Литература: Куприянов А. И. и др. Основы защиты информации. Гриф умо мо,- академия, 2011



Pdf көрінісі
Дата26.01.2017
өлшемі220,6 Kb.
#2751

38 

 

манипуляции  со  стеком,  трассировка  по  INT  1  и  INT  3,  а  также  работа  в  режиме  с 



запрещенными прерываниями в данном случае не помогут). 

Создание  копий  программных  средств  для  изучения  или  несанкционированного 

использования 

является 

одним 

из 


наиболее 

широко 


распространенных 

правонарушений  в  сфере  компьютерной  информации,  что  предопределяет 

необходимость  защиты  программного  обеспечения.В  общем  программного 

обеспечения  понимается  комплекс  мер,  случае  под  защитой  направленных  на  защиту 

программного  обеспечения  от  несанкционированного  приобретения,  использования, 

распространения,  модифицирования,  изучения  и  воссоздания  аналогов.  Так  что  -  в 

области защиты программного обеспечения наблюдается обычная борьба щита и меча, 

брони и снаряда; средств защиты и средств ее взлома… 

 

 

 



Литература: 

1.  Куприянов А.И. и др. Основы защиты информации. Гриф УМО МО,- Академия, 2011. 

2.  Запечников  С.В.  Информационная  безопасность  открытых  систем.  Средства  защиты  в  сетях. 

Том 2. Гриф МО РФ, Горячая линия-Телеком, 2012.  

3.  Под  ред.  С.А.  Клейменова  Информационная  безопасность  и  защита  информации.  Учебное 

пособие для студентов ВУЗов, - Академия, 2009. 

4.  Запечников С.В. Информационная безопасность открытых систем. Том 1. Угрозы, уязвимости, 

атаки и подходы к защите, Гриф МО РФ, Горячая линия-Телеком, 2006. 

 

 

 



ƏӨЖ. 685.09 

 

КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ 

 

Баратова А., Анарова Г.С. 

(М.Х.Дулати атындағы Тараз МУ) 

 

 



 

Суретшілер  өзінің  шығармашылық  процесінде  əлем  заттарын  бейнелегенде 

олардың  нақты  көркемдік  түрінде  ұсынылады.  Шығармашылық  процесс  əрқашанда 

адамның  көзқарасымен  ойларымен,  фантазиясымен  байланысты.  Суретші  силуэтті 

бейнелегенде  ең  бірінші  оның  көрінісінің,  форманың  қасиеттерін  талдау  арқылы 

өткізіліп,  бейне  түрінде  параққа  түсіріледі.  Сонда  силуэттің  жалпы  көрінісі  пайда 

болады. Силуэт  композициясын əшекейлегенде айналадағы əлемге қарағанда ою-өрнек 

сипаттамаларын  байқауға  болады.  Мысалы,  гүлдер,  жапырақтар,  аспандағы  бұлттар, 

балық,  жылан  терісі,  көбелектердің  қанаты  барлығы  да  ою-өрнек  элементтері  белгілі 

болып табылады. 

«Костюм  композициясы»  пəнінен  курстық  жұмыс  студенттің  өз  еркімен 

жасалатын  ең  бірінші  жұмысы.  Курстық  жұмыстың  мақсаты  дəріс  сабақтары  мен 

тəжірибелік сабақтан терең оқыған білімін одан əрі жетілдіру. Дизайнер-суретші адам 

тұлғасын  суреттеуді  меңгеруі,  өзінің  көркемдік  ойларын  қағазға  түсіру,  көркемдік 

жобалауды  жақсы  білу,  композицияны  дамыту  керек.  Курстық  жұмыс  тəжірибе  алу, 

болашақтағы киімді көркемдік модельдеу жəне оны толықтыру мақсатымен өткізіледі. 

Модельді  жасау  өте  қиын  жəне  үлкен  білімді  қажет  етеді.  Дизайнер  –  суретші 

жазықтықта  бейнені  суреттеуді  меңгеруі,  өзінің  көркемдік  ойларын  матада  жəне 

киімнің жобасын матаға түсіре білуі қажет. 


39 

 

Дизайнер  көркемдік  жобалауды  жақсы  меңгеру,  костюмді  моделдеу,  костюмді 



сəндеу,  талдау,  моделдерді  ұсыну,  объективті  сапасын  бағалау,  эстетикалық  жағынан 

сауатты анықтау жəне композицияны дамыту қажет. 

Ұсынылып отырған жұмысты орындағанда біріншіден жеке силуэттің, ою-өрнек 

композициясын  құрастыру,  оның  түстік  шешімін  табу,  əртүрлі  техниканы  қолдану 

əрбір білімгердің ой-өрісін кеңейтіп, еңбекқорлыққа үйретеді. Осы жұмысты орындай 

отырып  білімгер  силуэт  түрлерін,  формаларын,  əртүрлі  киімдердің  киетін  орнын, 

ыңғайлы,  қонымды  болуын,  əрбір  жеке  бөлшектерінің  орналасуы  белдеулерін  дұрыс 

таба білу, т.б. мəліметтерді өз біліміне қосып алады.  



Композиция.  Композициялық    жұмыстарды    жасауда    заттың    өзіне    қарап  

мүмкіндігінше    көп    жұмыс    жасау    керек.  Өздеріңді    қоршаған    ортадағы    ашытқы, 

əсерлі    сəттерді    айқындай    білу,    көріп    есте    сақтау    қабылетін,    қиялдану    мен  

аңғарымпаздықты  да  дамыту  қажет. Көркем  шығарма  бөліктерінің  орналасуы  жəне  

олардың  бірлігі  - Композиция  деп  аталады. 

Графикалық    сурет    пен    кескіндемілік  сурет  салуда  сызықтық,    пішінді  құруда 

құрымдымық,  тепе-теңдік  (пропорция),  көлем,  жарық    пен    көлеңке,    көңіл    күй    мен  

жай-жапсарды  беру  жүйеленеді,  əсіресе  композициялық   қарекеттер  жайлы  ерекше  

айтуға  болады. 

Суретші    сурет    салу    барысында    композиция    көмегі    арқылы    өзінің    ойлары  

мен  сезімін  білдіріп,  оларды  толғандырып , өмір  шындығын  мен  қиялын   көрсете  

алады. 


Кез  келген  суретті  салу  композициядан  басталады.  Композициялық    əдістердің  

бірі  салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу арқылы  іске асырылады. 

Композиция  суретшінің  ойына  байланысты  заттың  қозғалыстағы    немесе  бір 

қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуде жол ашады. 

Композиция  -  салынатын  суреттегі  барлық  бөліктерді  бір-бірімен    өзара 

байланыстырып,  орынды  құрастыру.  Сурет  мазмұнын  ашу,    пішінді  нақты  табу, 

шығарма  көлемін  табу,  т.б.  дұрыс  беру    композициялық  құрылым  элементеріне 

байланысты.  Кең  жазық  далада,  теңіз    жағасында    тұрғанда,    біз  көкжиек    сызығын 

көреміз. 

Сурет  салғанда,  көкжиек  сызығын  əр    түрлі,  кез  келген  биіктікте    белгілеуге 

болады.  Бұл  бейнеленетін    заттар  мен  нəрселердің  суретін    салып  отырған  адамның 

көзінен  жоғары  немесе  төменде  тұруының    композицияға    енген  бөліктеріне 

байланыстылығында. 

Композициялық  жұмыстарды  жасауда  заттың  өзіне  қарап  мүмкіндігінше    көп 

жұмыс жасау қажет. Қоршаған ортадағы айшықты, əсерлі сəттерді айқындай білу, көріп 

есте сақтау қабілетін, қиялдану  мен  аңғарымпаздықты  дамытуға  тырысу  қажет.   

 Сурет салуға кіріскенде  альбом  парағын  қалай  орналастырған  дұрыс екенін, 

суреттің  үлкендігі  қандай  болу  керектігін,    композицияның    жалпы    тепе-тендігін 

сақтау   үшін  қағаз   бетінде  оны  қай  жаққа  жəне   қаншалқты  жылжытқан  дұрыс 

екендігін  ойлап  алған  жөн.  Қағаз  бетіне    түскен    заттар    ауада    асылып,  ілініп  

тұрғандай  болмай, оларды əлдененің  үстіне қою, яғни олар  тұрған  негіздің  қандай  

да    бір    бөлігін    жəне    олардың    айналасындағы    кеңістікті    көрсету    керек.  Қағаз  

бетінде  заттың  өзінің  сыртқы  тұрпаты  белгіленіп  болған   соң  жарықтың, жартылай 

реңктің, көлеңкенің  үлкен  жазықтығын  оңай  белгілеп  көрсете  отырып,  жарық  пен  

көленкені   жүргізеді.  

Бөлме  ішінің  көрінісін  салуда  ең  алдымен  көкжиек  сызығын  анықтауымыз  

қажет.  Мұны  анықтау  өте  оңай.  Ол    үшін    көз    деңгейінде    сызғыш    немнес    кітапты  

жаттық  түрде  ұстап    тұрып,    салынатын    затқа    қарау    керек.  Сол    кезде    көкжиек  

айқындалып,  натураны қай бйіктікте қиятыны белгілі  болады. Егер  көкжиек сызығы 

салынған  суретте    өте    биік  орналаса,  көрермен    салынған    суретті    биіктен    қарап  



40 

 

тұрғандай    болады.  Ал  көкжиек  сызығы  төменнен  белгілінген  болса,  алыстаған 



фигуралар  алдаңғы  пландағы  ірі  денелермен,    заттармен    кезектесіп    түскендей  

көрінеді. 

Композициялық  шешімде  симетрия  жəне  асимметрия  үлкен  рөл  атқарады.  

Суреттің  композициясында  оның  түстік,  реңдік  қатынастары  өте  маңызды [1]. 

Тұтас    көру    дегеніміз  -  бейнелейтін    дененің    оның    қандай    да    толық    көз  

алдында  келтіру. 

Композиция  -  (лат.  Composito  -  құрастыру,    шығарма)  -  көркем    шығарманың  

құрылысы.  Композиция  шығарманың  идеясын  жəне  сюжеттік  тақырыптық  негізін 

нақтыландыру  барысында  заттар  мен  фигураларды  кеңістікте  орналастыру  тəртібін, 

шығарма  көлемін  тиянақтау  əрі  жарық  пен  көлеңке  ұнасымын  қадағалау  арқылы 

көрінеді. Композиция тетіктері «орнықты», «айнымалы», «ашық» жəне «жабық»болып 

бөлінеді.  Композицияның  орнықты  жəне  жабық  тектері  Қайта  өркендеу  дəуіріндегі 

басымырақ  қолданылады,  ал  айнымалы  жəне  ашық  тектері  борокко  стилінен  айқын 

көрініс тапты.  



Костюм композициясында негізгі заңдылықтар болып төмендегідей жіктеледі. 

   І  Композицияның  компоненттерімен  композиция  құралады,  киімнің 

мақсатына бағыныштылығы. 

1.  Композиция орталығының барлығы. 

2.  Композиция элементтері мен адам тұлғасының үйлесімділігі. 

3.  Композицияның тұтастығы. 

            І.  Композиция  жиынтығы  костюмның  арналу  мақсатына  бағышты  болуы 

тиіс. Осы заңдылықты көрсететіннің 3 ережесі бар. 

1.  Киімнің арнайы мақсаты мен пішінінің тұтастығы. 

2.  Киім матасының арнайы мақсаты мен киім пішінінің сəйкестігі.  

3.  Киім маталары мен əшекейінің арнайы мақсаты мен киімнің сəнділігі. 

            ІІ.  Композициялық  орталықты  құрайтын  барлық  компоненттер  костюм 

композициясын шешу 2 түрге бөлінеді. 

1.   Негізгіге  киімдер  түрлерінің  құрылуы  көлемдік  пішінінің  құрауы 

жатады. Ол: лиф, белдемше, жең, шалбар жəне т.б. 

2.  Əшекейлік 

құрастыру 

компоненттері. 

Олар: 

аксессуарлар, 



композициялық орталық. 

            ІІІ.    Композиция  элементтері  менпішінінің  адам  тұлғасының  төмендегі 

көрсетілген заңдылықтар бойынша шешіледі [2].                                    

1.  Киім көлемімен (жең, етек бөлігі, кеуде бөлігі.) 

2.  Материалдардың  оң  беделімен  түсінің  сəйкестілігі  арқылы  (блузка  мен 

юбка, əшекейленген жаға мен киімнің белдігі.) 

3.  Киім  бөлшектерінің  келісімділігі  (қалта,  жаға,  фурнитура,  тігіс,  жəне 

т.б.) 


            ІV.  Композицияның  тұтастығы.  Егер  композициялық  құрастыруда 

жоғарыда көрсетілген ережелердің бəрі сақталса композиция тұтас болуы тиіс. 



 

Киім  жəне  костюм композициясы. 

Киім  –  ұғымы  адамдардың  уақытқа  жəне  қоғамдық  жағдайға  сəйкес  сұлулық 

туралы  белгілі  бір  ұғымын  бейнелейтін  модамен  тығыз  байланысты  болады.  Адамзат 

қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді яғни мода да үнемі жаңарып отырады. 

Киімді  əркім  өз  бетінше  таңдайды,  таңдау  барысында  адам  жеке  талғамы  мен  мода 

ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де - өнер.  

Киім  таңдаудағы  жақсы  талғамды  білдіретін  кең  тараған  анықтамалардың  бірі  - 

əдемілік, сəнділік. Сəнділік ұғымы ең алдымен киім ансамбльдерін түсі мен модасына 

қарай дұрыс құрай білуге, яғни киім мен аяқкиімнің, бас киімнің, сумканың, қолғаптың 



41 

 

бір-біріне үйлесіп тұруына тікелей байланысты костюмның сəнділігі түрлі əсемдеудің, 



детальдардың,  əсемдік  бұйымдар  мен  сипатын  терең  ойластыруға  шектеп  шықпай 

қолдануға да байланысты.  

Сəнділік  ұғымына  киімнің  əсемдігі  ғана  емес,  сонымен  бірге  нақты  жағдайға 

байланысты  киіне  білу,  адамның  шұғылданатын  ісіне,  жас  шамасына  сəйкестігі  де 

ескерілуі  жатады.киімге  деген  талғампаздық  адамдардың  өзіне  сын  көзбен  қарай 

алатындығының белгісі болып табылады. Киімді таңдағанда жас ерекшелігін де ескеру 

керек.  Талғампаздық  пен  киімді  орынды  кие  білуді  адам  бойына  кішкентай  кезінен 

дамыту керек [3]. 

Киім  - адам  денесін  табиғаттың   қауып-қатерінен  сақтайтын  жабдық, жабын. 

Алғашқы ежелгі адамдар киімдерін əртүрлі аңдар терісінен өңдеп өзіне киім ете білген. 

Аңды біріншіден тамақ етіп, оны тігіп киім етіп отырған. Аңдардың жүнін иіріп, оны 

тоқып  киім  еткен.  Мақтадан,  кенептен  адамдар  киім  тіккен.    Адамдар  алғашқы  кезде 

киімді  сүйек  инемен  тіге  бастаған,  соңынан  қол  тігін  машинасымен  тігетін  болды. 

Техникалық  процестің  дамуы  нəтижесінде  электро  қуатымен  тігетін  түрлі  машиналар 

пайда болды, фабрика, заводтар ашыла бастады.  

Əрине,  киімнің  түрі  көп:  əр  ұлттың  өзіне  тəн  киімдері  сəнді,  əдемі  болуы  үшін 

оған ою-өрнектер салып кестелеп отырған. Мысалы, Қазақтың ұлттық киімі – көненің 

көзі.  Оны  ескерткіш  ретінде  болашақ  ұрпаққа  сақтап  жеткізу  қажеттілігін    ескерсек, 

оған  барынша  қамқорлық  жасап,  қалпына  келтіру.  Қазақта  салтанатты  киім  мен 

күнделікті  киім-кешектің  пішінінде  көп  айырмашылықтар  бола  бермейді.  Салтанатты 

киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі, оюлы, кестелі болып келеді. Салтанатты 

киім-кешек  алтын-күміс  жаратқан  қаралы,  қиыршықты,  ширатпалы  қапсырмамен, 

белдікпен,  алқа,  шолпы,  сақинамен  толықтырылған.  Күнделікті  киімге  шекпен 

тоқымасы, кенеп, шыт, сəтен, тері секілді материалдардан жаратылса, салтанатты киім-

кешек  барқыт,  масаты,  мəуіті,  шұға,  жібек,  қырмызы,  бəтес,  мақпал  кездемелері, 

кəмшат, сусыр, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі пайдаланылған.                                            

Сырт  киімдердің  алды  ашық  болуы,  үкі  тағылып  əшекейленген,  желбіректі  əйел 

көйлегі  қазақ  киімін  одан  да  əсем  көрсетіп,  оған  ерекше  əр  береді.  Киім  үлгілерін 

жобалауда  оның  көркемдік  шешімдерін  табу  мəселелерімен  –  костюм  композициясы 

пəні  айналысады.  Композиция  латынның  «ойлап  шығару»  немесе  «құрастыру»  деген 

сөзінен шыққан. 

Дəлірек  айтар  болсақ,  композиция  –  суретшінің  бейнелегелі  отырған 

натюрмортын немесе картинасын дұрыс, əсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді 

белгілі  бір  ретпен  ыңғайластырып  орналастыруы  болып  табылады.  Композиция  – 

шығарма-құрастыру-қосылу  деген  сөз.  Композиция  көркем  өнер  шығармасының 

құрлысы  туралы  теория.  Суретте  салынаттын  затты  орналастыру  орнын  белгілеу 

немесе  басқаша  айтқанда  көру  нүктесін  таңдау,  қағазға  суретті  дұрыс  орналастыру 

композицияның бастапқы негіздері [4]. 

Əдетте,  əсіресе  үлкен  живописьтік  шығармаларда,  суреттерде  оқығаның  өзегі 

немесе  басты  кейіпкерлері  орналасатын  белгілі  бір  орталығы  болады.  Оны  

композициялық   орта лық  деп атайды. Композициялық орталық суретшінің шешіміне 

қарай  картинаның  кез  келген  жерінде  болуы  мүмкін.  Кейбір  суретшілердің 

туындысының композициялық орталығы тура ортасында орналасса, ал кейбіреуінде ол 

оң жағында немесе сол жағында орналасады. 

Дизайн композициясы  2 түрге бөлінеді: 

1.  Жазықтық композиция 

2.  Көлемдік композиция 

Жазықтық композиция  –  екі  өлшемнен  тұрады.  Оларға  кілем,  орамал,  дастархан 

т.б. жатады. 


42 

 

Көлемдік,  кеңістіктік  композиция  -үш  өлшемнен  тұрады.  Оған:  сəулет,  мүсін, 



кілем т.б. жатады. 

Костюм  композициясы  дегеніміз  –  бейнелеу  шығармаларының  бүтіндей 

шешімдерінің  элементтер  жинағы.  Костюм  композициясының  негізгі  тұтастығы 

киімнің  көлемінен,  сəйкестігінен,  тепе-теңдігінен  жəне  силуэтінен  құралады. 

Костюмның пішінінің айқын сəтті шешілуі костюмныңдұрыс құрылуына байланысты. 

Костюм  композициясының  дұрыс  құрылуына  байланысты  көлеміне,  пішініне, 

үйлесімділігінде  келісімділік  болмаса,  ойлаған  мақсаттардай  сұлу-əдемі  композиция 

болмайды. Үйлесім оның қарым-қатынасы адам тұлғасындағы киіммен бірге маңызды 

роль  атқарады  жəне  оның  пішінінің  сипатын  анықтайды.  Үйлесім  дегеніміз  –  тепе-

теңдіктің екі жақты қарым-қатынасы. 

Костюм  элементтері:  бас  киім,  аяқ  киім,  белдемше  (юбка),  шалбар,  шорты, 

костюм, кеудеше жəне т.б. Киімнің бөлшектері: жең, жаға, қалта, алдыңғы бой, артқы 

бой,  манжет,  погон,  шлица  жəне  т.б.  Костюм  аксессуарлары:  қосымша  əшекейлер  – 

сумка,  шатыр,  белдік,  макияж,  бюжетерия,  прическа,  жəне  т.б.  Костюмның 

компоненттері: пішін, түс, фактура. 

Композициялық байланыс. Киімнің əшекейлі туындысы ретінде көркемдік сапалы 

болу  үшін  оның  барлық  элементтерін  біртұтас  пішінге  келтіру.  Осындай  біріктіру 

пішіннің барлық элементтерінің шамаластық келісімділік жəне бағыныштылық негізін 

атқарады.  Композициялық шешімінің құралдары болып үйлесімділік, ырғақ симетрия, 

есептеледі.  Сəңгер  өз  ісін  жүзеге  асыру  үшін  бəрінен  бұрын  костюмның  барлық 

элементтерінің  қарым-қатынасын,  үйлесімділігін  айқындауға  тиіс.  Тұтасынан  алғанда 

костюмды  құрайтын  киімнің  əрбір  бөлігінің  пішіні  -  киім  бірнеше  бөліктерден 

құралады.      Киімнің пішінін сызық арқылы жеке бөлшектерге бөліп қарауға болады. 

Оны мүшелеу сызықтары деп атайды. 

Мүшелеу сызықтары 3-ке бөлінеді: 

1.  Сызықтарды құрастыру. 

2.  Əшекей сəнді. 

3.  Құрастыру сəндік. 

Киім  пішінінің  көлденең,  қиғаш,  тігінен  мүшелеуге  болады.  мүшелеудің  2  түрі 

бар: 


1.  Толық мүшелеу сызықтары. 

2.  Үзілісті мүшелеу сызықтары. 

Толық мүшелеу сызықтарында киім пішіні екі бөлікке бөлінеді. 

Үзілісті  мүшелеу  сызықтарында  киім  пішіні  иллюзиялық  көз-қарас  арқылы 

жүргізіледі. 

Пішінді  мүшелейтін  əртүрлі  бағыттағы  құрылыстық  сызықтарды  белгілей 

отырып, киім пішінінің көптеген түрін құрастыруға болады [5].                                    

Киім  классификациясы.  Қазіргі  уақыттағы  киімнің  түрлерін  төмендегідей 

жіктеуге болады. 

              Адамның жынысына, жасына қарай киетін киімдер 

1.  Ерлер киімдері. 

2.  Əйелдер киімдері. 

3.  Балалар киімдері. (Ұлбала, қызбала) деп бөледі. 

Балалар киімдері жасына қарай: 

1.  Бөбектер жасындағы балаларға (1-3 жас аралығы) 

2.  Балабақша жасындағы балаларға (3-7 жас аралығы) 

3.  Мектеп жасындағы балаларға  

4.  Жас-өспірімдерге (жоғарғы сынып оқушыларына) 

 


43 

 

Киімдердің арналған мақсаттарына қарай оларды былай бөлуге болады. 



1.  Тұрмыстық (күнделікті жұмысқа жəне үйге киетін киім). 

2.  Сəн-салтанатқа. 

3.  Спорттық, далада демалу, серуендеу 

4.  Өндірістік. 

5.  Кəсіптік. 

6.  Ойын-сауықтық. 

 Жоғарыда көрсетілген киімдер тобын жеке-жеке топқа бөлуге болады. 

1.  Тұрмыстфық  киім  –  күнделікті  жəне  сəнді  түрге  бөлінеді.  Олар 

пайдаланатын  мерзіміне  жəне  орнына  байланысты:  ертеңгілік, 

күндізгілік,  кешкілік,  үйге  арналған,  тысқа  арналған,  жəне  қоғамдық 

орындарға арналған болып топтастырады. 

2.  Спорттық  киімдер.  Спорттың  түріне  қарай  ерекшелінеді.  Мысалы, 

футбол,  хоккей,  баскетбол  жəне  т.б.  Яғни  белсенді  қимылға  арналған, 

ыңғайлы, қонымды болуы тиіс. 

3.   Өндірістік  киім  –ол  арнайы  кəсіппен  байланысты,  үстіндегі  киімдері 

арқылы оларды қай кəсіпорнында, қандай кəсіппен айналысатыны белгілі 

болады.Мысалы: токар, жол жөндеуші, темір жолшы, жəне т.б.  

4.  Кəсіптік  киім:  əскери,  ведомоствалық  жəне  униформаболып  бөлінеді. 

Əскери  киім  –  күнделікті  жəне  салтанатты  болып  бөлінеді. 

Ведомоствалық  киім:  сот,  доктор,  авиация,  милиция...  Униформа  – 

салдаттар, ПТУ, омоновцы, түрмедегілер. 

5.  Ойын-сауықтық – сақна, цирк, балмаскарад киімдері жатады.  

Киімді пайдаланатын мерзіміне қарай: 

- Қыстық. 

- Көктемдік. 

- Жаздық. 

- Күздік. 

Қолданылатын  орнына  қарай  киім  –  сырт  киім  жəне  іш  киім.  Тігілген 

материалына  қарай  киіммақта  мата,  кенеп,  жібек,  жүн  жəне  синтетикалық  болып 

бөлінеді. 

 

 

 

Əдебиет: 

1.  Бейнелеу өнері. Алматы «Атамұра», 2002. 

2.  Қазақ Совет Энциклопедиясы. 5 том. Алматы, 1974. 

3.  Шаңырақ Р.Н. Нұрғалиев жəне т.б. Алматы, 1990. 

4.  Қазақ Совет Энциклопедиясы.1 том. Алматы, 1972. 

5.  Кемпір қосақтың түсі қандай Е. Каменева  Орысшадан аударған Ə. Кекілбаев. Алматы «Өнер», 



1981. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет