ҚЎлпыбаев с


сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті



бет151/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

14.3 сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті.

Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық бюджетке аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламаларына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер шеңберіндегі қарыз алу (ішкі және сыртқы) есебінен жабылуы мүмкін.


2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұсқасы бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Оның негізінде бюджеттік үдерістегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сияқты шешуші салаларды қамтитын үш жылдық бюджет жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нұсқасы бюджеттің үдерістің стадиясындағы барлық операцияларды – стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен – әрбір мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік кодекстің нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтердін пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді.
Бюджеттік заңнама бюджеттік,бюджетаралық қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджеттік қаражаттардың құралуы мен пайдаланылуының негізгі қағидаларын, қағидаттары мен механизмдерін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын белгілейді.
2010 жылдың басынан әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібіне, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, бюджетаралық қатынастарды реттеуге, мақсатты трансферттерге, бюджеттік инвестицияларға, квазимемлекеттік секторға, мемлекеттік қызметтерге, бюджеттік қаражаттарды бақылауға қатысты кезекті толықтырулар мен өзгертулер қабылданды.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мына қағидаттарға негізделеді.
Бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін
білдіреді.
Бірлік қағидаты бұрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржылық ресурстарды иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржылық саясатты қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекетіне, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаттарын қолданумен,бірыңғай бюджеттік сыныптаманы және бюджеттік үдерістің бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салықтық саясатты қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестік қағидаты – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және Бюджеттік кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісін дербес жүзеге асыру құқығы,жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғарғы бюджеттерге алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі.
Бюджеттің толымдылығы қағидаты Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсетуді, бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға, сол сияқты бюджеттік қаражаттар бойынша талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді білдіреді. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақшалай түсімдерді, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет. Әлемдік практикада бұл қағидат оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дер­бес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен қазіргі кезде орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылмаған әдісі қабылданған: бюджетке бюджеттен тыс қорлар – зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, инновациялық қорлары жеке жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын дербес ретінде санауға болады.
Реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің әлеуметтік-экономикалық дамудың бекітілген (түзетілген), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сәйкестігі. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде қол жетеді.
Транспаренттілік қағидаты – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджеттік үдерістің міндетті ашықтығын қоспағанда, бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, бекітілген, нақтыланған (түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау.
Дәйектілік қағидаты деп мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар сферасында бұрын қабылдаған шешімдерді сақтауын айтады.
Нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару.
Сабақтастық қағидаты – өткен кезеңдерде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму, база­лық шығыстар болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау.
Негізділік қағидаты – бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілердің және басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау.
Касса бірлігінің қағидаты – бюджеттке түсетін барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру.
Уақтылық қағидаты – республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Ұлттық банктегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджеттік қаражаттарды алушылар шоттарына аудару.
Тиімділік қағидаты – бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тура нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нәтижеге қол жеткізу.
Жауапкершілік қағидаты – тура және түпкілікті нәтижелерге қолжетімділікке және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және квазимемлекеттік (мемлекеттік сыңайлы) сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы.
Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген.
Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі ауытқу болады. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Реалистік қағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға ұмтылады.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-әрекеттеріне негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет