Лобзин с. А. Электр машиналар



бет85/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

98


мен үш p п ауысулары бар жартылай құрылғы. Егер, тири- стордың сыртқы электродтарына белгілі қосу кернеуінен аз кернеуді берсек, онда тиристор арқылы ағатын ток аз болады (тиристордың қарсылығы жоғары). Басқарылатын деп атала- тын ішкі электродына басқаратын кернеуді берсек қосу кер- неуін айтарлықтай төмендетуге болады. Осылайша, басқару кернеуі тиристорды ашады.
Алты қуатты VS1...VS6 (Түзеткіш айнымалы кернеуді бір өтіп тұрған кернеуіне түрлендіреді; «Электрондық техника» курсында түзеткіштің жұмыс қағидасы қарастырылады) тиристорларын қоса- тын үш фазалы түзеткіш тиристорлы түрлендіргіштің негізгі тора- бы болады (3.6-сурет). Түзеткіштің кірісіне Т трансформатордан үш фазалы кернеу жүйесі келіп түседі. Тиристорлар импульсті фазалық басқарудың автоматтандырылған жүйесімен ашылады, оның көме- гімен тиристорлық басқару электродтарына үшфазалы кернеулер жүйесінің фазалық ауысуын есепке алатын фазалық ығысуларымен импульстер келіп түседі.
L1 және L2 дроссельдері тиристорлардың үшбұрыштары арасын- да ағып жатқан теңдестіру токтарын шектеуге арналған. L3 дросселі үшфазалы түзеткіштің шығуында қалыптасқан кернеудің лүпілдеуін тегістеу үшін ұсынылған.
LM қозғалтқышының қоздыру орамасы жеке басқарылмайтын диод түзеткіші арқылы қуат алады.
Тиристорлы түрлендіргіші бар сұлбасы генератор-қоздырушы сұлбасына қарағанда, ықшамырақ болып келеді.
Ол сенімді, оның жоғары ПӘК және жоғары тез әрекеттігі бар

3.6.-сурет. Тиристорлық түрлендіргіш көмегімен қозғалтқышты басқару сұлбасы.


99


(Г-Д сұлбасының кіші тез әрекеттігі тұрақты ток қозғалтқышын қуат беретін, генератордың қоздыру орамасының айтарлықтай индук- тивтілігіне байланысты болады).
Тиристор түрлендіргішінің орнына шағын қуатты тұрақты ток қозғалтқыштарын басқару үшін, диод түзетуші көпірінен қозғал- тқыш зәкірін қуат беруға болады, ол, өз кезегінде, айнымалы кернеу желісіне қосылған реттелетін автотрансформаторға қосылған (7.1 - бөлімін қараңыз) .
Қозғалтқышты қоздыру сұлбасы генератор-қозғалтқыш сұлба- сында көрсетілгендей, реттеуші реостат арқылы тұрақты кернеу көзі арқылы қуат алады. Автоматты трансформатордың қайталама ора- масының ЭҚК реттеу арқылы осы ораманың орамдар санын өзгерту арқылы (автотрансформатордың жылжымалы байланысының орнын өзгерту) қозғалтқыштың зәкірінде кернеуді, яғни зәкірдің айналу жиілігін реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет