ҚЎлпыбаев с



бет131/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

12.14. Арнаулы салық режімдері


Арнаулы салық режімі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін бюджетпен есеп айырысудың және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салықтық есептемені табыс етудің оңайлатылған ережесін қолдануды көздейтін ерекше тәртіп. Арнаулы салық режімдері мынадай түрлерге бөлінеді: өзіне патент негізінде және оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін кіріктіретін шағын бизнес субъектілері үшін, шаруа немесе фермер кожалықтары үшін, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімдер.
Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауға құқылы.
Арнаулы салық режімі шағын бизнес субъектілері үшін төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.Бюджетке басқа салықтарды және міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объекті болып табылады. Бірқатар табыстардан корпоративтік немесе жеке табыс салығын есеп­теу мен төлеу және олар бойынша салықтық есептемені табыс ету жалпыға бір­дей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Шағын бизнес субъектілеріне арналған салықты есептеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі, патент негізінде, оңайлатылған мағлұмдама негізінде жүргізіледі. Аталған әдістердің әрқайсысы үшін оларды қолданудың шарттары ескеріледі: қызметтің ара-тұра сипаты, кәсіпкерлік қызметтің орны, сипаты, табыс мөлшері, қызметтің жүзеге асырылатын түрлерінің саны, жалдамалы жұмыскерлерді пайдалану және т.б. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режімдері қызметтің бірқатар түрлеріне, атап айтқанда: акцизделетін өнімді өндіруге, сақтауға және көтерме сауда да өткізуге, консультациялық қызметтер көрсетуге, қаржылық, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметтерге, мұнай өнімдерін өткізуге, шыны ыдыстарын жинауға және қабылдауға, жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды. Салықты оңайлатылған мағлұмдама негізінде есептеуді шағын бизнес субъекті салық салу тоқсандық табысқа есепті салық кезеңіне тиісті салықтардың заңмен белгіленген мөлшерлемесін қолдану және саралау арқылы жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілері – заңи тұлғалар үшін дербес жүргізеді; жеке (корпоративтік) табыс салығы және әлеуметтік салық түріндегі салықтарды бюджетке төлеу бірдей үлеспен есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Патент* негізіндегі арнаулы салық режімін мынадай шарттарға сай келетін: 1) жұмыскерлердін еңбегін пайдаланбайтын; 2) дара кәсіпкерлік нысандағы қызметті жүзеге асыратын; 3) салық кезеңіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.
Патент құнын есептеу салық салу объектіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.Патент құны:
1) патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде – жеке табыс салығы;
2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.


*Патент – төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда,жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.Ол кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі
Патент:1)ағымдығы салық кезеңің соңғы айында жаңадан тіркелген;2)ағымдағы салық кезеңің соңғы айында қызметін уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлерге бір айдан аз мерзімге берілуі мүмкін.
Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.
Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.
Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару Салықтық кодексте белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.
Оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режімін төмендегі­дей шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері қолданады:
1) дара кәсіпкерлер үшін:
дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, жұмыскерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса; салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 миллион теңгені құраса;
2) заңи тұлғалар үшін:
жұмыскерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;
салық кезеңі ішінде шекті табыс 25 миллион теңгені құраса.
Салықтарды оңайлатылған мағлұмдама негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектіне есепті салық кезеңінде 3 пайыз мөлшеріндегі мөлшерле­мені қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режімі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін қолдана отырып жүзеге асырылады және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және өткізу бойынша олардың қызметіне қолданылады.
Жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объекті болып табылады. Егістік бойынша бірыңғай жер салығы жер учаскелерінің жиынтық ауданын (танабын) негізге ала отырып 0,1%-дан 0,5%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша (500 гектардан 3000 гектарға дейін және одан жоғары) есептеледі.
Бірыңғай жер салығы жеке табыс салығын, ҚҚС-ты, жер салығын және (немесе)жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны, көлік құралдары мен мүлік салықтарын кіріктіреді.Бұл салықты төлеушілер әрбір жұмыскер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-нің 20% мөлшерлемесі бойынша әлуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толмаған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.
Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеумет­тік салық сомасынан асып түскен кезде,әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.
Төлем көзінен ұсталатын бірыңғай жер салығын,әлеуметтік салықты, жеке табыс салығын,жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, аудару мынадай тәртіппен:
1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;
2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Төлем көзінен ұсталатын әлеуметтік салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша төленеді.
Заңи тұлға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер және селолық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режімі жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді өңдеу және өткізу жөнін­дегі, толық циклді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашы­лы­ғының (соның ішінде асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнімін өндіру, сондай-ақ өндірген осы өнімді өңдеу және өткізу бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңи тұлғалардың,селолық тұтыну кооперативтерінің қызметіне қолданылады.
Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеудің ерекшелігі болады. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, қосылған құн салығы­ның, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтуға жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет