ҚЎлпыбаев с



бет37/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстылықпен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) әлуетті құрылым болып табылады және қаржы службасы құрамына атаулы түрде кірмейді. Бұл Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын атқарушы орган, құрылымында облыстарда, Алматы және Астана қалаларында аумақтық органдары, аудан аралық бөлімдері бар. Агенттік (қаржы полициясы) органдары қаржылық операциялармен: ысыраптармен, мемлекет қаражаттарын ұрлаумен, бюджеттік ресурстарды мақсатсыз пайдаланумен, салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлемеу немесе кірістерді жасыру не кемітіп көрсету мақсатымен жасаумен, салу объектілерін немесе онымен байланысты объектілерді жасырып қалумен, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеуден жалтарынумен байланысты қылмыстық және құқықтық бұзушылықты анықтап, жолын кесу жөніндегі функцияларды орындайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес қаржы полициясының органдары анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіру қызметін, салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізуді, салықтық құқық бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғау туралы шешім қабылдауды жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технология министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті басым инвестициялық жобалар бойынша инвесторлардың ұсыныстарын қарайды, оларды сараптау, тиімділігін анықтау, салықтық және кедендік преференциялардың мөлшерлері, іске асыру ұсыныстары, контракттарды дайындау жөнінде басқа мүдделі ұйымдармен жұмысты үйлестіреді. Сөйтіп, инвестициялық жобалар қаржылық ілеспемен, оларды іске асыру, жүзеге асыруға бақылаумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасында қаржыны басқару негізінен бюджет жүйесін және салық жүйесін ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржыны мемлекеттік уәкілетті органдар – Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі*2 басқарды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзырына жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:
республикалық бюджеттi және өз құзыры шегiнде жергiлiктi бюджеттердi, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнiнде бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептемені атқару, жүргiзу, салық және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң түсу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстау мен аударудың және әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеудiң толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының салықтық саясатын iске асыруға қатысу, өз құзыры шегiнде экономикалық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын, темекi бұйымдарының өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу, кеден iсi, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдендірген қарыз алу, бюджеттiк кредит беру, республикалық мемлекеттiк меншiкке иелiк ету, үкiметтiк және мемлекет кепiлдендірген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, iшкi қаржылық бақылау мен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, банкроттау рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылау (банктер мен сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептеме саласындағы қызметтi реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсiби ұйымдардың қызметiн бақылау, меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингiн жүзеге асыру, бюджеттiң, бухгалтерлiк есеп пен бюджеттiк есепке алудың, қаржылық және бюджеттiк есептеменің, аудиторлық қызметтiң атқарылуы, мемлекеттiң қаржылық активтерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге мүлiктi жинақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру, Қазақстан Республикасының салық саясатын iске асыруға қатысу;
республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау кезiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекiту және жүргiзу, түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
мемлекеттiк және шоғырландырылған бюджеттiң және облыс бюджетiнiң (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) атқарылуы туралы есептердi жасау;
кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтыру­лар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысу;
республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен бюджеттiк кредиттердi беру, оларға қызмет көрсету, оларды есепке алудың мониторингiн және қайтаруды қамтамасыз ету;
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекiтiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алу көлемдерiн, нысандарын және талаптарын, үкiметтiк борышты өтеу және оған қызмет көрсету көлемiн айқындау;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;
бюджеттiк мониторингті жүзеге асыру;
салықтық бақылауды жүзеге асыру:
республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк қаражаттары, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерiн қабылдау және тексерудi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен оған жүктелген өзге міндеттер мен функциялар.
Министрліктің негізгі міндеттерін және функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен Қаржы министрігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Қаржы мониторингі комитеті.
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппаратында мынадай бірқатар департаменттер маңызды орын алады: Ақпараттық технологиялар; Бюджеттік үдеріс әдіснамасы; Заң службасы; Мемлекеттік органның бюджеттік қаражаттарын әкімшілендіру және басқару; Бюджеттік саясат және жоспарлау; Мемлекеттік қаржының есептемесі мен статистикасын талдау; Материалдық өндіріс сферасында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау; Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау және бағалау; Бюджеттік үдеріс әдіснамасы; Ақпараттық технологиялар; Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме, аудиторлық қызмет әдіснамасы; Мемлекеттік қарыз алу және кредиттеу; Кадрлық жұмысты және бақылауды үйлестіру; Салықтық және кедендік саясат, талдау және болжамдау; Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар сферасында, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, олардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау; Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы және басқа департаменттер.
Департаменттер мен комитеттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндет­терді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады. Бөлімдер басқар­малар орындайтын функцияларды нақтылайды. Министрліктің құрылымында сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқарамасы және Ақпарат пен жұмылдыру жұмысын қорғау бөлімі бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет