ҚЎлпыбаев с



бет133/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

12.16. Салықтарды аударып салу


Салықтарды аударып салу – салық ауыртпалығын салықтың түпкі са­лынушысына – салықтардың негізгі ауыртпалығын өз мойынына алатын халық­қа көшіру үдерісі. Салықтарды аударып салу бірқатар салықтар бойынша салық төлеуші мен салық салынушының ғана емес, сонымен бірге салық салу объекті мен көзінің де дәл келмеуіне байланысты.
Аударып салу бүркемелі нысанда өндіріс сферасында да, сонымен бірге айналыс сферасында да болады.
Өндіріс сферасында табыс немесе пайда есебінен төленетін салықтар жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін интенсивтендіру жолымен, яғни қажетті жұмыс уақытын салыстырмалы қысқарту және қосымша уақытты көбейту жолымен аударылуы мүмкін. Бұл жалдамалы жұмыскерлерге салықты аударудың аса бүркеме-лі нысаны.
Айналыс сферасында салықтар бағалар механизмі арқылы аударылады.
Корпоративтік табыс салығы кәсіпорын өнімін тұтынушыларға неғұрлым жоғары бағалар есебінен немесе ресурстарды жеткізушілерге ресурстарға төмендетілген бағалар есебінен аударылуы мүмкін. Акционерлік қоғамдар нысанында ұйымдастырылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысына салық салынған жағдайда акционерлерге ауыстыру субъектілер төленген бүкіл соманы немесе оның үлесін жабатын бөлігінде оларға тым төмен дивидендтер төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Төлем көзінен төленетін жеке табыс салығы салық төлеушінің түпкілікті табысынан алынатындықтан ауыстырылмайды. Алайда, егер кәсіподақтардың талабы бойынша жұмыскерлерге еңбекақы көбейтілетін болса, онда салықтардың бір бөлігін жұмыс істеушілерден жұмыс берушілерге аудару мүмкін болады. Жұмыс берушілер бағаны арттыру жолымен еңбекақы бөлігіндегі ағымдағы шығындарды арттыруды өнім немесе қызметтерді тұтынушыларға аударады. Мағлұмдама бойынша төленетін жеке табыс салығына қатысты айтатын болсақ, бағаларды көтеру арқылы оны дәрігер, адвокаттар, ерікті мамандықтардың басқа тұлғалары көрсететін қызметтерге аударуға болады.
Меншік салығы ішінара ауыстырылады. Мәселен, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңи тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеген кезде жеткілікті сұраным жағдайында таза табысты салық сомасына жоғарылатуға және сөйтіп оны өнім мен қызметтерді тұтынушыларға ауыстыруға болады. Жеке тұлғалар – мүліктің майда иелері – пәтер иелері оны жалға берген жағдайда ғана салықты аудара алады, ал олар негізінен мүлік салығының түпкілікті төлеушілері болып табылады.
Ұқсас жағдайда табыс есебінен төленетін тура салықтар – жер салығы, көлік құралдарының салығы ауыстырылады.
Жанама салықтар аударып салу қабілетті болып келеді.
Қосылған құн салығы түгелдей тұтынушыға ауысады, өйткені ол өнім мен қызметтердің едәуір ауқымын қамтиды және тұтынушылар бұл салық салынбайтын тауарды таңдай алмайды. Акциздер мен импорттық кеден баждары салынғанда мұндай таңдау болады, өйткені тұтынушылар акциздер мен баждар салынбайтын орнын басатын тауарлар мен қызметтерге қайта бағдарлана алады. Мұндай жағдайда сатушы оның тауарына сұранымның төмендеуіне байланысты бағаны түсіруге мәжбүр болады және салық ауыртпалығы бөлінуі мүмкін – ішінара тұтынушыға, ішінара сатушыға ауысуы мүмкін.
Тура, сондай-ақ жанама салық салу кезінде жалпы салық салу тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге (сатушыларға) және тұтынушыларға теріс әсер етеді, бұл бағаның өсуінен және өндіріс көлемінің қысқаруынан көрініп, білінеді. Өспелі баға тұтынушы сұранымын қысқартады, бұдан тауарларды сатудың ауқымы азаяды, ал өндірушілер мұндай тауарларды шығаруды азайтады. Рыноктық сұраным мен ұсыным қалпына келтіріледі, бірақ тепе-теңдік нүктесін жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге ауыстыру арқылы келтіріледі. Бұл келтірілген 12.6 сызбамен суреттеп сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет