ҚЎлпыбаев с



бет60/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Тәуелсіздік қағидаты – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың жұмыскерлерінің қызметті жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.
Бақылаудың объективтілік қағидаты – бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.
Анықтық қағидаты – бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттар­мен, бақылау объектінің өзге құжаттарымен растау.
Бақылаудың ашықтық қағидаты – бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасы Президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.
Құзырлылық қағидаты – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.
Жариялылық қағидаты – құпиялылық режімді, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлкеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады. Бұл стандарттарды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.
Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашатын міндеттеріне мыналар жатады:
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақшалай ресурстарды (бюджеттік және меншікті қаражаттарды, банктік несиелерді, бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру;
ұйымдардың және халықтың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерінің орындалуын тексеру;
қаржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік құнды төмендету және
өнім, қызметтер рентабелділігін арттыру жөнінде ішкі өндірістік резевтерді анықтау;
кәсіпорындарда, ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде қаржылық операцияларды, есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай қаражаттарды сақтау ережелерін сақтауды, материалдық құндылықтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жұмсауды тексеру;
қаржылық тәртіпті бұзуларды жою және ескерту. Оларды айқындап білген жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке және ұйымдарға залалды өтеу қамтамасыз етіледі.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдылық жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп нығаяды. Қаржылық тәртіп – бұл мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қаражаттарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін айқын сақтау.
Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық үдерістерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-шаруашылықтық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халықтық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында болды.
Қаржылық бақылау рыноктық қатынастар жағдайларында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.
Жаңа экономикалық өзара қатыастар үнемі тексерулерге, қаржылық операцияларды, әр түрлі мәмілелерді қадағалауға төзбейді. Тегіс қамтып алатын бақылау қалыпты рыноктық қатынастарға тежеуші болып табылады. Бірақ меншікті жаңғыртудың нысандары мен әдістерінің істеліп бітпегендігімен, бағаладың жария етілуімен, шарушылық жүргізудің еркіндігімен, экономикалық жағдаяттың тұрлаусыздық факторларымен сипатталатын өтпелі кезең қоғам үшін қолайлы бағытта қаражаттардың қаржылық ағымдарының қозғалысын басқарылудан және бақылаудан қалады. Бұл жағдайларда қаржылық тәртіпті, қаржылық заңнаманы бұзу үрдісі күшейеді, мемлекеттік меншікті теріс пайдалану жиілейді.
Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі барлық келеңсіз көріністерге сенімді тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді,әлеуметтік әділеттілікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндігін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу үдерістеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын,әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Қаржылық бақылау Жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды орын алады. Қазақстанда жемқорлықпен күрес қаржылық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Қаржылық бақылауды қолданумен бірге, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандары, әдістері және құралдары әзірленген:
Рынок жағдайларында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі , кешендік бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржылық-шаруашылықтық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:
мемлекеттік бақылауды нығайту;
тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;
бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет