ҚЎлпыбаев с


сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару



бет43/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   314
3.1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі

Жоспарлау-экономикалық
бюросы

Банктік және кассалық операциялар бюросы

Есеп айырысу
бюросы

Бағалы қағаздар бюросы

Т О П Т А Р

Қаржылық-кредиттік
жоспарлау

Оперативтік жоспарлау мен бақылау

Экономикалық талдау

Кредиттік операциялар

Кассалық операциялар

Тапсырыс берушілермен есеп айырысу

Сатып алушылармен есеп
айырысу бюросы

Кінәрат-талап тобы

Корпоративтік бағалы
қағаздардың

Басқадай құралдардың

Ірі кәсіпорындарда қаржылық қызметті экономика немесе қаржы жөніндегі директордың орынбасары, қаржы директоры, вице-президент (әсіресе, акционерлік қоғамда), қаржы менеджерлері басқаруы мүмкін. Бұл лауазымды адамдарға басқа экономикалық службалар: жоспарлау-экономикалық службасы, бухгалтерия, экономикалық талдау секторы және т.б. бағынуы мүмкін.


Қаржы-өткізім бөлімдері сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу бойынша, қаржылық жоспарлау және талдау, кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас функцияларды жеке атқарушы-мамандар орындай алады.
Қаржы бөлімдері жоқ шаруашылық органдарында қаржылық жоспарлау мен қаржылық нормативтердің есеп-қисабы экономикалық службаға, ал оперативтік-қаржылық жұмыс, есеп-қисаптардың барлық түрлері және кассалық жоспарлау бухгалтерияға жүктеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рентабелділікті арттыру;
өндіріс, инвестициялар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;
мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
есеп айырысуларды ұйымдастыру;
өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымдарды тиімді пайдалануға жәр­демдесу;
қаржылық ресурстарды дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражат­тарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.
Фирманың, кәсіпорындардың қаржысын оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.
Шаруашылықты жүргізудің рыноктық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы­лық көздерін, қаржылық ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыт­тарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржылық менеджмент­тің басқа мәселелері рыноктық экономика жағдайларында кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.
Соңғы кезде ұлттық экономиканы басқаруда корпоративтік басқару жүйесі дамуда. Корпоративтік басқару жүйе ретінде иелену (акционерлер) және басқару (жалдамалы менеджерлер) функцияларының бөлінуімен байланысты пайда болды. Корпоративтік басқару компанияның акционерлері мен менеджментінің өзара іс-қимылының жүйесін білдіреді.
1990 жылдары экономиканың дамуы үшін жақсы басқару қағидаттарының маңыздылығын түсіну бірқатар елдерді Корпоративтік басқару кодекстерін әзірлеуге жеткізді, ал оларды қолдану компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруы тиіс.
Корпоративтік басқару ішкі және сыртқы болып ажыратылады.
Ішкі корпоративтік басқару шеңберінде басқарудың қолданыстағы жүйесіне зерттеу және талдау, негізгі компания мен еншілес (тәуелсіз) қоғамдарды басқару тұжырымдамасын әзірлеу жүргізіледі. Әзірленген тұжырымдама шеңберінде қоғамдардың өзара қарым-қатынастарын бекітетін ішкі нормативтік құжаттар (ішкі стандарттар) дайындалады. Бұл ішкі нормативтік құжаттар жарғылық капиталдарға немесе өзге ұйымдардың қорларына еншілес қоғамдардың қатысуы; құрылтайшылардың (акционерлердің) жалпы жиналыстарын өткізу тәртібін директорлар кеңестері мен еншілес қоғамдардың атқарушы органдарының құзыры, еншілес қоғамдардың дивидендтік саясаты, еншілес қоғамдардағы негізгі компания өкілдерінің жұмысы туралы қағида және өзге мәселелерді реттейді.
Сыртқы корпоративтік басқару жүйесінің мәнін ережелердің жиынтығы (Кодекс) құрайды, олар әлуетті инвесторларға өз қызметінде компанияның қандай қағидаттарды басшылыққа алатындығы, компания және оның басшылығы жұмысының тиімділік деңгейі қандай екендігі туралы толық және айқын көрініс алуына жәрдемдеседі.
«Корпоративтік қылық кодексі» мазмұнының негізін корпоративтік басқарудың негізгі және неғұрлым әсерлі органы ретінде қарастырылатын директорлар кеңесінің ұйымдастырылуын, қағидаттарын және қызмет технологиясын реттейтін ережелер құрады. Директорлар кеңесі сонымен қатар компания иелерінің мүдделерін көрсету және қорғауға арналған негізгі орган ретінде де қарастырылады.
Корпоративтік басқарудың мәселелері қор рыногында акциялар айналатын тек акционерлік қоғамдар үшін қызықты деп саналады. Шындығында жақсы корпоративтік басқарудың стандарттары кез келген компанияның құнын күшті жоғарлатуы мүмкін. Қазіргі әлемдік экономикада корпоративтік басқарудың сапасы кәсіпорындар тұрақтылығының аса маңызды факторларының біріне айналып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет