қиындықтарға алып келеді. Синхронды машинаның қоздыру тізбе- гіндегі сақиналар мен щеткалар мұндай қиындықтарға алып кел- мейді, себебі бұл тізбектің қуаты мен кернеуі біршама төмен.
11.2.
СИНХРОНДЫГЕНЕРАТОРЛАРТҮРЛЕРІ
Турбогенератор. Турбогенератордың бастапқы қозғалтқышы- на турбина қалағына бағытталған жоғары қысымның бу немесе газ әсерімен айналатын жылу (ЖЭС) немесе атом электр станциялары- ның (АЭС) булы немесе газды турбинасы саналады. Турбогенератор білігі көлденең орналасқан және турбинаға тікелей біріккен. Қима- дағы турбогенератор 11.2 суретте көрсетілген.
Қуаттылығына байланысты турбогенераторлар келесі негізгі топ- тарға жіктеледі: қуаты 25 — 63 МВт; 100 — 200 МВт; 300 — 500 МВт; 800 МВт; 1000 МВт-тан аса. Сонымен, Костромск ГРЭС-інде
«Электросила» (Санкт-Петербург) зауытында әзірленген қуаты 1200 МВт болатын ТВВ-1200-2 турбогенераторы пайдаланылады (статор кернеуі 24 кВ, қоздыру кернеуі 517 В).
Айналым жиілігі бойынша турбогенеторларды төрт полюсті (1500 айн/мин. айналым жиілігімен) және екі полюсті (3000 айн/мин айналым жиілігімен). Қазіргі уақытта, сонымен бірге, жиілігі 100 Гц
11.3.-сурет. Айқын көрсетілмеген полю- стері бар ротордың көлденең қимасы.
ЭҚК өндіретін 6000 айн/мин айналым жиілігі бар турбогенераторлар өндіріліп жатыр (бұл жағдайда генератор мен желі арасында жиілік- ті 50 Гц-ке дейін төмендететін жиілік түрлендіргіші орнатылады).
Турбогенераторлардың роторларын айқын емес полюсті етіп жа- сайды, яғни айқын көрсетілмеген полюстерімен (11.3 сурет). Мұн- дай ротор біршама үлкен дәрежеде айқын полюсті роторға қарағанда жоғарғы жиілік кезінде механикалық төзімділік талаптарына жауап бе- реді (11.1-суретін қараңыз). Қуатты турбогенераторлардың роторларын жоғары сапалы хромникельді немесе хромникельмолибденді болаттан әзірлейді. 3000 айн/мин айналым жиілігі кезінде қажетті механикалық төзімділікті қамтамасыз ету үшін ротор диаметрі 1,25 м-ден аспау ке- рек, ал механикалық қаттылықты қамтамасыз ету үшін ротордың бел- сенді ұзындығы 6 м-ден көп болмау керек. Тікбұрышты саңылаулар ротор бетінде фрезерлеумен орындалады. Саңылауларда орнатылған қоздыру орамаларының шарғылары магнитті емес металдан (алюми- нийден) жасалған сыналармен бекітіледі. Магнитті емес сыналар ой- ықтар аймағында пайда болған сейілтудің магниттік ағындары әлсірей- ді. Сейілту ағындары ротор тістерінің магнитті қанықтығын тудырады, бұл пайдалы магнитті ағынның азаюына алып келеді.
Ротор біліктері мойынтіректі қалқандарда орнатылған мой- ынтіректерде жиналады. Қазіргі уақытта жоғары жиілікті айналы- мы бар генераторларға (6 000 айн/мин) дірілдің өте төмен деңгейін қамтамасыз ететін және жақпаны талап етпейтін магнитті мой-ынтіректерқолданылады (үйкелетін бөліктері болмайды).