Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет139/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

КОРОНАВИРУС... КЕТ! КЕТ! КЕТ! 
Молдияр Ергебеков
«Музыка... әлем болмаса да болар еді»
Артур Шопенауэр (Schopenhauer, 1969: 257)
 
Музыка әлеуметтік жағдайдың өткір мәселелерін (exigency) 
– музыкаға тән формалық тілдің антиномиялары ішінде – 
терең көрсетіп, азап шегу 
дің кодталған тілі арқылы 
өзгеріске шақырған сайын соншалық жақсы болады. Қоғамға 
шарасыз үрейлі көзбен қарау музыканың ісі емес. Музыка 
әлеуметтік функциясын әлеуметтік мәселелерді музыкаға 
тән материал арқылы және өзінің формалық заңдылықтарына 
сәйкес етіп айтар болса ғана іске асыра алады.
Теодор Визенгрунд Адорно (Adorno, 1978: 130)
COVID-19 індетінің салдарынан арамыздан айырылған еліміздің 
музыка саласының майталмандары Кеңес Дүйсекеев, Мурат Иргалиев 
және Ескендір Хасанғалиевтің ғазиз рухтарына арнаймын.
Кіріспе
Әрбір қоғам өзіне тән эстетикалық көзқарас пен қабылдау ерекшеліктеріне 
сай көркем туынды жасайды. Музыканың адам баласының шығармашылық 
идеялары мен қиялын суреттейтін өнер саласында алар маңызы зор. 
Өйткені, бір тараптан, мелодияға, екінші тараптан, сөзге сүйенетін 
музыканың шексіздігі кез келген сәтте және әр салада түрлі формадағы 
туындының тууына жол ашады.
Өнер адамдары қоғам мүшесі ретінде өздерінің шығармашылық 
жұмыстарында өздері өмір сүріп отырған қоғамның ұжымдық рухын 
суреттейді. Сондықтан да өнер адамының ойы мен қаламынан шыққан 
туынды суретшінің белгілі бір тақырып төңірегінде не ойлайтынын 
көрсетумен қатар қоғамның сезімін де білдіреді.
Музыка әлеуметтік құрылымдармен, өнердің өзге салаларына 
қарағанда, тығыз байланысты. Басқаша айтар болсақ, музыка адами 
тіршіліктің барлық саласына енген. Осындай өзіндік ерекшелікке ие 
музыканың сыры әлі де құпия, жұмбаққа толы (Nussbaum, 2007). Музыка 
әрі көңіл көтеру құралы, әрі өнер формасы ретінде қоғамға кең тарауымен 
қатар қазіргі кезде радио, телевизия, кино және видео, телефон, смартфон 
және тағы басқа кез келген медиа түрінің де ажырамас бөлшегіне айналған.


