10.2.Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер, оларды қаржыландыру
Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттің тікелей қатысу нұсқалары болуы мүмкін. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының іс-әрекетіне ұшырамайды. Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.
Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде – құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.
Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп кетеді, яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, бірқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілеген кепілдікті ең төменгі деңгейден жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі және басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жеке меншік сектор оларды жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл – «аралық» қоғамдық қызметтер немесе қоғамдық сыңайлы (мемлекеттік сыңайлы) тауарлар (10.4 сызбаны қараңыз).