ҚЎлпыбаев с



бет125/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

__________________
*Өнімді бөлу туралы контракт соған сәйкес Қазақстан Республикасы белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негізде контракттық аумақта мұнайлық операцияларды қоса жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу және оның есебінен осыған байланысты жұмыстар жүргізу құқығын беретін келісімшарт болып табылады.
Әлеуметтік салық бойынша салықтық есептемені есептеуді,төлеуді және табыс етуді: ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңи тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін; оңайлатылған мағлұмдама негізінде шағын бизнес субъектілері үшін; патент негізінде шағын бизес субъектілері үшін; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін салық заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ес­кере отырып арнаулы салық режімдерін қолданатын төлеушілер жүргізеді.
Дара кәсіпкерлер, жекеше нотаристер, адвокаттар үшін, төлеушілердің өзін қоса алғанда, жұмыскерлер саны әлеуметтік салық салу объекті болып табылады. Қазақстан Республикасының заңи тұлға – резиденттері және қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға – бейрезиденттер үшін жұмыс берушінің ақшалай немесе заттай нысанда алған кез-келген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде алынған табыстар түрінде жұмыскер – резиденттерге, салық заңнамасында айқындалған табыстар түрінде жұмыскер – бейрезиденттерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ заңнамада көрсетілген шет ел персоналының табыстары салық салу объектісі болып табылады.
Егер жұмыскерге күнтізбелік ай үшін есептелген табысының жалпы сомасы Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай күнтізбелік ай­дың соңғы күні қолданыста болған жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, әлеу­меттік салық салу объекті жалақының ең төменгі мөлшері негізінде анықталады.
Мыналар:
гранттар қаражаттары есебінен жасалынытын төлемдер;
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Респуликасы заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін стипендиялар;
қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны; он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерлеріне жолдамалардың құны;
жұмыс беруші өз жұмыскерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша төлейтін сақтық сыйақылары;
әскери службаның міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесінің және мемлекеттік өртке қарсы службасының органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері службалық міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемақылардың барлық түрлері;
экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зар­дап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төленетін төлемақылар;
бюджеттік қаражаттар есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдер­ден басқа);
өз жұмыскерлеріне міндетті және(немесе) жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша жұмыс беруші төлейтін сақтық сыйлықақылары;
жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары және т.б. табыстар, сондай-ақ:
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;
спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай марапаттар;
жұмыс беруші заңи тұлға таратылған немесе жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқарылған жағдайларда еңбек келісімшарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемақы төлемдері;
жұмыс берушінің жұмыскерлерге пайдаланылмаған ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына жұмыс­керлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объекті болып табылмайды.
Әлеуметтік салық 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
Арнаулы салық режімдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзі үшін Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған АЕК-нің екі еселенген мөлшерінде және әрбір жұмыскер үшін АЕК-нің бір еселенген мөлшерінде, ал тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қаблетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 4,5 пайыз мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір жұмыскер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін АЕК-нің 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Есептелген патент құны оның ½ бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады. Патент немесе оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін Салықтық кодекстің 61 тарауында әлеуметтік салық мөлшерлемелері белгіленген.
Әлеуметтік салықты төлеу, егер Салықтық кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуді осы құрылымдық бөлімше жұмыскерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салықты негізге ала отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелер есепті айға есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленеген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады. Есепті айда жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі айға ауыстырылады.
Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет