Литературоведение



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата01.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Ілияс Жансүгіров. Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты. – Алматы: Үш қиян. 
2006. – Б. 17-23. 
2.
 
Ілияс Жансүгіров. Бесінші том. – Алматы: Жазушы, 1988.– 368 б. 
3.
 
Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994.– Б. 413-416.
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Адилбекова Л.М., 
к.ф.н., и.о. профессора 
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
ПУБЛИЦИСТИЧЕСКОЕ ДОСТОЯНИЕ ИЛИЯСА ЖАНСУГУРОВА 
Публицистика  является  инструментом  самовыражения  и  отражает  гражданскую 
позицию  человека.  Изучение  публицистики  Кулагера  казахской  поэзии  Илияса 
Жансугурова имеет особое значение для исследователей истории казахской литературы и 
публицистики. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
16 
Ключевые  слова:  публицистика,  Илияс  Жансугуров,  искусствоведение,  музыка, 
фельетон, литература, журналистика. 
 
 
 
SUMMARY 
 
Adilbekova L.M.,  
candidate of philological sciences, acting professor, 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
PUBLICISTIC HERITAGE OF ILIAS ZHANSUGUROV 
Journalism is a tool of expression and reflects the citizenship position of human. Studying 
journalism  of  Kulager  Kazakh  poetry  Ilias  Zhansugurov  has  a  particular  importance  for 
researchers of history of  Kazakh literature and journalism. 
Keywords:  publicism,  Ilias  Zhansugurov,  art  studies,  music,  satirical  article,  literature, 
journalism. 
 
 
 
ӘОЖ 81’25: 821.111(73)  
АМЕРИКАН ЖАЗУШЫСЫ Э.ХЕМИНГУЭЙДІҢ «ҚОШ БОЛ, МАЙДАН!» 
РОМАНЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АУДАРМАДАҒЫ СИПАТЫ 
 
И.М. Байзакова, 
оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті) 
Аңдатпа:  Берілген  мақалада  Э.Хемингуэйдің  «Қош  бол,  майдан!»  романындағы 
табиғат  көріністерінің  аудармадағы  сипаты  қарастырылады.  Түпнұсқа  мен  аударма 
нұсқаларды  салыстыра  отырып,  талдау  барысында  ағылшын  тілін  білетін 
Қ.Қараманұлының аударма барысында түпнұсқамен де жұмыс істегені,  бірақ аударғанда 
жазушы стиліне жат элементтерді енгізіп қойғандығы анықталды. Қазақ тіліне аударғанда 
сөйлемдерді  біріктіруден  гөрі,  бөлшектеудің  көп  қолданылғанын  байқадық.  Бұл  тәсілдің 
аудармада  қаншалықты  орын  алғанынан  хабардар  болу  үшін  қазақша  нұсқадағы  сөйлем 
санының  орысшадағыдан  632-ге  артық  болып  шыққандығын  атап  айту  қажет.  Кей 
жерлерде  тілдердегі  синтаксистік  мүмкіндіктерге  қарай  сөйлем  құрылымын  сақтай 
алмауы  түсінікті,  алайда  арасында  тұтастай  аударуға  қолайлы  жағдайды  пайдаланбай, 
қысқа сөйлемдердің орынсыз бөлшектенуі де жиі кездеседі. 
Түйін  сөздер:  аударма,  стиль,  түпнұсқа,  орысша  нұсқа,  қазақша  нұсқа,  табиғат 
көріністері, салыстыру.  
Бүгінгі  таңда  мемлекет  тарапынан  аудармаға  үлкен  мән  беріліп  отыр.  Мәдениетті 
өркендетуге  бағытталған  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  қабылданып,  соның  бір  саласы 
бойынша  әдебиетімізді  әлемге  таныстыру,  озық  ойлы  әлемнің  әдеби,  философиялық, 
ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару ісі жолға қойылып отыр. Осы бағдарлама аясында 
2004  жылы  Астанада  «Аударма»  баспасынан  әлем  әдебиетінің  алыптарының  бірі  – 
Э.Хемингуэйдің    «Қош  бол,  майдан!»,  «Шал  мен  теңіз»,  «Килиманджаро  –  қарлы  тау», 
«Қызығы  мол  сол  жылдар»  роман,  повестері  енген  жинағы  басылып  шықты,  өкінішке 
орай  оларға  бүгінгі  талаптарға  сай  түзетулер  енгізілмеген.  Басқа  теориялық  мәселелерді 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
17 
 
қозғамағанда, мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ тілі мемлекеттік дәрежеге ие 
болғаннан  бері  қарай  оған  дейін  қолданыста  жүрген  орысша  сөздердің  аударылуы 
қарқынды  түрде  жүріп  жатқандығы  белгілі,  ал  аталған  жинақта  бүгінгі  күні  тілімізге 
аударылып, сіңісіп кеткен сөздердің өзі сол күйінде, орыс тілінде қалып кеткен. 
Жазушының  «Қош  бол,  майдан!»  романының  аудармасын  талдауға  көшпес  бұрын 
туынды тақырыбының аудармасына тоқтала кеткіміз келеді. Шығарма тақырыбына оның 
бойында  қиюласып,  қабысып  жатқан  бір-бірінен  ажырағысыз  екі  тақырыптың  да 
сыйдырылып  тұрғандығы  жайлы  жазушының  шығармашылығын  зерттеуші  ғалым 
Финкельштейн  былай  дейді:  «Как  и  слово  «мир»,  стоящее  в  заглавии  эпопеи  Толстого, 
слово arms в названии романа Хемингуэя неоднозначно. Прочтенное заново, уже на фоне 
произведения,  его  заглавие  может  быть  достаточно  убедительно  истолкована  как 
прощание героя с оружием, с войной, но также и с обнимавшими его руками, с любимой, 
которую  отняла  у  него  смерть.  И  в  том  и  в  другом  случае  слово  arms  употребляется 
образно,  метонимически.  И  это  только  усиливает  и  раздвигает  скрытую  в  названии 
двузначность, поднимая ее на ту высоту той внутренней взаимосвязи и вместе с тем той 
антитезы  войны,  и  любви,  которые  раскрываются  в  тексте  хемингуэевского  романа»  [1; 
48].  
Мұнда дәл түпнұсқадағыдай беру үш тілдегі лексикалық ерекшеліктер мен олардың 
қолданысындағы айырмашылықтарға байланысты мүмкін болмаған деп айтуға болар еді, 
алайда романның басты кейіпкері үшін Кэтрин аз уақыт болса да соғыстың қара түнегінен 
басын  сауғалауға  сеп  болса,  өмірінің  мәніне  айналса,  оған  деген  махаббаты  қоршаған 
түсініксіз әлемге қарсы тұруына көмектескен «қаруы»  болды деуге болады. Сол себепті, 
керісінше, қазақ тіліне «Қош бол, қару!» деп аударғанда тақырыптың мазмұндық сипатын 
толықтай беруге мүмкіндік бар сияқты. 
Жалпы  қазақ  тіліне  аударылған  Хемингуэй  шығармаларының  атауларының 
аудармалары жөнінде Т.Жұртбаев орынды ой айтады. Ол Хемингуэйдің «Шетел прозасы» 
сериясымен  жарық  көрген  «Килиманджаро  –  қарлы  тау»  атты  жинағына  жазушының 
творчестволық  өмірін,  суреткерлік  сырын  қамтитын  туындыларының  іріктеліп 
алынғанына ризашылығын білдіре келе, екі үлкен кемшілікке тоқталады: «Біріншіден, осы 
жинаққа  енген  барлық  шығармалардың  аты  түпнұсқамен  сай  келмейді.  Аудармашы 
«Снега Килиманджароның – «Килиманджаро – қарлы тау», «Праздник, который всегда с 
тобойды» – «Қызығы мол сол жылдар» деп атаған. Алғашқы шығармада автор тауды емес
сонау  Африканың  аптабындағы  шыңның  басындағы  қарды  экзотика  ретінде,  қасиетті 
бейне  ретінде  суреттейді.  Өмірі  қар  қылауламайтын  өлкедегі  шыңның  қарын  тұспалдап, 
адам  жанындағы  сондай  құпия  құбылысты  нұсқайды.  Демек,  «Килиманджаро  –  қарлы 
тау»  емес,  «Килиманджаро  қары»  Хемингуэйдің  түпкі  нысанасын,  ой  астарын  нақты 
жеткізеді.  Сұлу  тіркес  іздеп,  мағынадан  алшақтаудың  қажеті  жоқ.  «Праздник,  который 
всегда с тобой» – поэтикалық атау. Аудармашы шығарма атын тым қарабайырландырып 
жіберген» [2, 83]. Яғни, айтылған ойлардан келіп, шығарма атауларын аударуда оның ішкі 
мазмұнмен, идеямен байланысын қатаң есте ұстау қажеттілігі айқындала түседі.  
Енді  түпнұсқа  мен  Е.Калашникова,  Қ.Қараманұлының  аудармаларынан  алынған 
мысалдар  негізінде  шығармадағы  табиғат  көріністерінің  аудармадағы  сипатын  анықтап 
көреміз.  
«The forest of oak trees on the mountain beyond the town was gone. The forest had been 
green in  the summer when we had come into the town but  now there were the stumps and the 
broken trunks and the ground torn up, and one day at the end of the fall when I was out where 
the oak forest had been I saw a cloud coming over the mountain.  It came very fast and the sun 
went a dull yellow and then everything was gray and the sky was covered and the cloud came on 
down the mountain   and suddenly we were in  it and it was snow. The snow slanted across the 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
18 
wind, the bare ground was covered, the stumps of trees projected, there were snow on the guns 
and there were paths in the snow going back to the latrines behind trenches» [3, 10р.]. 
Келтірілген  мысалда  «was»,  яғни  «болды»  етістігі  11  рет  қайталанған. 
Калашникованың орнында өзге аудармашы болғанда, дәлдікті беру мақсатымен барлығын 
«был, был, был» деп аударған болар еді. Ал нақтысында қалай шыққанын көрелік:  
«Дубовый  лес  на  горе  за  городом  погиб.  Этот  лес  был  зеленый  летом,  когда  мы 
пришли в город, но теперь от него остались только пни и расщепленные стволы, и земля 
была вся разворочена, и однажды, под конец осени, с того места, где прежде был дубовый 
лес,  я  увидел  облако,  которое  надвигалось  из-за  горы.  Оно  двигалось  очень  быстро,  и 
солнце  стало  тускло-желтое,  и  потом  все  сделалось  серым,  и  небо  заволокло,  и  облако 
спустилось на гору, и вдруг накрыло нас, и это был снег. Снег падал косо по ветру, голая 
земля скрылась под ним, так что только пни деревьев торчали, снег лежал на орудиях, и в 
снегу были протоптаны дорожки к отхожим местам за траншеями» [4, 11 с.]. 
Мұнда 5 рет қана қайталанғанына қарап, аудармашының әріпшілдіктен бойын алыс 
ұстауға тырысқанын көреміз.  
Қазақшасында:  «Қала іргесіндегі  таудағы  емен тоғайдың тамтығы қалмады. Жазда, 
қалаға  кірген  кезімізде,  бұл  орман  жап-жасыл  боп  жайқалып  тұр  еді.  Қазір  бұдан  құр 
томарлар мен дал-дұлы шыққан діңдер ғана қалды, жері де ойран-ботқа болды. Сосын бір 
күні, күздің аяқ шеніне таман, бұрын емен тоғай тұрған тұстан мен таудың арғы бетінен 
ағындап келе жатқан ақ бұлтты көрдім. Ол жылдам жылжып келе жатты. Күн көзі сарғыш 
тартты,  төңірек  күңгірттеніп  сала  берді,  аспан  тұтас  тұмшаланып  қалды,  бұлт  тау 
бөктерлерімен төмен түсіп, байқаусызда төбемізден бір-ақ кеп шықты,  бұл – қар болатын. 
Қар жел екпінімен қиғаштай құйылды. Қара жердің жүзі қар астына жасырынды, тек ағаш 
түбірлері  ғана  томпайып  шығып  тұрды.  Зеңбіректердің  үстінде  де  қар  жатты, 
траншеялардың  сыртындағы  отырып  қайтатын  жерлерге  қарай  қар  үстімен  жалғыз  аяқ 
жолдар тапталынды» [5, 3б.].  
Күшейтпелі  шырай  роман  стиліне  жат.  Оны  аңғармағандықтан  жасыл  орман  жап-
жасыл боп жайқалып, ал түсі көрсетілмеген бұлт ақ түске еніп кеткен. Керісінше  «голая 
земля»  тіркесін  «қара  жер»  деп  аударғаны  қазақ  тілінде  «жалаңаш  жер»  деген  тіркес 
қолданыста болмағандықтан ешқандай талас тудырмайды. Алтыншы сөйлем бұлттың өзі 
байқаусызда  қалай  келіп  қалғанын  білмей  қалған  сияқты  әсер  қалдырады.  «Отырып 
қайтатын  жердің»  не  екендігі  де  орысша,  ағылшынша  нұсқамен  салыстырып  қарамаған 
адамға бірден түсінікті бола қоймайды.  
Келесі  мысал:  «Beyond the mule train  the road was empty and we climbed through the 
hills and then went down over shoulder of a long hill into a river-valley. There were trees along 
both sides of the road and through the right line of trees I saw the river, the water clear, fast and 
shallow. The river was low and there were stretches of sand and pebbles with a narrow channel 
of water and sometimes the water spread like a sheen over the pebbly bed. Close to the bank I 
saw  deep  pools,  the  water  blue  like  the  sky.  I  saw  arched  stone  bridges  over  the  river  where 
tracks  turned  off  from  the  road  and  we  passed  stone  farmhouses  with  pear  trees  candelabraed 
against their south walls and low stone walls in the fields» [3, 53-54р]. 
Орысшасы:  «После  каравана  мулов  нам  уже  больше  ничего  не  попадалось 
навстречу,  и  мы  взбирались  с  холма  на  холм  и  потом  длинным  отлогим  склоном 
спустились  в  речную  долину.  Здесь  дорога  была  обсажена  деревьями,  и  за  правой 
шпалерой деревьев я  увидел реку, неглубокую, прозрачную и быструю. Река обмелела и 
текла узкими протоками среди полос песка и гальки, а иногда, как сияние, разливалась по 
устланному галькой дну. У самого берега я видел глубокие ямы, вода в них была голубая, 
как  небо.  Я  видел  каменные  мостики,  дугой  перекинутые  через  реку,  к  которым  вели 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
19 
 
тропинки,  ответвлявшиеся  от  дороги,  и  каменные  крестьянские  дома  с  канделябрами 
грушевых деревьев вдоль южной стены, и низкие каменные ограды в полях» [4, 43с.]. 
Қазақшасы: «Қашырлар керуенінен кейін бізге енді қайтып ештеңе қарсы ұшырасқан 
жоқ. Бір төбеден екінші төбеге өрмелей отырып, ақыры көлбеу баураймен өзен аңғарына 
келіп жеттік. Бұл арадағы жолдың екі жағына ағаш отырғызылған екен, оң қанаттағы ағаш 
қатарларының ар жағынан суы мөлдір де жүйрік, тайыздау өзенді көрдім. Өзен саязданып 
қалыпты.  Тілкем-тілкем  қиыршық  құмның  және  малта  тастардың  арасымен  жіңішке 
салаларға бөлініп ағып жатыр. Түбін ұсақ тастар көмкерген кей тұстарында кең жайылып, 
жарқырап көрінеді. Жағаның нақ жиегінен терең шұңқырларды көзім шалды, бұндағы су 
аспанның  өзіндей көкпеңбек  еді.  Мен  өзен  үстіндегі  доға  тәрізді  тас  көпірлерді,  бұларға 
барып жалғасып жатқан үлкен жолдан тармақталған соқпақтарды, оңтүстік қабырғалары 
жағында алмұрт ағаштары шырақтай шаншылған шаруалардың тас үйлерін, егістіктердегі 
аласа тас қоршауларды да көріп келе жаттым» [5, 45 б.]. 
Ағылшыншадан  қазақ  тіліне  тікелей  сөзбе-сөз  аударсақ,  «beyond  the  mule  train  the 
road  was  empty»  «после  каравана  мулов  на  дороге  было  пусто»  болар  еді.  Алайда 
орысшаға  «после  каравана  мулов  нам  уже  больше  ничего  не попадалось  навстречу»  деп 
аудару  арқылы  бір  жағдаятты  сөйлемнің  лексикалық  құрылымын  өзгерте  отырып, 
мазмұнды  толық  сақтап,  анағұрлым  табиғилық  беріп  отыр,  Хемингуэй  орысша  жазған 
болса, осылай жазар еді деп ойлаймыз. «There were trees along both sides of the road» деген 
бірінші  сөйлемнің  бөлігі  орысшада  «Здесь  дорога  была  обсажена  деревьями»  деп 
аударылған.  Сөзбе-сөз  алсақ:  «жолдың  екі  жағында  жағалай  ағаштар  болды».  Орысшаға 
екі жағында деп аудармағанмен артынша «за правой шпалерой я увидел реку» деп, оның 
орнын  толтырады.  Керісінше,  бұл  жерде  қазақшаға  аударғанда  түпнұсқаның  дәл 
берілгендігін  көреміз.  Сонымен  қатар  орыс  тіліне  аударғанда  аудармашы  сөздердің 
орналасу тәртібіне де жабысып қалмайды. Ағылшынша «the water clear, fast and shallow», 
яғни судың мөлдірлігі бірінші, жылдам ағып жатқандығы екінші, таяз болғандығы үшінші 
айтылып  тұрса,  орысшада  көріп  отырғанымыздай  орындарын  ауыстырып  берген. 
Қазақшада түпнұсқадағыдан, яғни ағылшыншасындағыдан өзгертілмеген. Дәл осы жерде 
Қараманұлының шығарманың түпнұсқасына да үңіліп отырғандығын көреміз.  
Кейде  табиғат  көріністерінің  үш  нұсқада  да  барынша  жақын  шыққан  кездері  де 
кездеседі. Мысалы: 
«By the middle of January I had a beard and the winter had settled into bright cold days 
and hard cold nights. We could walk on the roads again. The snow was packed hard and smooth 
by the hay-sleds and wood-sledges and the logs that were hauled down the mountain. The snow 
lay over all the country, down almost to Montreux. The mountains on the other side of the lake 
were all white and the plain of the Rhone valley was covered» [3, 348р.]. 
Орысша  нұсқада:  «К  середине  января  я  уже  отрастил  бороду,  и  установились 
наконец по-зимнему холодные, яркие дни и холодные, суровые ночи. Снова можно было 
ходить по дорогам. Снег стал твердый и гладкий, укатанный полозьями саней и бревнами, 
которые волокли с горы вниз. Снег лежал повсюду кругом, почти до самого Монтре. Горы 
по ту сторону озера были совсем белые, и долина Роны скрылась под снегом» [4, 248 с.]. 
Қазақша нұсқада:  «Январдың ортасына таман сақалым да өсті. Нағыз қысқа лайық 
суық та ашық күндер мен суық та үскірік түндер кезектесе бастады. Қайтадан жолдармен 
жүретін  болдық.  Шана  табандарымен  және  таудан  сүйреп  түсірілген  бөренелермен 
тапталған  қар  тастай  боп  қатып,  теп-тегіс  боп  жатқан.  Монтренің  өзіне  дейінгі  маңның 
бәрін  қар  жапқан  еді.  Көлдің  ар  жақ  бетіндегі  таулар  аққаладай  аппақ  боп  тұрған.  Ал, 
Рона алқабы қар астында көміліп қалған-ды» [5, 280 б.].  
Тек мұнда да аудармашы жазушының теңеуді аз қолданатынын ескермеген сияқты, 
нәтижесінде  «аққаладай  аппақ»  деген  теңеу  еніп  кеткен.  Басы  артық  сын  есімдердің 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
20 
болмауы  –  жазушы  стилінің  тағы  бір  ерекшелігі.  Автор  үшін  ең  бастысы  зат  есім.  Сын 
есім  беруге  тиіс  ақпар  мен  қасиеттер  имплицитті  түрде  зат  есімнің  бойында  бар  деп 
есептеген жазушы оларды оқырманға өз тәжірибесіне қарай толықтырып алуға мүмкіндік 
қалдырады.  
Түпнұсқа  мен  аударма  нұсқаларды  салыстыра  отырып  талдау  барысында  ағылшын 
тілін білетін Қ.Қараманұлының аударма барысында түпнұсқамен де жұмыс істегені, бірақ 
аударғанда  жазушы  стиліне  жат  элементтерді  енгізіп  қойғандығы  анықталды.  Сонымен 
қатар  синтаксисті  жазушының  өзінікіндей  етіп  сақтауды  И.Кашкин,  Ә.Сатыбалдиев, 
И.Левый,  А.В.Федоров  сынды  ғалымдар  жазушы  стилін,  түпнұсқаның  тілдік 
ерекшеліктерін берудегі  ең басты шарттардың бірі  деп атайды. Ал жоғарыда келтірілген 
мысалдарды  оқи  отырып,  қазақ  тіліне  аударғанда  сөйлемдерді  біріктіруден  гөрі, 
бөлшектеудің  көп  қолданылғанын  байқадық.  Бұл  тәсілдің  аудармада  қаншалықты  орын 
алғанынан хабардар болу үшін қазақша нұсқадағы сөйлем санының орысшадағыдан 632-
ге  артық  болып  шыққандығын  атап  айту  қажет.  Кей  жерлерде  тілдердегі  синтаксистік 
мүмкіндіктерге  қарай  сөйлем  құрылымын  сақтай  алмауы  түсінікті,  алайда  арасында 
тұтастай  аударуға  қолайлы  жағдайды  пайдаланбай,  қысқа  сөйлемдердің  орынсыз 
бөлшектенуі де жиі кездеседі.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Финкельштейн И. Хемингуэй – романист. Годы 20-е и 30-е. Горький, 1974. 
2.
 
Жұртбаев  Т.  Көркем  аударма:  табыс  пен  талпыныс  //  Аударма  тәжірибесі: 
Хрестоматия /Құраст: Г.Қ.Қазыбек. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – Б. 74 – 92. 
3.
 
Hemingway E. A Farewell to Arms. – СПб.: КОРОНА принт, Каро, 2007. – 416 с.   
4.
 
Хемингуэй Э. Прощай, оружие! Рассказы: пер. с англ.  – М.: Правда, 1982.  – 352 с. 
5.
 
Хемингуэй Э. Қош бол, майдан! Роман. / Орыс тілінен аударған Қ.Қараманұлы/.  – 
А.: Жалын, 1979. – 312 б.  
РЕЗЮМЕ 
Байзакова И.М., преподаватель 
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
ПЕРЕВОДЧЕСКОЕ ОПИСАНИЕ ПЕЙЗАЖА В РОМАНЕ АМЕРИКАНСКОГО 
ПИСАТЕЛЯ  Э. ХЕМИНГУЕЯ «ПРОЩАЙ, ОРУЖИЕ!» 
В  данной  статье  рассматривается  перевод  пейзажа  романа  американского  писателя 
«Прощай, оружие!».  
Ключевые  слова:  перевод,  стиль,  оригинал,  русский  вариант,  казахский  вариант, 
природные явления, сравнение. 
 
SUMMARY 
Baizakova I.M., 
teacher 
(city Almaty, Kazakh state women’s teacher training university

TRANSLATION DESCRIPTON OF LANDSCAPE IN THE NOVEL OF AMERICAN 
WRITER E.HEMINGWAY «FAREWELL TO ARMS» 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
21 
 
This  article  is  about  the translation  of  the  landscape  of  the  novel  by  American  writer  «A 
Farewell to Arms». 
Keywords:  translation,  style,  original,  Russian  version,  Kazakh  version,  the  landscape, 
comparison.  
 
 
 
ӘОЖ 37: 18 
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ 
ТӘРБИЕГЕ ҚАТЫСТЫ ОЙЛАР 
У.Р. Кансеитова, п.ғ.к.  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті)  
 
Аңдатпа:  Эстетикалық  тәрбиенің  басты  құралдарының  бірі  көркемөнер 
туындылары болса, ол адамдарды жақсыға еліктетіп, кез келген істің, құбылыстың жақсы 
жағын көре білуге, оны байытып, дамытуға жұмылдырылған. Олай болса, Абай Құнанбаев 
шығармаларындағы  эстетикалық  тәрбиелік  ойлар  туралы  сөз  қозғамас  бұрын,  оның 
көркемдік  талғам  парасатының  қалыптасуына  ықпал  еткен  факторлар  туралы  айтқан 
орынды.  
Ақын  медреседе  оқып  жүрген  кезінде,  көбінесе,  шығыс  ақындарының 
шығармаларын  көп  оқығаны  туралы  оның  өмірбаянын  зерттеушілер  М.Әуезов, 
С.Мұқанов, Р.Сыздықова, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов т.б. жеткілікті айтқан. 
Бұны  олар  Абайдың  алғашқы  ақындық  жолына  түсуінің  еліктеуден  басталғанын,  ізденіс 
кезеңі ретінде қарастырады. Зерттеуші ғалымдар жалпы ақынның қалыптасуына үш бұлақ 
–  Шығыс  поэзиясы  мен  қазақ  ауыз  әдебиеті,  орыс  әдебиеті  және  Еуропалық  әдебиеттің 
ықпалы  болғанын  айтып  келеді.  Кейін  келе  ақын  поэзияны  еркін  меңгерген  кезде  өз 
жолын  анық  бейнелейтін  шығармалар  жазады,  қазақ  әдеби  тілінің  бай  қорын  емін-еркін 
пайдалануын  оның  тіл  тазалығынан  көруге  болады.  Осы  орайда  біздің  мақсатымыз  – 
ғұлама  ақын,  философ  Абай  Құнанбаев  шығармаларындағы  эстетикалық  ой-пікірлерін 
студент жастарға эстетикалық тәрбие беру мақсатында тиімді пайдалану. 
Түйін  сөздер:  табиғат  көркемдігі,  сөз  өнері,  эстетика,  шығармалар,  ой  жүргізу, 
дағдылану, ұтымды пайдалану. 
Еліміздің  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына,  әсіресе,  халықаралық  деңгейге 
көтерілуі  осы  заманғы  жас  ұрпақтың  бет-бейнесі  және  олардың  тәрбиелік  деңгейіне  де 
тікелей  байланысты.  Олай  болса,  бүгінгі  жоғары  оқу  орындарындағы  студент  жастар 
бойынан жаһандану заманына лайық, әлемдік мәдениет пен өзге тілдерді меңгеру және тіл 
арқылы өз мәдениетінің жетістігін дамыту мүмкіндіктерін қарастыруды қажет етеді. 
Бұны  қайтадан  жандандырудың  көп  жолдарының  бірі  –  халқымыздың  көркемдік 
тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен 
қазіргі  заманғы    эстетикалық  тәрбие  беруді  шешуде  іргетасы  болатын  ұрымтал  ойларды 
бүгінгі  күн талаптарына сай пайдалану. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында Абай 
шығармаларын  оқыту  мен  оларды  тәрбие  үдерісінде  пайдалану  жұмыстары  жанданып 
келеді. 
Ақын  шығармалары  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беруді  қарастырғанда  алдымен 
шығармаларын философияның эстетикалық талабы тұрғысынан қарастыру, содан соң ғана 
солар арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне назар аудару керек деген ойдамыз. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
22 
Ақын  медреседе  оқып  жүрген  кезінде,  көбінесе,  шығыс  ақындарының 
шығармаларын    көп  оқығаны  туралы  оның  өмірбаянын  зерттеушілер  М.Әуезов, 
С.Мұқанов,  Р.Сыздықова,  Қ.Жұмалиев,  Х.Сүйіншәлиев,  З.Қабдолов  т.б.  жеткілікті 
айтқан.   
Бұны  олар  Абайдың  алғашқы  ақындық  жолына  түсуінің  еліктеуден  басталғанын, 
ізденіс  кезеңі  ретінде  қарастырады.  Кейін  келе  ақын  орыс  әдебиеті  және  сол  арқылы 
Еуропа  әдебиетімен  де  таныса  бастайды.  Зерттеуші  ғалымдар  жалпы  ақынның 
қалыптасуына үш бұлақ – Шығыс поэзиясы мен қазақ ауыз әдебиеті, орыс әдебиеті және 
Еуропалық  әдебиеттің  ықпалы  болғанын  айтып  келеді.  Сонымен,  кейін  келе  ақын 
поэзияны  еркін  меңгерген  кезде  өз  жолын  анық  бейнелейтін  шығармалар
 
жазып,  қазақ 
әдеби тілінің бай қорын емін-еркін пайдаланғанын  және тіл тазалығын көруге болады. 
Ақын  қаламының  қуаты  артып,  өмір  тәжірибесі  толысқан  сайын  қыз  сұлулығына 
талғамы  да  басқаша  деңгейге  көтеріле  түседі,  ол  «Қақтаған  ақ  күмістей  кең  маңдайлы» 
өлеңінде сұлуды – кең маңдай, аласы аз қара көзі, қасы туған айдың бір жаңасындай,  қыр 
мұрын,  ақша  жүз,  алқызыл  бет,  тісі  қолмен  тізгендей,  мойыны  жұп-жұмыр,  жауырыны 
тегіс, иығы тік, нәзік бел, бойы ұзын да емес, қысқа да емес, толқынды қара шаш – сыртқы 
келбетін айта келе, енді оның ішкі жан дүниесіне үңіледі – сөзі әдепті, мағыналы, саусағы 
іске  ыңғайлы,  –  деп  үйлесімділік  табады.  Соңында  «көз  таңдайды»  деген  жалғыз  сөз, 
ақынның талғамынан хабардар етеді.  
Қыздар  арасында  кездесетін  кейбір  нашар  қылықтарды  «бұртақтаған,  орынсыз  
жыртақтаған»  деп  келтірсе,  осы  «Қандай  қызда  ләззат  бар  жан  татпаған»  өлеңінде 
жігіттерді  де  сынай  кетеді  «арсыз,  ұятсынбайды,  тыртақтаған,  ой  таппаған,  кұр  бекерге 
бұлғақтаған» десе, бұған «сыр сақтаған» жігітті қарсы қояды. Ақын мұраты әйтеуір еңбек 
еткен жігіт.  
Табиғат көркемдігі – кез келген адамның жанына қуаныш ұялатып, сезімін оятатын 
ұрымтал дүние.  
Ғабит  Мүсірепов  «Үлкен  сарынның  ақыны»  деген  еңбегінде  Абайдың  орыс 
классиктері  –  А.С.Пушкин,  М.Ю.Лермонтов, Толстой,  Салтыков-Шедрин,  Некрасов  т.б.-
лардан  үлгі-өнеге  алғанын  айта  келіп,  әсіресе,  табиғат  көркемдігі  мен  адамның  сезіміне 
қатысты  тұстарына  тоқталады.  Жазушы  «Абайда  еліктеу  жоқ,  үндестік  барын  даусыз 
дәлелдейтін көп өлеңдер бар» екенін баса көрсетеді.    
Атап  айтсақ,  табиғат  көркемдігіне
 
байланысты  Абайдың  «Жазы»  мен  «Қысы» 
Пушкин,  Некрасовта  кездесетін  «Жаз»  бен  «Қыстарға»  үндес.  «Бірақ,  ол  үндестік  сезіну 
жағынан реалистік ақындардың өз ойын өзінше дәл суреттей алу жағынан суреттеу»  дей 
келе,  «оны орыс әдебиетіндегі,  я басқа бір  әдебиеттегі  қалпында емес, қазақ әдебиетінің 
рухына төл тумадай қабыса кететін етіп кіргізді» деп жоғары бағалайды. Алайда, қазіргі 
кезде  адамдардағы  сезім  тапшылығы  олардың  ішкі  жан  дүние  әлемін  кедейлендіріп, 
мұқалтып отырған секілді. Табиғат көркемдігін жырламаған ақын, сипаттамаған жазушы 
жоқ.  Олар  табиғаттың сөз  түріндегі  бейнесі  арқылы  адамның  сезімін  қозғауды  көздеген. 
Адамға ең жақын табиғат көркемдігі.  
Табиғат – бұл қоршаған әлемнің әр алуан туындысы. Әркімнің туған жері – тау, тас, 
құм, шөл, мұз бен қар болуына қарамастан өзіне көркем және туған анасы секілді тартып 
тұрады.  Табиғат  өнерде  сөз,  әуен,  бояу  арқылы  бейнеленеді.  Ақын,  жазушылар 
табиғаттың  ашық,  айқын  тұстарымен  бірге  әдеттегі  адамдар  көре  алмайтын,  көрсе  де 
көркемдеп айта алмайтын құбылыстарын сөзбен суреттеп бейнелейді. Сондай суреткерлік 
Абай  өлеңдерінде  ерекше  байқалады,  мысалы,  ол  «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға» 
өлеңінде  аңшылықтың  ерекшеліктерін  тұрмыс  салтымен  ұштастыра  келіп  ұтымды  және 
көркем  сөздермен  ұйқастыра  келтірген.  Солардың  ішінде  осы  өлеңге  түр  беріп  тұрған 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
23 
 
және  оның  көркемдігін  өңіне  келтіріп  тұрған  сөздер,  «ғанибет,  ықшам,  қайтқан  ізі,  із 
шалғанда,  қағушы  ойда,  томаға,  самғағанда,  тісін  қайрап»  т.б.  Осы  өлеңнің  бүкіл 
эстетикалық маңызын көз алдыңа алып келетін көріністер жаңа жауған аппақ қар: 
Қансонарда бүркітші шығады аңға... 
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, 
Сағадан сымпың қағып із шалғанда... 
Түлкі  мен  бүркіттің  арпалысуының  аппақ  қар  үстіндегі  бейнесін  және  шомылып 
жатқан сұлу қызбен салыстырған тұсы: 
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл, 
Ұқсайды  қаса  сұлу  шомылғанға...,  –  деп  келтіргені  қай  жастағы  адамға 
болса да түсінікті, десек те қазіргі кездегі  қалада туып-өскен, қыстың даладағы  сипатын 
көзімен  көрмеген,  ал  аңшылықтың  жайын  тек  мылтық  асынып  барып,  бір-екі  ит-құсты 
аяусыз өлтіру немесе атып келу деп таяз түсінетін мектеп оқушылары мен студенттеріне 
эстетикалық  тәрбие  ұйымдастыруда  осының  мәнін  көркемдік  заңдылығымен  түсіндіру 
қажеттігі  туындап  отыр.  Бұл  өз  кезегінде  оқушылардың  экологиялық  көзқарасын 
қалыптастыруға да септігін тигізер еді. 
Абайдың  табиғат  лирикасын  сөз  еткенде    әдебиет  теориясындағы  бейнелеу    әдісін 
ескере  отырып,  оны  орыс  әдебиетінде  осы  қыс  бейнесінің  берілуімен  салыстырмалауға 
болады.  Мысалы,  Некрасов  қысты  «мороз  –  красный  нос»  деп  бейнелесе,  Абай  қазақ 
халқының  түсінігіне  жақын  «кәрі  құда»  бейнесінде  береді.  Ол  Абайдың  орыс 
әдебиетіндегі  әдістерді  үйреніп,  өзінше,  қазақ  ауылы  ұғымына  жақын  меңгеруі  деуге 
болады.  
Бұл  жөнінде  Қ.Жұмалиев  Абай  поэзиясының  тіліне  байланысты  еңбегінде  талдап 
келтірген.  Осыған  орай  Абайдың  психологиялық  паралеллизм  әдісі  жөнінде  де  осыны 
айтуға  болады.  Мысалы,  қыс  бейнесін  А.С.Пушкиннің  «Қысқы  кеш»  өлеңімен  де 
салыстыруға болады. Осындай салыстыруды ақынның  «Желсіз түнде жарық  ай» өлеңіне 
байланысты  айтуға  болады.  Бұл  еңбек  педагогика,  оның  ішінде,  эстетикалық  тәрбиеге 
байланысты  болған  соң  әдеби  талдауларға  тереңдей  бермедік.  Өйткені,  олар  туралы 
жеткілікті жазылған. Бұдан басқа ақынның «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір 
екі  ай»,  «Қыс»,  «Желсіз  түнде  жарық  ай»,  «Қарашада  өмір  тұр»  т.б.  табиғат 
құбылыстарына  арналған  өлеңдерін  де  эстетикалық  тәрбие  мақсатында  қолдануға 
болатындығы айтылып келеді.  
Бұл  ретте  ақын  шығармасы  арқылы  эстетикалық  тәрбиеге  байланысты  сөз 
қозғағанда  көпшілік  авторлар,  мектеп  мұғалімдері  т.б.  зерттеушілер  осы  табиғат  туралы 
жазған  өлеңдерін  ғана  ескереді.  Бұдан  «Ақынның  басқа  шығармалары  арқылы 
эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға болмай ма?» деген заңды сұрақ туындайды.  
Осы орайда Абай шығармаларынан студенттерге эстетикалық тәрбие беруде ақынның 
барлық  шығармалары  негізінде  жүзеге  асырудың  жолдарын  қарастыруға  болады. 
Сондықтан  табиғат  туралы  өлеңдерін  эстетикалық  тәрбиенің  бір  қыры  деп  қана  айтуға 
болады.  
Сонымен, табиғат туралы ақынның басқа өлеңдерін талдағанда олардың тек табиғат 
көркемдігі  емес,  сонымен  бірге  адамның  көңіл  күйі  мен  әлеуметтік  ахуалын  да  өлең 
сөзбен  сипаттау  ақын  шығармашылығының  ерекшеліктерінің  бірі  деуге  болады.  Оның 
эстетикалық мәні де осында, мысалы, қыс мезгілінің өзіндік табиғи көркемдігі  – ақ киім, 
ақ  сақал,  ақ  қырау,  сықырлап,  үскірік,  аяз,    қар  жауып,  долданғанда,  үй  шайқалды  деп 
келтірілсе,  сол  кездегі  адамдардың  жай-күйін,  олардың  әлеуметтік  ахуалын  табиғаттың 
осы  мезгілінің  қаталдығымен  байланыстырған  –  домбығып,  үсік  шалды,  шыдамай  теріс 
айналды деп, ал сол кездегі малдың жайын жылқы арқылы: 
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы, 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
24 
Титығы құруына аз-ақ қалды, – деп осы кездегі табиғаттың бөлінбес белгісі қасқыр 
туралы  айтып келеді  де малшыларға  –  қор қылма, күзетіңдер, қайрат  қыл,  – деп ескерте 
отырып  «Құр  жібер  мына  антұрған кәрі  шалды»  деп  ой  қорытады. Осы  өлеңдегі  сезімге 
әсер  ететін  тұстарын  табиғатпен  байланыстырсақ,  ол  әрі  көркем,  әрі  қатал,  сондықтан 
мұнда эстетиканың екі санаты – көркемдік пен
 
ұсқынсыздық тоғыса келіп, өмірдің қарама-
қайшылықтарын  көрсететін,  біріне  екіншісі  қарсы  келуіне  қарамастан  бір  бүтін  табиғат 
құбылысының адам өміріндегі мәнін көрсетіп отыр.  
Табиғат  көркемдігі  мен  ондағы  құбылыстар  адамның  эстетикалық  сезімі  мен 
байқағыштығын  дамытып,  көңілде  ой  жүргізіп,  қиялдануына  азық  болатыны  белгілі. 
Табиғат  құбылыстарын  бақылап,  одан  сабақ  алу  өнер  туындыларын  танып-білу,  бағалау 
және қабылдап түсінуге негіз болады. Табиғат құбылыстарын бақылап өскен адам әдебиет 
туындылары,  соның ішінде поэзия және басқа да көркем өнер туындыларын қабылдауға 
бейімді  де  бейілді  болып  өсетіні  туралы  педагог  ғалымдар  айтып  келеді.  Табиғат 
көркемдігінен адамдар шығармашылыққа шабыт алады, ойлау іс-әрекетіне қор жинайды.       
Табиғат  –  сұлулықтың  қайнар  бұлағы  болғандықтан  эстетикалық  тәрбиедегі  оның 
орнын басқа ешқандай жасанды туындылармен теңестіру мүмкін емес. Табиғатты бақылау 
арқылы  қиялдануға  жол  ашылады,  сөйтіп  эстетикалық  сезімнің  дамуына  ықпал  етеді. 
Абай  Құнанбаев  осындай  табиғаттың  көркем  туындысын  бақылап,  одан  ләззат  алып, 
тояттап  өскен.  Сондықтан  ол  оны  сөз  түрінде  суреттегенде  сан  алуан  теңеулер  мен 
салыстырмалар, гипербола, парабола секілді тәсілдерді әдебиет теориясын білмей тұрып-
ақ,  туа  біткен  дарыны  мен  данагөйлігі  нәтижесінде  сипаттай  алған.  Мысалы,  «Қызарып, 
сұрланып»  өлеңінде  адамның  «елбіреп,  қалтыраған»  жас  та  нәзік  сезімі  мен  табиғат 
көрінісінің сәйкестігін: 
Жанында жапырақ, 
Үстінде жұлдыз да. 
Елбіреп, қалтырап, 
Жігіт пен ол қыз да, – деп суреттеген.  
Жалпы  ақынның  табиғат  көркемдігін  толайым  сезініп,  көңіл  толқуларын  сөзбен 
жеткізудегі  шеберлігін  оның  «Желсіз  түнде  жарық  ай»  өлеңінен  көруге  болады.  Осы 
құбылысты көрмеген адам оны дәл ақын Абайдай жеткізе алмас еді. Оның сезімге әсерінің 
қуаттылығын  өлеңдегі  «сәулесі  суда  дірілдеп...,  тасыған  өзен  күрілдеп...,  жапырағы 
сыбырласып...,  құлпырған  жасыл  жер  жүзі»  деген  сөздерден  көреміз.  Мұнда  да  ол 
табиғаттағы  көріністерді  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  пен  жүріс-тұрысымен 
астарластырып, қабыстыра келтірген, мысалы: 
Таймаңдамай тамылжып, 
Бір суынып, бір ысып. 
Дем ала алмай дамыл қып, 
Елең қағып, бос шошып.  
Соңғы тармақтан, әрине, ақын қыз туралы айтып тұрғаны, «сөз айта алмай бөгеліп» 
ақынның өзі не болмаса сол сынды жігіт туралы деп ұғынуға болады. 
Адамның  әлеуметтік-психологиялық  ахуалын  табиғатпен  қатарластыра  суреттеу 
ақын шығармашылығының басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады, мысалы, «Тоты құс 
түсті  көбелек»  өлеңінде  ол  сондай  сан  алуан  бояулармен  құлпырған  көбелекті  көркем 
және табиғат  құбылыстарын адам өмірімен сипаттауда осы өлеңінің астарында балалық, 
жастық  шақты  жазғы  табиғатпен  салыстырмалай  келе  «бәйшешек  солмақ...  көбелек 
өлмек»  деп  келеді  де  адам  өмірімен  астарластырып,  адамзатқа  керек  нәрселерді  санап 
шығады:  «сүймек,  сезбек, кейімек, харекет  қылмақ, жүгірмек,  ақылмен ойлап сөйлемек» 
деген  соңғы  шумағы  адам  мен  табиғат  арасындағы  ерекшелікті  көрсетеді.  Осы  жерден 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
25 
 
адамның  ішкі  жан  дүниесі  мен  сыртқы  іс-қимылы  арасындағы  байланысы  табиғатпен 
астарласа  келіп  заман,  қоғам,  әлем  секілді    макроортаға  араласып,  ұштасып  жататынын 
көреміз: 
Әркімді заман сүйремек, 
Заманды қай жан билемек. 
Заманға жаман күйлемек, 
Замана оны илемек. 
Бұл  өлеңінде  көптің  ішіндегі  жеке  адам  немесе  бүкіл  бір  дәуір  не  замандағы  жеке 
адамның  мінез-құлқын    сипаттаған.  Заманға  ілесе  алмаған  адамның  ұсқынсыз  кейпі 
өлеңмен  беріліп  отыр.  Жан  рахатын  табиғаттан  іздегендігін  біз  «Қансонарда  бүркітші 
шығады  аңға»  өлеңінен  көреміз.  Бұған  дәлел  ақынның  осы  өлеңін  алдымен  оқығандағы 
алғашқы әсері туралы сөз қозғағанда студенттердің аузына түскен алғашқы сөз «аппақ, әлі 
ешкімнің ізі түспеген, жаңа жауған қар», «таудың басында бір, төмен жағында (ойда) тағы 
бір аңшының тұрғаны»,  «олардың үстінде ішік, басында тұмақ, қолында бүркіт» дегенді 
айтысты. 
Адамның  мінез-құлық  эстетикасын  ақын  шығармаларынан  іздегенде  оның  сыртқы 
сипаты, іс-әрекеті мен ым-ишарат, жаңсаулары, сөйлеген сөзінің мәнділігі т.б. ұштастыра 
қарастыру керек. Өйткені, ақын адамның бүкіл болмысын бір-бірінен бөлмей, тұтас, жан-
жақты  зерделейді.  Оның  талғамына  іліккен  қыз  сипатынан  көреміз  де,  бүгінгідей 
«еуропацентрлік»  ұғымға  еліктеу  тұсында  ақынның  көзқарасының  оған  мүлде  қарама-
қайшы  болғанын  аңғарамыз,  ол:  «Иузи-рәушан  көзі  –  гәуһар»  өлеңінде  қыз  сұлулығын 
шығыс ғұламаларынша сипаттай келе, оны көргендегі эстетикалық ләззатын: 
Кетіп қуат, йұмылып көз, 
Бойың  сал-сал  бола  нигә?  –  деп  өзіне  сұрақ  қояды.  Мүмкін  ол  бұның 
сұлулыққа  құмарлықтан  туған  күшті  сезімнің  әсері  –  эмоция    қуаты  екенін  бала  жігіт 
кезінде  әлі  түсіне  бермегендігінен  шығар?  Не  десек  те,  әйтеуір,  эстетикалық  сезімнің 
болғанын  анық  көреміз.  Осының  жалғасы  іспетті  «Әліпби»  өлеңінде  де  сұлу  қыздың 
суретін  айға,  ернін  шекерге,  ақылын  кемелге  теңеп,  өзін  асыл,  қас,  кірпік,  көзін  жазу 
өнеріне балап, осы сұлулықтың эстетикалық әсерінен туындаған бойындағы сезім
 
әсерін – 
күйдірді,  мүшкіл,  сабырым  қалмады,  ақылымды  тартып  алды,  уайым  жеп,  өлді  деп 
ойлаңыз деген сөздермен білдірген. 
Ақынның эстетикалық
 
талғамы қазіргі кезде де өз құндылығын жойған жоқ, қашанда 
қыз  сұлуы  –  қыпша  бел,  қара  көз,  жігіт  сұлуы  –  ойлы,  еңбекшіл.  Ақын  жалпы  адамды 
мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы, адаммен болған  қарым-қатынасы арқылы бағалаған. Кім 
ақылды, мінезді, ізденгіш, еңбекшіл болса – сол көркем, сол әдепті, сол асқақ. Ақынның 
бұл  пікірлері  адамның  көркемдігі  туралы  ой  жүгіртіп,  пайымдау  арқылы  бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Ақын  шығармаларын  эстетикалық  тұрғыда  талдаған  зерттеуші  А.Тұрбекова  «ақын 
топшылауында  өлең,  ән,  күй  болмыс  көрінісі  болғандықтан,  мұң,  зар,  шер  өмір 
қайшылығын  да  бейнелейді»,  –  деп  олардың  өмірмен  байланысын  жоғары  бағалаған. 
Қайғы,  қасіреттен  туындайтын  күйіну,  қапалану,  торығу,  жабырқау,  ызалану  мен  ашу 
сияқты  эстетикалық  сезімінің  барлығын,  менің  пайымдауымша,  қуаныш,  сүйініштен 
басым  бастан  кешкендігінен  шығармалары  хабар  береді.  Осыған  орай  өлеңдері  жас 
буындардың эстетикалық сезімін оятуға, адам өміріндегі қайғы, қасіретті орынды бағалай 
білуге тәрбиелеуде ұрымтал құрал бола алады. 
Біздің оқу пәніміз ағылшын тілі болғандықтан, осы пәнге арналған сабақтарда Абай 
Құнанбаев  шығармаларындағы  осындай  ой-пікірлерді  сабақта  қолдану.  Бұл  жерде 
ағылшын  тілі  пәні  негізге  алынғандықтан,  сабақтың  білім  беру  мақсаты:  шетел  тіліндегі 
сөздерді меңгеру, мағынасын дұрыс пайымдау, дұрыс айту, байланыстырып сөйлеу, дұрыс 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
26 
аудару,  жылдам  аудару  немесе  ойлау  және  шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамытуда 
Абай шығармаларын ұтымды пайдалану.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет