ҚЎлпыбаев с



бет245/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi.
Артықшылықты акциялардың меншiк иелерiнің – акционерлердiң жай акциялардың меншік иелеріне – акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгiленiп, алдын ала айқындалып кепiлдiк берiлген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиiс.
Акциялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс-берiсi акционерлiк қоғамның акцияларын тipкey кiтабында тiркелетiн акциялар. Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның иесiнiң компания акционерi ретiндегi заңды құқықтарын қуаттайтын акция түpi. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушiнi тipкeyдi қажет етпей-ақ бағалы қағаздар рыногында epкiн сатып алу-caтуғa мүмкiндiк бередi.
Облигация – ұстаушысына (иесiне) оның белгiленген құнының тiркелген пайызы түрiнде табыс түcipeтiн бaғалы қағаз; мемлекет немесе кәсiпорын iшкi қарыз шығару кезiнде белгiлi бiр шарттар негiзiнде беретiн борыштық мiндеттеме; жалған капитал нысандарының бiрi. Облигация өзiнiң ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетiлген сыйақыны не өзге мүлiктiк құқықты алуына құқық бередi. Облигацияның нақтылы құны – облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлетiн сыйақы есептелетiн ақшалай тұлғасы, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома. Облигациялар, сөйтiп, олардың иелерi (кредиторлар ) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдap (дебиторлар) арасындағы қарыздық қатынастарды растайды.
Облигациялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мaқсaтты),epкiн айналатын немесе айналысы шектеулi болып шығарылуы мүмкін. Кәсiпорындар облигациялардың барлық түрлерiн меншiктi қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебiнен сатып алады.
Облигациялардың мынандай түрлерi болады:
агенттiк облигация;
ипотекалық облигация;
қамтамасыз етiлген облигация;
iшкi мемлекеттiк және жергiлiктi қарыздардың облигациялары;
мемлекеттiк емес облигациялар;
акционерлік облигациялар;
кәсiпорындардың облигациялары.
Агенттiк облигация – қаржы агенттiгi шығаратын облигация. Ол қаржы агенттеріне мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру кезінде қарыз алулардың тиімді саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ипотекалық облигация –жылжымайтын мүлiктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепiлiмен (ипотекалық куәлiктердiң кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық aктісімен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлген облигация және тұрақты пайыз әкелетiн ұзaқ мерзiмдi бағалы қағаз.
Қамтамасыз етiлген облигация – эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, кепiлдiк берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге тәсiлдермен қамтамасыз етiлген облигация.
Ішкiмемлеккеттiк және жергiлiктi қарыздарды өткiзуден алынған қаражаттар тиiстi бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелерi таратады. Пайыздық iшкi және жергiлiктi қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленедi.
Кәсiпорындардың облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.
Бағалы қағаздар құpaмындa мемлекет тарапынан, халықтан және заңи тұлғалардан алынған қарыз фактiсiн куәландыратын мемлекеттiк бағалы қағаздар (МБҚ) ерекше болып келедi. Олар әр түрлi нысандарда шығарылады: қазынашылық мiндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық векселдер, облигациялар және басқалар. Олардың арасындағы айырмашылық ic-әрекет ету мезгiлiне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылықтың сипатына, ұстаушыларынa байланыстығында. Қазақстан Республикасында қазынашылық векселдер мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер (МҚМ) нысанына түрленген, олардың мәнi «Мемлекеттiк кредит және мемлекеттiк борыш» тарауында қаралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет