ҚЎлпыбаев с



бет120/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

___________________
*Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе құзырлы орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға
дейін жасасқан, міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (контрактта), сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған контрактта айқындалған салық режімі салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер үшін сақталады, мұндай келісімнің (контракттың) белгіленген бүкіл қолданылу мерзімі ішінде тек қана оның тараптарына қатысты қолданылады, мұндай келісімнің (контракттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға қолданылмайды және тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. Бұл роялти, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі, өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі салық салудың екі моделіне сәйкес (контракттардың негізгі түрлерін негізге ала

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған: барлауға арналған контрактты немесе пайдалы қазындыларды өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған контрактты жасасқан жеке немесе заңи тұлға қол қойылатын бонус төлеушісі болып табылады. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасасқан әрбір контракт үшін АЕК-нің еселенген мөлшерлерінде жеке белгіленеді.


Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген конкурстық нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалануға арналған контрактқа кіріктіріледі.
Қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде: белгіленген соманың елу пайызы − салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану тура-лы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу пайызы − жер қойнауын пайдалануға арналған контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын:
1) пайдалы қазындыларды өндіруге арналған контракттар шеңберлерінде мына жағдайларда:
барлауға арналған контракт шеңберінде тиісті контракттық аумақта осы жер қойнауын пайдаланушы бұрын жариялаған контракттық аумақта пайдалы қазындыларды әрбір коммерциялық табу үшін;
бастапқыда осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген алынатын пайдалы қазындылардың қорларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында табу үшін;
2) контракттық аумақта пайдалы қазындыларды әрбір коммерциялық табу үшін қоса жүргізілген барлауға және өндіруге, соның ішінде бастапқыда осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасынның уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген алынатын пайдалы қазындылар қорларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін төлейді. Коммерциялық табу бонусының салық салу объекті осы мақсаттар үшін контракттық аумақта уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазындылар қорларының нақты көлемі болып табылады. Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады. Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет