын сипаттайтын «детерриториязация» 
секілді ұғымдардың пайда болуына әсер етуде.
Әлемдік масштабта территориялық шектеулер маңызының әлсіреуі 
және интернеттің кең тарауы кеңістік ұғымының тым тар мәнмен 
сипатталғанын көрсетуде. Қазіргі адамдар әлемнің әр жерінде оқиғаларды 
дәл сол сәтінде біліп, бір сәтте толыққанды хабардар бола алады. Соңғы 
30 жылда, әсіресе жаһандану үдерісінің күшеюінен саяси, экономикалық 
және, бәрінен бұрын, мәдени трансформациялар өте жылдам іске 
асуда. Бұл трансформациялардың негізінде жаңа коммуникация және 
ақпараттық технологиялардың, басқаша айтар болсақ, жаңа медианың 
дамуы жатыр.
Мануэль Кастельс жаңа медианың мәдени салаға ықпалы салдарынан 
әлем жұртшылығының «нетворк қоғамға» айналғанын, осылайша жаңаша 
түрдегі әлеуметтік трансформацияның бастау алғанын айтып өтеді 
(Castells, 2004). Кастельстің пікірінше, ақпаратты алғы жобаға шығаратын 
нетворк қоғамы – ақпараттық технологиялар ықпалымен белсенді 
болатын, ақпарат желілерінде қалыптасатын және дүниежүзінің барлық 
жеріне таралған жаңа әлеуметтік ұйымдық құрылым. Бұл құрылым 
мәдениет арқылы адамдар арасында интеракция қалыптастырумен 
қатар өндіріс, тұтыну және билік қатынастарына да ықпал етуде (Castells, 
2009: 125). Ал Николас Гейн мен Дэвид Бир жаңа медианы түсінуде 
нетворк, ақпарат, интерфейс, архив, интеракция және симуляция секілді 
ұғымдардың зор маңызға ие болғанын және бұл ұғымдардың жаңа медиа 
технологиясы инфрақұрылымын құрайтынын алға тартады (Gane & Beer, 
2008).
Осы технологиялық-әлеуметтік жайттар және бұған қосылған 
COVID-19 пандемиясы өткен шақ, бүгін мен келер шаққа баға беруімізге, 
келешегін болжауға ықпал етуде. Сондықтан күнделікті өмірімізде 
маңызды саналатын музыка өндіру/пайдалану тәжірибелеріміздің өзгеруі 
және осы өзгерістердің әлеуметтік ықпалы зерттеуге тұрарлық жайт. 
Бұған қоса, тәндік тұрғыдан арақашықтықтың сақталуы міндет болған 
бүгінгі кезде, психологиялық қиын кезеңде музыка экспириенстері 
арқылы ынтымақты (солидаритет) әлеуметтік рухтың әртүрлі әдістермен 
әлеуметтік медиа арқылы іске асуы да ғылыми тұрғыдан назар аударарлық. 
Бұдан ары COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстандағы музыка өндірісі 
мен пайдаланылуы формаларын талдауға тырысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет