174
яғни репрезентация мен мағына өндіру құралы ретінде де қарастырылуын
атап өтуге болады (Tomanić Trivundža, 2010).
Сьюзен Сонтаг (2016) фотографияның бірнеше қызметін атап көрсетеді.
Оның пікірінше, фотографияның қызметі шексіз, ол ақиқат не шындықтың
айнасы немесе
репрезентациясы ғана емес, сонымен қатар шындықты
бейнелейтін немесе адастыратын күшке ие. Фотография арқылы куәлік
жасаймыз, естіп, бірақ сенбеген жайтқа сене бастаймыз. Фотографияның
айыптау күшімен қатар, ақтаушы күші де бар. Фотография бір оқиғаның
болғанын айғақтайтын дәлел де бола алады, қазіргі кезде мемлекеттің
халықты қадағалау және бақылауына арналған ыңғайлы құралына да
айналды (Сонтаг, 2016: 14-15).
Домке және әріптестерінің жазуынша (2002), ежелгі грек ойшылы
Плато өзінің «Республикасында» ақындар мен суретшілер адам көңілінің
күйі мен көзқарасына әсер етіп, шындықтың бұрмаланған нұсқасын
қалыптастыратындықтан, оларға тыйым салынғанын, сол
сияқты
қазіргі кезде де визуалды детерминизм (visual determinism) деп атауға
болатын мәселенің бар екенін алға тартады. Қоғамның фото- және
видеожурналистикаға деген реакциясынан қуатты немесе иконалық
жаңалық суреттері «саналы ойдың қатысуынсыз демократияның
эмоциялық ағынына тікелей бағытталатынын», тарихта болып жатқан
маңызды оқиғалар жаңалығындағы иконалық суреттердің элиталық
және танымал дискурсқа сәйкес журналистік көзқарас пен қоғамдық
пікір қалыптастыратынын айтады (Domke жб., 2002: 131-132 ; Morrow,
1993: 36). Уилльям Джон Томас Митчелл (2002: 166) көрсетілімді (vision)
«әлеуметтік конструкция» деп атайды, оны табиғи бір нәрсеге қарағанда,
«үйренетін және өсірілетін мәдени құбылыс» деп есептейді. Оның өнер,
технология немесе медиа тарихына байланысты әлі анықталмаған даму
үрдісі болуы мүмкін және ол адамзат қоғамымен, этика және саясатпен
де байланысты (Mitchell, 2002: 166). Каркамо Уллоа (Cárcamo Ulloa)
және әріптестері (2015) француз әлеуметтік теоретигі Роланд Бартестің
фотография әсері туралы жазған 1980
жылғы кітабы
31
мен тарих және өнер
профессоры Дэвид Фридбергтің суреттердің күнделікті таңдауымызға
әсері туралы жазған 1989 жылғы еңбегін
32
қорытындылай келе, Бартестің
риторикалық фигуралардың суреттерден де көрініп, сол арқылы мағына
қалыптастыратынын және Фридбергтің адамзат тарихындағы суреттердің
рөлін және олардың әлеуметтік-мәдени арандатушы қабілеттерін
сипаттауын атап өтеді (Cárcamo Ulloa жб., 2015: 7).
Визуал суреттердің жеке тұрғанда айқын мағынасы болмағандықтан,
визуал аргумент болуға алғышарттары жетіңкіремейтінін алға тартатын
зерттеушілер де бар. Бірақ бейнелердің жеке мағынасы болмаса, онда
сөздердің де жеке мағынасы жоқ. Себебі екеуі де оларды түсіну үшін
контекске тәуелді болады (Kenney, 2002: 58).
Жаңалықтар медиасы бейтарап болуға тырысқанмен, мәтіндік
тұрғыдан ғана емес, жаңалыққа фотосурет таңдау тұрғысынан да белгілі
бір жақтау (framing) ішінде жұмыс істейді. Фотожурналист суретті
қай ракурстан түсіретінін, жарықты
қалай қолданып, объектіні қалай
орналастыратынын ойласа, журналистер мен редакторлар жаңалыққа
қандай сурет таңдайтынын шешеді. Сол үшін фотосурет қолдану
31 La chambre claire. Note sur la photographie. (Camera lucida. On photography)
32 The power of images: studies in the history and theory of response
175
күнделікті жеке шешім мен таңдау жасауға негізделеді. Фотоға түсіру
– қоршаған ортамен белгілі бір қарым-қатынасқа түсу деген сөз. Әлем
масштабтарымен «ойнайтын» фотографияның өзі де үлкейтілуі немесе
кесілуі мүмкін. Оларды жақсартуға немесе ретушьтеуге, өңдеуге болады
(Сонтаг, 2016: 13-14). Ал Жан Бодрийяр 1999 жылғы «Фотосуреттер
немесе Жарықтың хаты» (La Photographie ou l’Ecriture de la Lumiere:
Litteralite de l’Image) атты еңбегінде қандай фототехника қолданса да,
әрдайым тұрақты болып қалатын өзгермейтін нәрсенің жарық екенін
айтады. Фотографияның жарығы суретке сай болып қалады. Ол «табиғи»
да, «шынайы» да, «жасанды» да емес. Жарық – бейнеленетін образдың
қиялы, өзіндік идеясы. Оның бір емес, екі қайнаркөзі – зат пен
көзқарас
бар (Debrix, 2000).
Коммуникация зерттеулері жаңалықтарға фотосурет іріктеу үрдісінің
дәстүрлі көзқарасын жаңалықтардың құндылық теориясы (news
value theory) арқылы қарастырады. Бұл теория журналистер жазатын
жаңалықтарды таңдау кезінде белгілі бір жаңалық факторларын
алға тартады. Патрик Рөсслер және әріптестері (Rössler жб, 2011)
осы зерттеулерді негіз етіп, журналистердің күнделікті таңдау жасау
үрдісін қарастырған алғашқы зерттеулер журналистердің шешім
қабылдауына ғана бағытталғанын айтады. Ал кейінгі зерттеулер жаңалық
құндылықтарының ақпарат тұтынушының қалай ақпарат қабылдайтынын
түсіндіруге тырысып, сол арқылы ақпарат фотосуретін таңдау кезінде де
негізгі объектілерді анықтау үрдісі мен факторларына талдау жасауға
тырысады (Rössler жб, 2011: 416).
Бұл зерттеу фотографияның аудиторияға тікелей ықпалын қарас-
тырмаса да, COVID-19 кезіндегі
Қазақстан жаңалықтарының
фотографияларында ең көп кездескен бейнелерді анықтауды мақсат
етеді. Зерттеуде қарастырылатын фотосуреттер сток фотография
саналатындықтан да, коммерциялық индустрияның бір бөлігі болып
саналады. Сток фотография – фото, видео немесе иллюстрация
форматында сурет түсіретін және оны сататын индустрия. Яғни сурет
түсірген кез келген адам немесе ұйым сол суреттерді арнайы лицензиямен
үшінші тұлғаларға сату арқылы тікелей оқиға барысында түсірілген
немесе иллюстратив суреттер өндіреді. Басылымдағы фотография
жөнінде түсіндірме, пікірлер өте көп. Алайда осы зерттеуде басылымдағы
фотография барлық фотосурет түрі ретінде қарастырылады. Яғни
фотожурналистика ақпараттандыратын және жедел, оқиға суреттерін
ғана қарастырса, баспасөз фотосуреттеріне
кез келген фотосурет,
иллюстрация, тіпті суретті оқиғалар, сондай-ақ сток фотографиялары
кіреді (Kędra, 2016: 2-3).
Достарыңызбен бөлісу: