Логопедиялық құжаттар және оны жүргізу. Логопедиялық пункте логопед-мұғаліммен өткізілетін түзету –дамыту үрдісін белгілеу үшін келесі құжаттар жүргізілуі керек.
1.Логопедиялық пункке қабылданған оқушылардың логопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал;
2. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін зеттейтін журнал;
3.Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін зерттеудің жалпы сөйлеу картасы;
4.Оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың жалпы жоспары;
5. Жұмыстың тақырыптық жоспары ( оқу жылына оқушылардың әр тобына)
6. Жұмыстың күнделікті жоспар-конспектілері
7. Оқушылардың жұмыс дәптері
8. Дыбысты айтуды түзету бойынша жеке сабақтарға арналған дәптер күнделіктер ( оқушылардың әр тобына )
9. Директормен бекітілген логопедиялық сабақ кестесі;
10. Логопедиялық кабинеттің төлқұжаты;
11. Өткізілген жұмыс жайлы есеп;
12. Нормативтік құжаттар және ақпараттық – әдістемеләі хаттар, ұсыныстар;
13. Оқу жылының басына Логопункт жұмысын ұйымдастыру туралы бұйрық.