Логопедтің ата-аналарға кеңестері



Дата08.04.2022
өлшемі16,61 Kb.
#30299
Байланысты:
Логопедтің ата-аналарға кеңестері


Логопедтің ата-аналарға кеңестері

1. Дұрыс сөйлеудің мағынасы кез келген мамандық иесі үшін зор. Баланың дұрыс сөйлей алмауы басқалармен араласуды қиындатады, оның жалпы дамуына, мінезіне әсер етеді және болашақта оның мектепте үлгермеуінің себебі болуы мүмкін.

2. Баланың сөйлеуі айналадағы адамдардың сөзіне еліктеу арқылы дамиды. Осыған байланысты, бала қоршаған ортада грамматикалық түрде дұрыс құрылған сөйлемді естігені дұрыс.

3. Бала сөзінің алғашқы үлгісі - туыстарының сөзі. Ата-аналар балалары үшін ана тілінің алғашқы ұстаздары болып табылады. Отбасы - бұл бірінші мектеп.

4. Ата-ананың көмегінсіз балаға дұрыс сөйлеуді үйрену қиын. Баламен сөйлесіңіз, дауыспен сөйлеп, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға тырысыңыз - бұл балаға дұрыс сөйлеуге көмектеседі.

5. Баланың дұрыс айтылмаған сөзіне еліктемеңіз, балаңызды жалған ойдан шығарылған сөздерге үйретпеңіз. Балаңызбен ням-ням (тамақтану), мяу(мысық) және т.б. осы сияқты алмастырылған сөздермен сөйлеспеңіз, әдеттегі сөздермен сөйлесіңіз. Әйтпесе, сіз баланың дұрыс сөйлеуін тежейсіз.

6. Бала сөйлегенде, қарапайым сөздермен, қысқа сөйлемдермен сөйлесіп, сөздер мен сөйлемдер арасындағы үзілістерді байқап көріңіз, сонда балаңыз сіздің сөйлеген сөзіңізге еліктейді, дұрыс сөйлеуді үйренеді.

7. Балаңыздың былдырлап сөйлей бастағанына және алғашқы сөздерді айта бастауына назар аударыңыз. Егер баланың сөйлеу дамуы тежелсе, мамандарға жүгініңіз.



8. Балаларға дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіп, балаға жылдам сөйлеуге жол бермеңіз. Асықпай, анық, дұрыс сөйлеу баланың дұрыс сөйлеуіне ықпал етеді.

9. Баланы сөйлеу материалымен жүктемеңіз. Оқу кезінде балаға сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңіз. Оқуға арналған әдебиеттерді таңдағанда, балаңыздың жасын және оның қабылдау мен эмоционалды жағдайын ескеріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет