12.8. Экспортқа рента салығы
Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын рента салығын шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін төленетін төлемдердің қатарына жатқызуға болады.
Мыналар:
1) салық заңнамасында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнай,газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын;
2) көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңи тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады.
Рента салығын салу объекті экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының,көмірдің көлемі болып табылады.
Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнай,газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экпортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Экспортқа салынатын рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеуші арасында жасасқан қосымша келісіммен белгіленген тәртіппен натуралдық нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Рента салығының мөлшерлемелері бұл өнімнің әлемдік бағасына қарай 0%-дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32%-ға дейін (бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді – барлығы 19 сараланған мөлшерлемелер. Көмірді экспорттау кезінде экспортқа ренте салығы 2,1 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
Күнтізбелік тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі болып табылады. Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.
Экспортқа рента салығы бойынша мағлұмдама төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен келесі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |