Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет152/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Мемдер психологиясы
Зигмунд Фрейд «Түс жору» атты еңбегінде (Freud, 1900) түс көру кезінде 
байқалатын психикалық процестер мен әзілдің тууы арасындағы 
байланыс туралы бірқатар алдын ала тұжырым жасаған. Түс көргендегідей, 
әзіл-қалжың да – құмарлық, фобия немесе түсініксіз бірдеңеден қорқу 
сынды бейсана, бұйығы, «тыйым салынған» сезімдердің босап шығатын 
ортасы, ал күлкі болса, бізге кедергі келтіріп тұрған әлденеден босататын 
қақпақша тәрізді. Басқаша айтқанда, әзіл-қалжың немесе, жалпылама 
терминді қолдансақ, әзіл-оспақ – қиындықтарды жанама түрде 
еңсеріп, әдетте қолымыздан келе бермейтін нәрселер туралы айтуға 
мүмкіндік береді. Досы Вильгельм Флисспен хат алысып шабыттанған 
Фрейд толықтай комизм мен әзіл-оспақты зерттеуге арналған кітабын 
жазуды жалғастырып, оны «Тапқырлық және оның бейсанаға қатысы» 
деп атаған (Freud, 2014). Кейін Фрейд бұл еңбегінде «әзілдің, шын 
мәнінде, экономикалық тұрғыдан ғана қарастырылғанын» байқап, 
осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін «Әзіл-оспақ» деген шағын 
мақала жазған (Freud, 1928: 1-6). Онда әзіл психиканың қайта қаралған 
құрылымдық моделімен байланыстырыла көрсетілген. Фрейд бұл 
құрылымдық модельді өзінің «Эго және Ид» (Freud, 1961) деген еңбегінде 
жан-жақты өрбіткен. Осы мақала мәтінінде әзілдің психоаналитикалық 
теориясына Фрейдтің қосқан үлесі туралы қысқаша баяндалады. Кейінгі 
психоаналитикалық тұжырымдар Фрейдтің әзіл теориясына негізделген.
Фрейд «Тапқырлық және оның бейсанаға қатысы» атты кітабында 
әзіл-қалжыңның қалыптасуына қатысатын процестер түс көруге қатысты 
процестермен бірдей дерлік деген. Түс көргенде санаалды «күн қалдығы», 
соның ішінде санадағы қамалған тілек ұмтылыстары мен импульстер 
психиканың динамикалық бейсана бөлігінің сүзгісінен өтеді. Бұл 
ұмтылыстар мен импульстер қоғамдағы мінез-құлыққа, жүріс-тұрысқа 
қатысты шектеулерге сай болмағандықтан қабылданбайды. Ұйықтап 
жатқан адам сондай материалды өңдеуге ден қоймасын, оянбай, ұйықтап 
жата берсін деп, бейсана сол материалды бүркемелеп, оған енді қауіп 
төндірмейтіндей форма таңады, яғни сол материалды санаға түсінікті 
етеді. Бұл процесс түс көру жұмысы деп аталады. Қалжың-жұмыс, түс 
көру жұмысының ояу жүргендегі корреляты арасында ұқсастық аз емес. 
Әзіл-қалжың өз иесіне қысқа мерзімді қаңыраған бостық болғанда толық, 
аяқталған күйде келетін сияқты, яғни ол когнитив психологияның қазіргі 
сатылы өңдеу теориясы сияқты бейсанадан шығатын көрінеді (Rauss, 
2013: 4, 276). Сондай-ақ тағы бір маңызды жайт – әзіл-қалжың ұятсыз 
элементтерді, агрессия, арсыздық пен күдікті күлкіге айналдырып
тыйым салынған импульстер мен эмоцияға орынды, рұқсат етілген кейіп 
дарытады. Осындай түрлендіруді іске асыруда түс көру мен әзіл-қалжыңда 
қолданылатын психикалық құралдар бірдей, олар: конденсация, ығыстыру 
және жанамалап көрсету. Фрейд (Freud, 2014) мынадай мысал келтірген: 
«Жылқы сататын адам сатып алушыға мініс жылқысын ұсынған. «Осы 
жылқыны алып, оған таңғы сағат 4-те мінсеңіз, сағат 6.30-да Прессбурге 
жетіп үлгересіз». — «Таңғы 6.30-да Прессбургке барып қайтемін?». (Freud, 
2014: 67). Жанамалап көрсету амалына абсурд, жалған пайымдар мен 
аналогиялар сияқты әзіл-қалжың тәсілдері жатады. Фрейд (Freud, 2014) 
келтірген мысал: «Әркімнің өзгелерге көрсете бермейтін моральдық 
астары бар, адам оны шамасы келгенше әдеп сақтағандай болып жасырып 
жүреді» (Freud, 2014: 46). Түс көру көп жағдайда қанағаттанбай қалуға 
жол бермеу мақсатын көздейді, қатты әсер – ләззат алуға барабар. Бұған 


347
қоса, Фрейд (Freud, 2014: 97): «Аталған қос мақсат біздің жан дүниеміздегі 
барлық әрекеттерді айғақтап тұр», – деген.
Фрейд кітабын қорытындылай келе, «басып-жаншу сияқты, әзіл-
оспақ та – қорғану процесі» деген. Ол «әзіл-қалжың аралас жұмыстың 
субъектив детерминанттары невротикалық ауру детерминанттарынан 
алшақ емес болып көрінетінін» және «әзілкеш – жүйкесі тозған, берекесі 
қашқан адам» екенін атап өткенмен, әзіл мен невроз арасында байланыс 
барын бірден жоққа шығарған еді (Freud, 2014: 142). Есесіне, басқа 
қорғаныс механизмдеріне қарағанда, әзілге жүгіну амалы болжамды 
психикалық бұзылыс тудырады деп қорытынды жасаған. Әзіл қауіпті 
аффектінің барын мойындап, оны жоғарыда сипатталған тетіктер арқылы 
жағымды эффектіге түрлендіреді (Freud, 2014). Фрейд «Әзіл-оспақ» деген 
мақаласында жаңа ғана сөз болған саламатты қорғаныс амалының іске 
асуына Мен және Асқақ-Меннің тепе-теңдікке түскені, бізді батыл болуға, 
«қайғы-қасіреттен арылу үшін мұңаймай, көңілді жүруге», «Сергіп, 
табандылық танытуға» үндеген ата-анамыздың ішкі дауыстары жағдай 
туғызады деген (Freud, 1928: 1-6). Осылайша бізге әлі де болса өмірлік 
сын-қатерлерге төтеп беруге көмектесе алады. Фрейдтің (Freud, 1928: 
1-6) айтуынша: «Әзіл тұсауға көнбейді; ол – асау. Бұл дегеніміз – эгоның 
ғана емес, сондай-ақ қалыптасқан жағымсыз жайттарға төтеп беретіндей 
айқын білінетін қуатты рахаттану қағидасының да салтанат құруы».
Мақала соңында Фрейдтің (Freud, 2014) түс көру мен әзіл-қалжыңға 
жүргізген салыстырмасына шолу жасалды. Айтушы мен тыңдаушы 
бойындағы ішкі психикалық процестерді қамтитын әзіл-қалжыңның 
экономикалық моделі талданып, Фрейдтің әзіл-оспақ теориясына қатысты 
(Freud, 1928: 1-6) қосымша тұжырымдары қысқаша таныстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет