Логопедиялық-диагностикалау және түзету жұмыстарының әдіс-тәсілдері Сөйлеу аппараты дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе (Правдина О)
Сөйлеу аппараты бір бірімен тығыз байланысты екі бөліктен тұрады: орталық (реттеуші) және перифериялық (шеткі- атқарушы). Сөйлеу аппаратының орталық бөлімі адамның миында орналасқан. Ол реттеу функциясын атқарады. Бұл бөлім ми қыртысынан , ми қыртысы асты ядролардан,соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс алу, дауыс, артикуляциялық бұлшық еттеріне баратын жүйкелерден тұрады
Сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмінжақсы білу, (сөйлеу әрекетінің құрылымы мен оның функционалды ұйымдастырылуын) біріншіден, қалыпты жағдайда сөйлеу тілінің күрделі механизмін, екіншіден, сөйлеу тілінің ақаулықтарын талдауына дифференциалды түрде қарау, үшіншіден, түзету жұмысының жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу әрекетінде бас ми қызметі басты роль атқарады
Баланың артикуляциялық аппараты1.тілшік; 2.тіл түбірі; 3.азу тістер; 4.астыңғы күрек тістер; 5.астыңғы ерін; 6.жоғарғы ерін; 7.жұмсақ таңдай; 8.таңдай доғасы; 9.жұтқыншақтың артқы қабырғасы; 10.тілдің шеткі бүйірі; 11.тілдің ортасы; 12.тілдің орталық сайы; 13.тілдің үшы.
Артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлері Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ таңдайдың жарықтары болып табылады.
Дыбысты қою үшін ең негізгі үш тәсілді қолданылады:
Еліктеу арқылы
Механикалық тәсіл
Аралас тәсіл
Бірінші тәсіл арқылы бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті пайдалана отырып, фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды. Еліктеу арқылы дыбысты қою баланың артикуляциялық мүшелерінің қимылы жеткілікті және құрылысы қалыпты дамыған жағдайда ғана мүмкін болады.
Екінші тәсілқұралдардың көмегімен сөйлеу мүшелеріне механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл тәсіл кезінде бала өз бетімен ізденбейді, оның артикуляциялық мүшелері логопедтің әрекетіне тәуелді болады.
Үшінші тәсіл– алғашқы екі тәсілдің қоса қолданылуына негізделген.
Дыбысты қою кезеңі Артикуляциялық жаттығулар Қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айтуға машықтандыру осы кезеңнің негізгі мақсаты болып табылады.
қойылған дыбысты буында машықтандыру;
сөзде машықтандыру
сөз тіркестерінде, сөйлемде машықтандыру;
дыбысты күнделікті сөйлеу тілінде машықтандыру.
Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңі Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажыратуын үйрету, дыбыстық-буындық талдау-жинақтау дағдыларын қалыптастыру. Бұл кезеңде дыбысты машықтандыру кезеңдегідей жүргізіледі.
дыбысты әртүрлі буындарда ажырату (са-ша, ас-аш)
сөзде ажырату (сана-шана, аласа-алаша)
сөз тіркесінде, сөйлемде ажырату (Шора ыстық сорпа ішті)