ҚЎлпыбаев с



бет110/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Салық салынатын табысты айқындау үшін түзетілген ЖЖТ-дан шегерімдер жүргізіледі.
Салықтық кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген халықаралық қаржылық есептеменің стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады.
Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.
Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бірнеше бағыттарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезінде бір-ақ рет шегеріледі.
Салықтық шегерімдерге өткізілген тауарлар, қызметтер көрсету бойынша мынадай шығындар мен басқа шығыстар және шегерімдер жатады:
табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар;
таңылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптар;
салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа шығындар;
құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектінің құнына кіріктіріледі;
әлеуметтік сфера объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар;
қосылған құн салығы бойынша мағлұмдаманың деректері бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнында ескеріледі. Қосылған құн салығын төлеуші Салықтық кодекске сәйкес барабарлық әдісті қолданған кезде есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығын шегерімге жатқызуға құқылы;
салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебіне жазған әлеуметтік аударымдары бойынша шығыстары Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған мөлшерде шегерімге жатады;
төленген күмәнді міндеттемелер мен күмәнді талаптар бойынша шегерім;
резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер;
кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорына аударымдар сомаларының шегерімдері;
ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша;
кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтық сыйақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегеру;
табиғат ресурстарын геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа шегерімдері;
теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегеру;
тіркелген активтер бойынша шегерімдер;
салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді шегеру.
Хеджерлеу* мақсаттарында немесе базалық активтің мөлшерлемесі бойынша жеткізу жолымен атқарылған кездегі туынды қаржылық құралдарды қолдану кезінде заңнамамен салық салудың айрықша механизмін қолдану қарастырылған.
Табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар мен шығыстар шегерімге жат­пайды.
Шегерімдерден кейінгі алынған салық салынатын табыс түзетуге есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын таңылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайтуға немесе азайтуға жатады.
Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда: тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда; мәміленің шарттарын өзгерткенде; сатылған немесе сатып алынған тауарлар; орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде; бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда; шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде; ол бойынша табысты түзету мәміленің шарттарын өзгерткенде жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетуге жатады.
Сонымен бірге салық салынатын табысты азайту және салық төлеуден салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату қарастырылған.
Салық төлеушінің салық салынатын табысты шығыстардың мына түрлеріне:
1) салық салынатын табыстың 3 пайызынан аспайтын жалпы сома мөлшерінде: нақты шеккен шығыстардың көзделген әлеуметтік сфера объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын; коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік сферада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүлік құнын; көмекті алатын адамның тарапынан өтініш жасау негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;
2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың екі еселенген мөлшерін және мүгедектер жалақысының және басқа төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын;
3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы келісімшарт­ты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
Мынандай шарттар сақталмаған жағдайда: осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ және алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін коммерциялық емес ұйымдардың табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.Бұл ретте коммерциялық емес ұйым салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізуге міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған келісімшарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар,кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушілік көмек, өтеусіз алынған мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырмалдық түріндегі табысына салық салынбайды.
Әлеуметтік сферада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың табыстарына салық заңнамасында көзделген шарттар бұзылған жағдайда белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ I топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейінгі он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.
Бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар 10 жылға дейінгі мерзімге алға ауыстырыуы және басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтелуі мүмкін.
Арнаулы салық компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде ауыстырылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңи тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеуші шеккен залалдар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
Салық заңнамасына сәйкес төлем көзінен ұсталатын табыстарға мыналар жатады: Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резидентінің, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттің Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резидентіне, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезидентке төлейтін ұтыстары; бейрезиденттердің салық заңнамасына сәйкес айқындалатын, мұндай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес. Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары; Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резидентінің, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттің Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резидентіне, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезидентке төлейтін сыйақысы. Төлем көзінен ұсталынатын салықтың сомасын салық агенті анықтайды.
Корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлерде мөлшерлемелері белгіленген:
салық төлеушінің табыстар мен шығыстар сомасына және Салықтық кодексте белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдардың сомасына азайтылған салық салынатын табысы – 20 %;
егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңи тұлғалардың табыстар мен шығыстар сомасына және Салықтық кодексте белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнімін, бал ара шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс – 10%;
бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен – 15%.
Бейрезиденттердің Салықтық кодексте айқындалатын Қазақстан Респуб­ликасындағы көздерден алатын, мұндай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ резидент - заңи тұлғадан, Қазақстанда орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстарға төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент - заңи тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
Салықтық кодексті қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
10 қаңтардағы №100 - IV КРЗ заңына сәйкес тоқтатыла тұру кезеңінде корпоративтік табыс салығы мөлшермелесінің мынадай мөлшерлері қолданыста болады:
1) 2011 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін – 20% мөлшерінде;
2) 2013 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін – 17,5%;
3) 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін төлем көзінен салық ұсталынатын корпоративтік табыс салығының – 15%.
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары келісімшарттар бойынша корпоративтік табыс салығын мынадай мөлшерлемелер бойынша:
аффилиирленген тұлғалардың сақтандыру, қайта сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша олардың қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 4 %-ын;
аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша – аннуитеттік сақтандыру, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 2%-ын;
аннуитеттік сақтандыру бойынша – 12% –ын;
аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру, бойынша – 8%-ын төлейді.
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) табыстарға мынадай мөлшерлемелер бойынша корпоративтік табыс салығын салуға жатады:
2011 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін – 20 %;
2013 жылдың 1 қаңтарынан – 17,5 %;
2014 жылдың 1 қаңтарынан – 15,0 %.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет