Инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жəне жаңғыртуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені.
Инвестициялық қызмет – жеке жəне заңи тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі.
Инвестициялық мағлұмдама– зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылатын жəне инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын анықтайтын құжат.
Инвестициялық преференциялар –Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңи тұлғаларына сəйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар.
Инвестициялық портфель –бағалы қағаздар рыногы субъектінің меншігінде немесе басқаруындағы əр түрлі қаржылық құралдардың не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы.
Инвестициялық табыс –жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нəтижесінде алынатын ақша.
Инвестициялық ұсыныс – бюджеттік инвестициялық жобаны одан əрі дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар əкімшілері əзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, қолжетерлік жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы.
Инвестициялық портфелді немесе зейнетақы активтерін басқарушы –
бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп жəне соның есебінен жүзеге асыратын кəсіпқой қатысушысы.
Инвестор –Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке жəне заңи тұлғалар.
Инжирингтік қызметтер көрсету – инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-контрукторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру жəне басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсыныстар əзірлеу.
Инсайдер – эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек келісімшартын немесе азаматтық-құқықтық келісімшарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға.