ҚЎлпыбаев с



бет38/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Қазынашылық комитетi өз құзырының шегінде мемлекеттiк бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қаржы министрлігiнің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері: республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету; Комитет органдарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазы­нашылықтың орталық аппаратынан және облыстар, қалалар бойынша оған бағынышты аумақтық бөлімшелерден тұрады.
Қазынашылық заңнамамен белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады:
1) мынадай салада мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
мемлекеттік бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу нәтижелерi туралы ақпаратты даярлау;
кезекті қаржы жылына арналған бюджеттiк тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттiң шығыстарын қаржыландыру;
мемлекеттік мекемелердiң тапсырыстары бойынша ұлттық, сол сияқты шетелдік валюта түрiнде де ақша аударымын жүзеге асыру;
екiншi деңгей банктері және банктiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттiк мекемелердi қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
жергiлiктi атқарушы органдар мен Қаржы министрлігіне жергiлiкті бюджеттердiң атқарылуы туралы ақпарат ұсыну;
республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және ерекшелiктер бөлiнiсiнде жүргiзiлген шығыстар туралы ай сайын ақпарат берiп отыру;
қазынашылықтың мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету кезiнде ақша аударымын жүзеге асыру;
мемлекеттiк кепiлдiк, қарыз алушылардың қаражаты күшiне енген жағдайда бюджеттік кредиттер мен республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттарды беру, оларға қызмет көрсету және қайтару жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
үкiметтік және мемлекет кепiлдендірген борыштық мiндеттемелер мен талаптардың есебiн және үкiметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражаттарды алу жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ету;
қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдендірген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын жүргiзу;
бюджет ақшасы есебiнен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыру;
республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша ағынын болжау және оларды Ұлттық банктiң салымдарына (депозиттерiне) орналастыру жолымен кiрiс алу мақсатында республикалық бюджет ақшасының ағымдағы қалдықтарын басқару;
республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы мемлекеттiк салықтар мен төлемдердi бөлудi қамтамасыз ету және оларды түрлi деңгейдiң бюджеттерiне есепке алу;
мемлекеттiк мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған кезде, қаржылық бақылау органдарының ұсынысы бойынша ақшаны бюджетке даусыз тәртiппен өндiрiп (қайтарып) алуды жүзеге асыру;
2) бақылау-қадағалау функциялары:
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi жиынтық қаржы жоспарының мемлекеттік мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкестігін бақылау;
мемлекеттiк мекемелер қабылдайтын мiндеттемелер сомаларының берiлген рұқсаттардың сомаларына сәйкестігiн бақылау;
мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың бюджет заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асыру;
мемлекеттік мекемелердiң валюталық операциялар жүргізу кезiнде валюта заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер ұйымдастыру;
мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп туралы заңнаманың сақталуын алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
мыналар:
бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жиынтық қаржыландыру жоспарына;
жүргiзiлетiн төлемдер қабылданған мiндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда қазынашылық төлем операцияларының атқарылуын тоқтата тұру;
мемлекеттiк мекемелердiң бюджет қаражаттарын игеру және шығыстары есебiнiң мониторингi;
Ұлттық банктегі Комитеттiң тиiстi банктiк шоттары арқылы мемлекеттiк мекемелердiң валюталық операцияларын жүргiзу және есепке алу;
бюджеттік қаражаттар, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспар­ларының атқарылуы туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тоқсандық және жылдық есептерiн қабылдау мен тексерудi жүзеге асыру;
үкiметтік және мемлекет кепiлдендірген борыштың мониторингi мен оны басқаруды және республикалық бюджет берешегi бойынша талаптардың сақталуына мониторингті, сондай-ақ жергілiкті атқарушы органдар борышының мониторингiн және оны бақылауды қамтамасыз ету;
қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiмен жұмыс iстеу кезiнде ұйымдастыру шараларының сақталуын бақылау;
Қаржы министрлiгі агенттерiнiң бюджеттiк кредиттерге, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдендірген қарыздарға қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауын бақылау;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен оған жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыру.
Қазынашылық жұмыскерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, мемлекеттік банктердің қаржылық- бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар. Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тыйым салуға, ақшаны бюджетке өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық бюджеттік қаражаттарды үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет