ҚЎлпыбаев с



бет18/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Ақша және қаржы. Рыноктық қатынастардың практикасы экономикалық категорияларды қолданудың шекаралары мен шарттарын түзетеді, оларға жұмыс істеудің жаңа нысандарын үстеп береді. Ұқсас трансформацияны «қаржы» ұғымы алып отыр. Мәселен, қазіргі тұрмыстық қолданыста бұл термин жалпы алғанда ақша, ақшалай қаражаттар ұғымымен теңдестіріледі. Ұқсас мәнді өздерінің ресурстарының атауына шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындар мен ұйымдардың) банк және қаржы менеджерлері салады. Оның үстіне, «ақша» терминін «қаржының» орнына қою батыстың аударма әдебиетінен, бұқаралық ақпарат құралдарынан шығады.
Қоғамдық ұдайы өндіріске қызмет көрсететін ақша жалпы категория ретінде құнның жай-күйін (бағалануын) және қозғалысын қауыштырады, ал оның негізінде іс-әрекет ететін қосалқы категориялар – баға, қаржы, кредит, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру оның (құнның) қозғалысын неғұрлым нақтылы бағытта және айрықшалықты нысандарда нақтылы түрде көрсетеді, яғни қосалқы жүйелер тауар-ақшалай қатынастардың – ақшаның жұмыс істеуінің жалпыға ортақ нысанын реалдық мазмұнымен толтырады. Сөйтіп, ақша бастапқы категория болып табылады, ал оның функциялары (құн өлшемі, айналыс қаражаты, төлем қаражаты, қорланым қаражаты, әлемдік ақша) негізінде қатынастарды қамтудың түрлі дәрежесімен қалған, бағынышты категориялар (қосалқы категориялар) іс-әрекет етеді. Мәселен, бағаның іс-әрекетінде көбінесе ақшаның құн өлшемі және айналыс қаражаты ретіндегі функциялары, кредитте төлем, қорланым қаражаттары, әлемдік ақша функциялары көрініс табады.
Ақшаның негізінде жұмыс істейтін барлық категориялардың ішінен олардың іс-әрекетіне қаржылық қатынастар неғұрлым кең ауқымда жақын келеді. Қаржы ақшаға тән функциялардың көбін пайдаланады. Тап осы жағдай, тәрізі, практикада қаржыны ақша ретінде кеңінен түсінуге алып келді: ең әуелі төлем қаражаты функциясында, өйткені қолма-қол және қолма-қолсыз нысандарда қаржылық міндеттемелер ақшамен жүзеге асырылды, сонан кейін басқа ақшалай операциялар да қаржылық қатынастар сипатына ие болды. Мысалы, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін өлшеу кезінде қызмет ауқымдарын бағамен өлшеу арқылы (өнім, қызмет өндіру және одан ары – қаржылық менеджментте қолданылатын шаруа­шылық жүргізуші субъектілердің жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері).
Қаржы – бұл ұдайы өндіріс үдерісінде жаңа сапаны, жаңа қасиеттерді – қаржылықты иеленген ақшалар.
Бұл қағиданы ақшаға ұқсастығына қарай дәлелдейік: ақша қаржыға да, бағаға да, кредитке де, жалақыға да, капиталға да, бағалы қағаздарға да, т.с.с. түрлене алады. Қаржыға қатысты ақша қаржылық әдістердің көмегімен қаржылық ресурстарға, яғни нысаналы ақшалай қаражаттарға айналады. Өзінің функцияларын орындап, қаржылық ресурстар қайта ақшаға түрленеді: мысалы, салықтардың көмегімен қалыптасқан мемлекеттік бюджет білім беру мекемелерін ұстауға жұмсалады; бұл қаражаттарды алып, мекеме жұмыскерлерге – мұғалімдерге жалақы төлейді; оған олар тіршілікті қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды немесе қызметтерді сатып алады. Яғни бұл мысалда ақша «қаржы» категориясы ретінде де «жалақы» категориясы ретіне де және кері, «ақша» категорисы ретінде де қорытынды, кәдуілгі, рыноктык тауар - ақшалай операция – сату-сатып алу жасалған кезде болып келеді.
Ақшаның функциялары негізінде дамып,қаржы біріктірілген нысандарды тудырды – мысалы «қаржы капиталы», «қаржы рыногы», «қор рыногы». «Қаржы капиталы» ұғымына сәйкес ақшаның, қаржының және кредиттің неғұрлым етене қосылысы болды. Қаржы капиталы өнеркәсіп пен банк капиталдарының симбиозы ретінде ұдайы өндірістің негізгі қорларының толық айналымын тездету арқылы оны қарқындандыра отырып, ұдайы өндірісте сапалы өзге қасиеттер мен өзге рөлді бейнелейді. Ал өндірістік қорлар негізгі және айналым капиталдарының (капитал қалыптасуы) жаңғыртылу үдерістерін жүзеге асыру үшін инвестициялық ресурстарға түрлене отырып, ақшалай ресурстар – қаржылық, кредиттік ресурстар есебінен біріктірілген түрде қалыптасады. Бұл қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық менеджментінде, салықтық менеджментінде, қаржы рыногында, яғни енді қаржының өзінің функцияларын іс жүзінде іске асыру кезінде өте-мөте сараланғыш, икемді және атаулы болып келеді.
Сөйтіп, «ақша» және «қаржы» категориялары қосарлас, бірыңғай «үйлесімде» іс-әрекет етеді; мұндай өзара іс-әрекет кезінде ақша нысан ретінде болады, ал қаржы бұл нысанды арнайы мазмұнмен – қаржылық мазмұнмен, яғни сипатты айрықшалықты ұдайы өндірістік, белгілермен: бөлгіштік, қайта бөлгіштік, міндетті, сөзсіз болатын, баламасыздық, құнның бір жақты қозғалысымен толтырады. Әрі аталған белгілер түрлі жинақталымдарды және қатысудың түрлі дәрежесімен шаруашылық үдерістерінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді.
Алайда, ақшаның кез келген функциясында қаржы ақшаның өзіне қарағанда аз дәрежеде пайдаланылады. Ұдайы өндірісте қаржының функциялық қатысуы оның барлық стадияларында байқалынады.*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет