Ұлытау облысы білім басқармасының


Директордың м.а. Ы.Ермаганбетова



бет2/6
Дата07.09.2023
өлшемі84,57 Kb.
#106469
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Техникалық шығармашылық Ереже Хат

Директордың м.а. Ы.Ермаганбетова

?С.Кулмаганбетова


тел: 87079737997

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың
(әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу ережелері


1. Жалпы ережелер

1. Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу ережелері (бұдан әрі – Жарыс) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.


2. Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
3. Жарыстың міндеттері:
әр түрлі өңірлердің білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;
балаларды инновациялық ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту;
инновациялық технологиялар саласында жаңа құзыреттілікті қалыптастыру;
техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында оқитын дарынды, талантты білім алушыларды анықтау;
топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
іс-шаралар арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.
4. Жарысты Ұлытау облысының әдістемелік орталығы офлайн форматында өткізеді.
5. Жарысты ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.


2. Жарысты өткізу мерзімі және тәртібі

6. Жарыс 2023 жылғы 11-12 мамырда өткізіледі.


7. Аудан (қала) білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы іліспе хат 2023 жылғы 5 мамырға дейін symbat.01.01.77@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.


8. Ілеспе хатқа қоса мыналар тіркеледі:


1) Жарысқа қатысуы туралы өтінімі (Т.А.Ж., туған жылы, оқу орны, сыныбы, мекен-жайы, телефоны, номинациясы);
2) қатысушылардың, алып жүруші жетекшінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
3) мектепішілік, аудан/қалалық кезеңдерге қатысушылар туралы мәлімет



Аудан /қала

Мектепішілік кезеңге қатысқан оқушылар саны

Аудан/қалалық кезеңге қатысқан оқушылар саны

Жезқазған







Сәтбаев







Қаражал







Ұлытау







Жаңаарқа







БИЛ







Абай мектебі











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет