Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕДИАДАҒЫ КОНСПИРОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет81/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕДИАДАҒЫ КОНСПИРОЛОГИЯ 
ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ
Есенгүл Кәпқызы
Кіріспе
Пандемия кезінде бүкіл әлемге таралған жалған ақпарат пен конспирология 
теориясының біршама стандарт қалыптастырғанын байқаймыз. Әлемдік 
медиада таралып жатқан фейктер мен конспирология теориясы біртекті 
және ұқсас. Әсіресе, коронавирустың шығу тегі мен таралу аймағына 
қатысты мифтердің ұқсастығы таңғалдырады.
Коронавируспен байланысты таралып жатқан қастандық 
(конспирология) теориясының екі түрі бар: біріншісі, бұл – әдейі ойлап 
табылған биологиялық қару. Тіпті АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі 
пандемия жарияланған алғашқы күндерде вирусты «демократтар ойлап 
тапқан «жаңа мистика» деген еді. Әрине, наурыздың ортасына қарай 
Трамп вирус жөніндегі көзқарасын өзгерте бастаса да, «вирус тудырар 
қауіп асыра бағалануда» деген пікірінен танбады. Тіпті коронавирустан 
қайтыс болғандар саны күн сайын артып отырса да, консерватив медианың 
өзі пандемияның рас-өтірігіне күмәнмен қарады. Тіпті ауруханалардың 
COVID-19 вирусын жұқтырып алған пациенттерді емдеп жатқаны өтірік 
деген де ақпарат таратылды (Peter Baker & Annie Karni, 2020).
Коронавирусқа қатысты екінші ойлап табылған миф – вирусты 
Ресей, Қытай елдері немесе Джордж Сорос пен Билл Гейтс секілді 
филантроптар ойлап тапқан деген пайым. Олардың мақсаты – вакцина 
арқылы бүкіл әлемді бақылауда ұстау немесе басқару. Сондай-ақ вирусты 
5G технологиясымен байланыстыру тұжырымы да кең таралды (Wasim 
Ahmed, және т.б. 2020.
Фейк ақпараттармен күресу мақсатымен ашылған EUvsDisinfo.eu 
платформасы 15 тілдегі ақпаратқа сараптама жасайды. Негізгі бағыты – 
Ресей кампаниялары тарататын фейктермен күресу. Аталған ресурстың 
мәліметіне сүйенсек, орыс тіліндегі коронавирус туралы алғашқы фейкті 
Sputnik News ақпарат агенттігі таратқан (Қара., фон Хайн & Позднякова, 
2020). 
Конспирология теориясының кең тараған анықтамасының бірі – бір 
топ адамның өзара құпия келісім жасап, қандай да бір арам пиғылмен 
жалған ақпараттар ойлап табуы (Bale, 2007).
Ең қиыны, конспирология теориясына жұрттың көпшілігі сенеді. 
Richard Hofstadterдің (1966) пікірінше, конспирология патологиялық 
сипатқа ие. Бұл жағдайдың әлеуметтік сипатқа ие болғаны сонша – қазіргі 
кезде әлеуметтанушылар да осы жайтқа жиі назар аударуда (Қара., van 
Prooijen, & van Vugt van Prooijen, 2018).


190
Бұл зерттеуімізде «Әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпараттарға 
тосқауыл болу үшін ресми ақпарат құралдары мен жекеменшік БАҚ-тар 
қандай әрекет істеді?», «Оқырмандарын конспирология теориясынан 
қорғау үшін қандай тәсілдер қолданды?», «Дәстүрлі және интернет БАҚ-
тары халық арасына кең таралған жалған ақпараттарға қарсы тұрарлықтай 
қандай материалдар жариялады әлде олар да әлеуметтік желіде таралып 
жатқан фейктерді жандандырып, үн қосты ма?» деген сұрақтарға жауап 
іздейміз.
Зерттеу мақсатына қол жеткізу үшін 5 ақпарат құралы таңдалып 
алынды. Олардың екеуі – телеарна, екеуі – газет және бір ақпараттық сайт. 
Бұл ақпарат құралдарын таңдаудағы критерийіміз – таралым деңгейі 
мен меншіктік нысаны. Біздің зерттеу нысанына алып отырған ақпарат 
құралдарының екеуін мемлекет қаржыландырады, үшеуі – жекеменшік. 
Олар: «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақстан ұлттық телеарнасы», 
«31 арна», «Malim.kz».
Мақсатымыз – іріктеп алған қазақстандық басылымдар мен 
телеарналардың және интернет-медианың жалған ақпаратпен қарым-
қатынасын сараптап, еліміздегі медиа сынының ілгерілеуіне үлес қосу. 
Осы себептермен және журналист әрі ғылыми сала өкілі ретінде бұл 
тақырыпты ғылыми-публицизм әдіс арқылы зерттеуді жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет