Логикалық сұрақтар


-тапсырма. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?



бет3/5
Дата05.10.2022
өлшемі33,08 Kb.
#41468
1   2   3   4   5
Байланысты:
логикалық сұрақтар жауаптарымен

8-тапсырма. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?
Жұмбақтың жауабы: х+(х+6)+(х+12)+(х+18)+(х+24)=1005х=40, х=8 балық. 
9-тапсырма. Бір сан табыңдар, квадраты өзінің жартысына тең болсын! - 0,5


10-тапсырма. 3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?
Жауабы: Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады
11-тапсырма. Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың бәрінің жастарының қосындысы 26. Ұлдарының жастарының орталамасы (орташа саны) 7. Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең кіші қызының жасы қаншада?
Жауабы: 2 жаста
12-тапсырма. Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.
Жауабы: Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.
13-тапсырма. Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
34+х=2(11+х)
34+x=22+2x
-2x+x=22-34
-1x=-12
x=12/1
x=12
14-тапсырма. Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет