ҚЎлпыбаев с



бет24/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

1.7. Қаржы жүйесі және оны
ұйымдастырудың қағидаттары

Қаржы жүйесі әлеуметтік-экономикалық жүйенің – өз арасында қатынастармен байланыста болатын және кейбір бүтін объектіні құрайтын әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің жиынтығының; ресурстардың және сыртқы ортада талап етілетін тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну сферасында өз арасында өзара байланысты және өзара әрекет ететін біртұтастықты (әлеуметтік-экономикалық құрылымды) құрайтын экономикалық субъектілер жиынтығының бір бөлігі болып табылады.


«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақты­лана түсуі болып табылады және негізінде тиісті қаржылық ресурстар мен ақшалай қаражаттардың қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарға әкімшілік ететін органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
«Қаржы жүйесі» ұғымы «тар» және «кең» түсінікте қарастырылуы мүмкін. Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасы тар мағынада берілген. Егер қаржы туралы түсінік, ақшаға жуық жалпы айту тұрғысынан негіздесек, онда қаржы жүйесі ұғымын жиынтық ақша-қаржы жүйесі ретіндегідей үлкейтілген түсінікте баяндауға болады, ол ұдайы өндірістік үдерісте қоғамдық ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшалай ағындарын ұйымдастырудың және басқарудың түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдану жолымен қоғамдық өнім құнын жасауды және оның қозғалысын қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың, ақшалай ресурстардың және институттардың жиынтығын білдіреді.
Кредит жүйесі – кредиттік қатынастар және осы қатынастарды ұйымдастыратын кредиттік институттардың жиынтығы. Кредит жүйесі кредиттік институттар мен экономика секторлары (ақшалай капиталды шоғврландыру және оны инвестициялау бойынша), басқа кредиттік институттар (рынокта ақшалай капиталды қайта бөлу бойынша) арасындағы өзара байланыстың түрлері, нысандары және әдістері (құралдары) болып табылатын кредиттік механизм арқылы әрекет етеді. Ақшалай капиталды жұмылдыру және инвестицияларды экономиканың өзекті секторларында шоғырландыру жолымен кредит жүйесі өндірістің өсуіне, ғылыми-техникалық прогеске, баланстырылған экономикалық дамуға мүмкіндік туғызады. Ұйымдық тұрғыдан кредит жүйесі: орталық банктен (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі), банк секторынан (екінші деңгей банктері), банктік емес қаржы ұйымдарынан, микрокредит ұйымдарынан тұрады.
Валюта жүйесі – шаруашылықтық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптастасқан валюталық қатынастарды ұйымдастырудың құқықтық нысаны. Жекелеген елдер арасында экономикалық, саяси, мәдени және басқа байланыстар алынатын тауарларға, қызметтерге ақы төлеу, қарыздар, кредиттер беру, капиталдардың қозғалысы және басқалар жайында валюталық қатынастарды тудырады. Халықаралық валюталық қатынастар – сыртқы экономикалық айналымда валютаның жұмыс істеу кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Валюта жүйесі мұнда едәуір дәрежеде халықаралық экономикалық қатынастардың қарқындылығын кеңейтуге немесе, керісінше, шектеуге әсер ететін қуатты буын болады. Валюта жүйесінің арқасында бір елден басқасына экономикалық ресурстардың қайта құйылымы (немесе бұл үдеріс жабылады) жүзеге асады, өндіріс дамуы мен халықаралық еңбек бөлінісі үшін жайлы жағдайлар жасалады.
Валюталық қатынастардың объективті негізі тауарлармен, қызметтермен, капиталмен халықаралық айырбасты тудыратын қоғамдық ұдайы өндірістің үдерісі. Ұдайы өндіріске қатысты валюталық қатынастар екіншілей болады. Шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру жағдайларында ұдайы өндірістің сыртқы факторларына – әлемдік өндіріс динамикасына, халықаралық сауданың дамуына, шетелдік капиталдың құйылымына тәуелдігі күшейеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы едәуір дәрежеде валюта жүйесінің ерекшеліктерімен және оның институттарының жұмыс істеу пәрменділігімен алдын ала айқындалады.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржылық қатынастардың пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақшалай қорларды қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;
2) қаржылық ресурстардың жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпат жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өздігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады: қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, басқа жағынан, өзінің функциялық қасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарлары (болжамдары), қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді атауға болады (1.5 сызбаны қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет