Логоритмикалық тақпақтар «Р»



бет3/6
Дата02.03.2022
өлшемі308,98 Kb.
#26862
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
машықтандыру тақпақтары

«Аққоян»

Аққояным тұрсаңшы, Далаға сен шықсаңшы! Беті-қолыңды жусаңшы, Орамалға сүртсеңші, Шашыңды сен тарасаңшы

Ақ қоян-ау ақ қоян, үркек қоян сақ қоян Дыбыс шықса қашасын отырасын паналап қалың шидің тасасын

Ақ-қоян ау, ақ қоян!
Тез үйіңе шап қоян
Жылдам, жылдам қашпасаң Сәбізіңді жеп қоям


Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды ойлы қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгірді.

Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз Қолымызды көтеріп Саусақ ашып-жұмамыз! Қолымызды түсіріп Алақанды соғамыз!

Қайда екен қолымыз, Топылдатып билейтін Оңымыз бен солымыз. Аяғымыз қайда екен Білеміз бе оны біз? Міне-міне оң аяқ

Міне оңмен солымыз! Міне-міне сол аяқ! Алақай деп соғамыз!!! Бір-екі басайық, Тез-тез адым жасайық!



28


Еституғын сиқырды, Айқай-шуды, қытырды, Сақ құлағым қайда екен? Міне-міне қос құлақ! Міне-міне оң құлақ, Міне-міне сол құлақ! Жақсы естиді сақ құлақ

Түлкі атаулы қу ғой жүрген жері ду ғой жатып алып жағада көздегені су ғой

Мен тиынмын тиынмын Қысқа жылы киіндім қоймам толы жаңғаққа іші жылы үйімнің

Ақ тауық-ау, ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық ертеменен қыт-қыттайды ауламыздан шықпайды шеп-шеп десем келмейді


Сара келіп сабақтан Сан шаруа бітірді Самаурыңға салатын сексеуілді сындырды сазан балық қуырды сонсоң сауды сиырды

Орманға біз келеміз жеміс жидек тереміз иісін искеп көреміз бойымызды жазамыз дем аламыз бәріміз жарасып тұр әніміз



29


«Шегіртке»

- Қане сапқа тұрайық, тіземізді бүгейік Ыршып алға түсейік, ыршып артқа түсейік. Бір,екі, үш,төрт – шегірткедей ыршиық. Ыршып, ыршып, тыншиық.

Екі қолды жоғары, сәл көтерсек болады.
Енді оны бөгелмей, түсірейік төмеңге
Міне былай, қарайық, құстай қанат қағайық. Қайталайық тағыда, қимылыңнан жаңылма. Бүгілмесін қолдарың, жылдам-жылдам қозғағын, Міне былай қозғайық, құстай қанат қағайық.


Кел балалар, кел бері
Қыздырайық денені
Орнымызда тұрып-ап, жүгірейік бір-уық
Бір, екі, үш – екпіндей сен түс,
Аяқты алға созайық, тік көтеріп, қозғайық
Тым сылбыр болмайық.
Бәрекелді балғындар, дүр сілкініп алыңдар Босансытып денені, бей жай күйге ең енді
Басты көтер, тік ұста емін-еркін тыныста
Қане «ү-п» аттайық демді ішке тартайық
Енді «у – х» - деп айтайық, демді шығар қайтарып


- Суреттермен ойнаймын Үстел үстіне қоямын: Көйлек, телпек, кепеші; Шалбар, шорты, белдемше; Жейде, қолғап, күртеше.–

Сары көйлек киемін, Жәрменкеге барамын, Ән айтамын, билеймін, Әйбәт бала боламын!

Балалар қозының маскаларын киіп, ортаға шығады, су ішкенді имитациялайды. Шеңбердің ішіне кіріп үлгеріп, шеңбер тез жабылады.

Қошақандар өрісте көлге барып сү ішті



30


ойнап-ойнап сүзісті қасқыр шығып алдынан қошақандар қорықты кірді бәрі қораға жабылып қалды босаға

Біз гүлдерміз өсеміз Жапырағы жайқалған Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған


Ақ-лақ-ау, ақ- лақ
неге тұрсын маңырап сүтке тоймай қалдың ба? сабыр етші азырақ тойдырайын қазір-ақ




Қап түбінде тышқандар Ей мысықтар ұстаңдар өзі тыныш жүрмейді жұртқа маза бермейді ұрлық жасап жүргенше аштан неге өлмейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет