Салыну тарихы 1227-122ұ жж.
Жошы хан мазары туралы ең алғашқы жазба естеліктер Хафиз Тыныштың 1589 ж.
«Шараф-намеий шахи» деген еңбегінде берілген. Ғимараттың бұрыштары мен кіре беріс
ойығы азғана бұзылған. Сыртқы күмбезі де бұзылуға ұшыраған. 1946ж. Архитектор Г. Г.
Герасимовтың басқаруымен ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бір камералы,
төртбұрышты, портальді-күмбезді мавзолей. Екі қабатты күмбезден тұрада. Сыртқы
күмбезі 17 бүйірлі жұлдызшалы барабан үстіне орналасқан. Бұл екеуіде көгілдір
плитамен өрілген. Ішкі жартылай сфералық күмбез түрінде салынған. Қабырғалары тегіс,
едені төртбұрышты кірпіштен салынған. Мавзолейдің ішінде төртбұрышты кірпіш тәрізді
плита сақталған. Онда арап әріптерімен «Жошы» деп жазылған. Тас салмағы 20-30 кг.
Алаша хан мазары
Жошы хан мазары
Кірпіштің көлемі 30х30х6 см.;30х15х15 см.;25х25х5 см. Мазаркөлемі 9,5х7,0 м. Ішкі көлемі
5,25х5,25 м. Биіктігі 8 м.
1391 жылы Әмір-Темір (Ақсақ-Темір) Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа 200 мың
әскерімен шығып, Ұлытауға келіп ат басын тіреген. Ақсақ-Темір биік шоқы басына
шығып, кең жазира далаға қарап тұрып: «Мынау бір құтты жер екен, бұл жерге қандай
белгі қалдырсам екен», - дейді.
Әрі-бері ойланып тұрып, керуенмен алып келе жатқан Меторид тасын алдырып, 200 мың
әскерге бір-бір тастан тастатып биік тау тұрғызып, басына тас қорытатын пеш салдырып,
жанындағы өзеннен тал қидырып, көмір жасап меторид тасын балқытып, мынадай
мағынада жазып қалдырады: «Мен Тұранның бегі Темір-бек хиржаның 769 қой жылы
Ара айының 21 күні Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шығып, ұрпаққа белгі
қалдырдым. Алла ісімізге жар болсын!»
Бұл тасты 1935 жылы Қаныш Сәтпаев тауып Эрмитажға жіберген. Қазір сол Эрмитажда
тұр. Плита бұрын үлкен шұңқыр үстінде орналасқан. Осы жерде қыш күйдіретін пеш
болған. Шұңқырдың диаметрі 22 м.,биіктігі 3 м.
(19 ғ.)
Дүзен Сандыбай батырдың үлкен ұлы. Ауылда болыс болған. Әкесі Дүзенге баласы там
салдырған, мазары қызыл кірпіштен Алаша хан мазары үлгісінде салдырған.
Реставрациялық жөндеуден өтпеген, тіреулермен тірелген қалпында сақталған.
(7-9 ғғ.)
Ұлытау ауданы.
Жезқазған
қаласынан солтүстік-шығыста 50 км. жерде орналасқан. Ел
аузындағы аңыздарға қарағанда Дешті Қыпшақ батыры делінеді. Салыну тарихы
белгісіз.
Домбауыл кесенесі туралы ең алғаш түсініктеме
Шоқан Уәлихановтың
«Қырғыз-қайсақ
тайпалары туралы» деген еңбегінде берілген. Ғимараттың бұрыштары және кіре беріс
қақпасы бұзылған.1974 жылы рестоврациялық жұмыстары жүргізіліп, бұзылған жерлері
жөнделген. Кесене қызыл-қоңыр текше тастардан қаланған. Құрылыс тасы Кеңгір
Алтыншоқы
Дүзен мазары
Домбауыл кесенесі
өзенінің бойынан алынған. Конус тәрізді, кіре берісі шығысқа бағытталған, сыртқы түрі
киіз үйге ұқсайды. Ол ұқсастық төбесінен түндік сияқты асты төртбұрышты, үсті
дөңгелектене күмбезге айналған. Қабырғаларының қалыңдығы 2,5 м., биіктігі 6 м.
Сыртқы көлемі 8,5х7,5 м. Солтүстік және оңтүстік жағында терезе ойықтары бар.
Қызғылт-қоңыр граниттен салынған. Тастар бие сүтімен араластырылған саз-балшықпен
біріктірілген.
Ерден Сандыбайұлы 1808 жылы қазіргі Ұлытау ауданы, Қаракеңгір өзені бойында
дүниеге келген. Қазір осы өзеннің жағасында Ерден күмбезі тұр.
Ерденнің атасы Төлек батыр, әкесі Сандыбай батыр. Ерден өзі батыр, ақылды, ел қамын
ойлаған ұлағатты жан екен. Ол 35 жасында аға сұлтан болыпты. 1843 жылы болыстықты,
ел басқаруды қолына алған. Қаракеңгірге келіп қоныс тіккен. Ұлытау маңындағы арғын
аталарын Арғанатына көшіріп, орналастырған. 1862 жылы Атбасар ауданына аға
сұлтандыққа сайланған. 55 жасында қайтыс болған. Ерден кесенесі 1999 жылы
қыркүйек айында Ұлытау ауданының және Жезқазған, Сәтпаев қалаларының халқының
күшімен қалпына келтірілді.
1917 ж.
Сарыкеңгір ауылынан 109 км солтүстікте орналасқан. Салыну тарихы белгісіз.
1989 жылы "Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын
жүргізді. Рестоврациялық жұмыстар жүргізілген жоқ. қабырғалары шикі кірпіштен
өрілген. Цоколі бар, көлемі 7,9х7,9 м болатын мазар. Күмбезге дейінгі биіктігі 6,2 м.
Аумағы 309 м. куб.
19 ғ.
Ұлытау ауданы. Сарыкеңгір ауылынан солтүстік-шығыста 26 км жерде орналасқан.
Салыну тарихы белгісіз.
1989 ж.
"Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын
жүргізді. рестоврациялық жұмыстар жүргізілген жоқ. Ылғал мен жел әсерінен сыртқы
беті, қабырға, күмбезі бұзылуға ұшыраған. Кесене екі мазар мен жартылай бұзылған бір
Батыр Сандыбайұлы Ерден мазары
Әбдікәрім мазары
Теңбай кесенесі
сағанатамнан тұрады. Сағанатам табиғи текше тастардан салынған. Бірінші мазар
портальді-күмбезді, күйдірілген кірпіштен салынған, төрт бұрышты. Екінші мазар шикі
кірпіштен қаланған. Территория аумағы 0,1 га.
19 ғ.
Қарағанды облысы. Ұлытау ауданы. Сарыкеңгір ауылы.
1989 жылы "Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын
жүргізді. Рестоврациялық жұмыстар жүргізілген жоқ. Порталы, күмбезі толық бұзылған.
Бір камералы, күмбезді ғимарат. басты фасады күйдірілген және шикі кірпіштен
салынған. Қабырғалары 3 қабатты. Фундамент жоқ. Көлемі 6,5Х6,7м. Биіктігі 4м. Аумағы
174 м. куб Кіре беріс қақпасы оңтүстікке бағытталған.
(19 ғ.)
Ұлытау ауданы. Жезқазған қаласынан солтүстік-батыс бағытта 62 км. жерде орналасқан.
Салыну тарихы белгісіз.
1989 ж. "Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын
жүргізді.
1988 ж. рестоврациялық жұмыстар жүргізілді.
Жақсылық мазары - бір камералы, тік бұрышты, күмбезді болып келген. Мазардың
қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты күйдірілген кірпіштен өрілген, ішкі
қабаты шикі кірпіштен қаланып, фундаменті текше тастардан қаланған. Басқы беті
порталь тәрізді салынып, оңтүстік-батысқа бағытталған. Кіре берісі баған тәрізді
салынған. Мазардың көлемі 7,0х7,5 м. Биіктігі 6,0 м. Аумағы 315 м. куб.
(19 ғ.)
Ұлытау ауданы. Жезқазған қаласынан 47 км. солтүстік-шығыста орналасқан. Салыну
тарихы белгісіз.
Малшыбай кесенесі
Жақсылық кесенесі
Шотқара мазары
1977 ж. Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы зерттеу жұмыстарын
жүргізген. Күмбездің жоғары бөлігі қираған. Рестоврациялық жұмыстар жүргізілмеген.
Бұл портальді - күмбезді ғимарат. Бүйір және артқы фасадтары әшекейлі кірпіштен
қаланған. Басты фасад П. - тәрізді белдеулікпен өрнектелген. Күмбезі барабансыз
салынған. Кіре беріс ойығы мен арқасы жартылай шеңберлі. Ғимарат шикі кірпіштен
салынып, күйдірілген кірпішпен өрілген. Кірпіштердің көлемі 25х12х5см., 25х25х6 см.
Ғимараттың ішкі көлемі 3,91х3,94м. Сыртқы көлемі 5,60х6,25м. Биіктігі 4,67.
(19 ғ.)
Малшыбай ауылынан 37 км. солтүстікте қарай орналасқан. 1982 ж. Жезқазған тарихи-
өлке тану музей қызметкерлер зерттеген.
Мазар біраз бұзылуға ұшыраған. Кесененің ең сақталған ғимараттары Елубай мазары
мен Шикі мазар. Бұлардан басқа бұзылған тас сағанатамдар, мола үйінділер, шикі мазар
қалдықтары бар. Кесене биік жерде орналасқан. Аумағы 1450 квадрат метр.
(19 ғ.)
Ұлытау ауданы. Сарыкеңгір ауылынан 12 км. солтүстік-шығыста орналасқан. Салыну
тарихы белгісіз.
1989 жылы "Казпроектрестоврация" институтының архитекторлары өлшеу жұмыстарын
жүргізді. Рестоврациялық жұмыстар жүргізілмеген. Атмосфералық ылғал мен жел
эрозиясының әсерінен күмбезі мен қабырғасының бұрыштары бұзылған. Шикі кірпіштен
салынған, күмбезді, төртбұрышты мазар. Фундаменті жоқ. Кіре бері қақпасы бел
ағаштарынан салынған. Фасадтары "тоқылған ши" әдісімен айшықталған. Көлемі 7,8х8,0
м. Биіктігі 3,5 м. Қабырға қалыңдығы 1,02м. Аумағы 218 м. куб.
(1895 ж.)
Сарыкеңгір өзенінің сол жағалауында 14 км. жерде орналасқан. 1975 жылы Қазақ ССР
Мәдениет Министрлігінің экспедициясы зерттеген. Портальді-күмбезді ғимарат. Барлық
фасадтары қос-қостан сүйір қуыстармен өрнектелген. Мазарды екі жолақтан тұратын
Елубай кесенесі
Асанай-Борсанай кесенесі
Бекқожа мазары
фризбойы орап тұр. Фриздің доғары жолағындағы өрнек табиғи өсімдік бояумен
сыртынан күйдірілген. Мазар шикі кірпіштен салынған. Осы жолақта "1895жыл" деп
қашап жазылған да сыртынан күйдірілген. Мазар шикі кірпіштен салынып, күйдірілген
кірпішпен өрілген. 6,1х6,34м. 5,0х5,0 биіктігі 5,74.
Достарыңызбен бөлісу: |