313
Сондықтан да музыка, бір тараптан, қоғаммен мәдени және эстетикалық 
үлгілер арқылы байланысса, екінші тараптан, медиа өнімдері арқылы 
тығыз қарым-қатынасқа жол ашады. Сондықтан да қоғамның әрбір 
сатысында қалыптасып және әрбір сатысында қабылданған музыка 
қоғам өмір сүріп отырған кезеңнің саналық құрылымынан эстетикасына 
дейінгі, наным-сенімінен өмір сүріп отырған территорияға дейінгі 
түсініктердің барлығын қамтып, сол жөнінде хабардар етеді. Қоғамның 
өзекті мәселелерінен бастап, тіршілі ктегі күресіне дейінгі барлық 
саланы сөз бен мелодия арқылы сипаттау қасиетіне ие музыка қоғамның 
әлеуметтік-психологиялық жағдайы туралы да дерек береді.
Мифтік хикаяттардан бастау алатын өнер саласы космос пен хаосты, 
өмір мен өлімді, бар мен жоқты өзіне тән тіл арқылы интерпретациялап, 
тергеп, жауап іздейтін тіршілік биографы іспетті. Осынау биографиялық 
құрылым ішінде адам баласы мен оның қоғамының өмірі мен өлімін, 
тіршілікте қалу күресін суреттейтін саламатты өмір мәселесі маңызды 
орынға ие. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Жарғысында 
аталып өткендей, саламатты өмір дегеніміз – ауру мен тән дефектісінің 
болмауы ғана емес, сонымен қатар тән, сана (
ментал
) және әлеуметтік 
тұрғыдан да бақуат болу халі (WHO).
Бүкіл әлемді дүрбелеңге салған, 2 миллионға жуық адамның өліміне 
себеп болған коронавирус эпидемиясының жаңа түрі COVID-19 әлемнің 
барлық еліндегі денсаулық сақтау жүйесінің күйін дәл көрсетіп, 
кемшіліктерді тайға таңба басқандай нақтылап берді. Әлем елдерінің басым 
бөлігі эпидемия салдарымен күресуге дайын болмады; ауруханалардағы 
төсек-орынның, медициналық жабдықтардың жетіспеуі, реанимация 
бөлімшелерінің науқастарға лық толуы денсаулық сақтау жүйесін әбден 
тұралатты. Бұл кезеңнің ең қиын салдары – адамзат баласының осы ауыр 
күндерінің ең негізгі ерекшелігі – «белгісіздіктің» белең алуы еді. Бұл 
белгісіздік күйі бұрыннан бар, бірақ шетін қалып, ескерілмей келе жатқан 
қақтығыстар мен проблемаларды су бетіне қалқытып шығарды.
Бұл проблемалардың біріншісінің, жұмсартып айтар болсақ, 
әлеуметтік теңсіздікпен байланысы бар. Яғни «кімнің өмір сүру құқы кімге 
қарағанда маңызды» деген сұраққа барып тірелген әлеуметтік теңсіздік 
мәселесі. Бұл теңсіздік «кімнің өмір сүру сапасының жалғасуы кімнің 
өмір сүру құқынан маңызды» екенін де көрсетті (Çoker, 2020: 18). Екінші 
проблема – пандемия кезінде де бұрынғысынан асқынбаса, кемімеген 
жемқорлық. Пандемия арқылы еліміздегі жемқорлықтың әлеуметтік 
саулықты қаншалық құлдырататынын да білдік. Үшінші проблема – қоғам 
мүшелерінің денсаулық сақтау мекемелерінің берген директиваларын: 
үйде болу, қол жуу және әлеуметтік қашықтық сақтау сынды режімдерін 
ескермей, немқұрайды қарап, өзінің және өзгенің денсаулығына қауіп 
төндіруге бейім болуы. Барлық ел үкіметі азаматтарын үйде отырғызуға 
шаралар қабылдап жатты, алайда қоғам мәдениетінен туындайтын 
кейбір ерекшеліктер COVID-19-дың кең тарауына себеп болды. Еліміздегі 
жағдайды алып қарар болсақ, мәдениетіміздегі той тойлау мен өлім-
жітімге көңіл айту салтының оқшаулану міндеттерінен гөрі әлдеқайда 
маңызды екенін көрсетті. 
Бұл зерттеуде COVID-19 эпидемиясы әсерінен туған және еліміздің 
тұрғындары сезінген кейбір эмоцияларды сипаттаған музыкалық 
шығармалар қарастырылады. Пандемия кезеңінде көпшіліктің басын 
қосатын концерттер мен фестивальдерге тыйым салынып, әлеуметтік 
медиа платформалар музыкалық іс-шаралардың негізгі кеңістігіне 


314
айналды. Кәсіби және әуесқой музыканттар жаңа шығармалар, жаңа 
мәтіндер жазды, ал кейде ескі мелодияларға жаңа мәтін жазылып, халық 
арасына тарап жатты. Кейбір ескі музыкалық шығармалар көпшілік 
арасында қайта жаңғырып, танымал әуендерге айналды. Youtube арқылы, 
әртүрлі әлеуметтік медиа тораптар арқылы онлайн концерттер берілді. 
Ал батыс елдерінде локдаун кезеңінде бастау алған балкон концерттері 
Қазақстанда да болып жатты.
Бұл жағдай COVID-19 пандемиясы кезеңінде музыканың қоғамдағы 
негізгі коммуникация түрінің бірі болғанын көрсетеді. Бұл зерттеуімізде 
Джулиан Шаап, Фемке Вандерберг, Михаел Бергхманның (Schaap, 
Vandenberg & Berghman, 2020) Covid-19 және Нидерланд музыкасы 
жөнінде жазған зерттеулеріндегі әдісті пайдаланамыз, яғни музыканы 
жай ғана эстетикалық тәжірибесі тұрғысынан емес, сонымен қатар 
әлеуметтік тәжірибе болуы тұрғысынан қолға алу. Басқаша айтсақ, ұжым 
болып апатқа ұшыраған сәтте музыка қандай әлеуметтік рөл атқарды 
деген басты сұраққа жауап іздейміз. Сонымен қатар «Қазақстанда 
пандемия кезеңінде музыканың рөлі қандай болды?», «Бұдан бұрын атап 
өткен қоғамдағы реакция музыкаға қалай әсер етті?», «Музыка не туралы 
баяндады?», «Музыка мен саяси билік қатынастары қандай дәрежеде 
болды?», «Музыка индустриясына Қазақстандағы пандемия жағдайы 
қалай әсер етті?» деген сұрақтарға да жауап іздеуге тырысамыз.
Алдымен, COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы музыка 
индустриясына әсері туралы айтып өтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет