ҚЎлпыбаев с


Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері



бет65/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

6.5. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.


Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары), жергілікті әкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан бақылаудың субъекті ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі – парламенттік (депутаттық) бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объекті:
мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;
бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезіндегі;
бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттің шығыстары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:
бюджеттік ресурстардың түсу көздеріне, оларды үкіметтің де, заңнамалық органның да үнемді пайдалануына; ақшалай қаражаттардың ысырапқорлығын кесіп тастауға;
мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіруге;
арнаулы қорлар қаражаттарының пайдаланылуына;
әр түрлі партияларды қоса, қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға.
Парламенттің алдын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жасалуына тексеріс қаржыландырудың дара жоспарларына кіріктірілген цифралардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі. Бұдан басқа, Парламент ағымдағы бақылауды және республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі (келесі) бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл ретте, парламенттік бақылаудың негізгі нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Парламентінде екі Палатада – Сенат пен Мәжілісте – арнаулы жұмыс органдары – қаржы және бюджет бойынша комитеттер бар. Бұл органдар заң-жоба жұмыстарын, палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу үдерісінде қаржылық-бюджеттік қызмет сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді. Қаржылық-бюджеттік мәселелер бойынша сараптамалық бағалаулар мен қорытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға – министрліктерге, ведомстволарға, сонымен бірге Үкіметке жібереді.
Президент жарлықтарының, қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын бақылауды ұйымдастыру, аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында жұмыс істейтін ұйымдық бақылау бөлімі бар. Жалпы Президент аппараты министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар жасайды; Президент актілерінің атқарылмауына немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды, себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке, әкімшілік басшыларына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды алуға тиісті өкілеттік берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет