Ұлтымыздың дана перзенттерінің бірі Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы



Дата16.10.2023
өлшемі97,73 Kb.
#115712
Байланысты:
Джетимекова Жания ТФП22-024


§ Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
Ұлтымыздың дана перзенттерінің бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Осынау ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының бітім-болмысы, шығармашылық мұрасы зерделеніп біткен жоқ. Халық оны көзі тірісінде-ақ «әулие» атауы – өз алдына бөлек зерттеуді талап ететін тақырып.

Ал енді балалықтың бау-бақ­ша­сынан даналықтың дария­сы деңгейіне көтерілген Көпейдің Жүсібі 1858 жылы Семей облысы Баянауыл сыртқы округі аумағындағы Баянауыл мен Қы­зыл­тау тауларының арасында орна­ласқан Ашамай тасы деген жерде дүниеге келген. Ата-ана­сының азан шақырып қойған есімі – Адамжү­сіп. Қаршадайынан (9 жас) қисса-дастандарды жатқа айтып, ел көзіне түскен баланы бірде аға сұлтан Мұса Шорма­нов шақырады. Алқалы жиында тарихтың тамырынан тартып, талай жыр-дастанды төгілте орын­даған балаға риза болған ел ағасы: «Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен», деп есіміне «Мәшһүр» атын қосыпты. Асылында, «мәшһүр» сөзі араб тілінде «танымал» дегенді біл­ді­реді. Айтқанындай-ақ, жақын жұртынан төрткүл дүниеге дейін танылады.


1861 жылдың қысы қатты бо­лыпты. Жұт жеті ағайынды де­мекші, аштық та бала Жүсіптің от­басын айналып өтпейді. Жер­төледегі жемінен қорадағы малына дейін айырылады. Сонда жет­кіншек Жүсіптің көреген әкесі: «Адам­ға мал жолдас болмас, ғы­лым жолдас» деген шешімге келіп, баласын оқытуға бел буады. Содан бес жылдай (1863-1868) Баянауыл медресесінде өңірге танымал Нә­жі­меддин (Қамаратдин) молда­дан білім алады. Болашағынан зор үміт күттіретін бала өте ыжда­ғат­тылықпен оқып, көп ұзамай ерек­ше табиғи ақыл-ойының, та­бан­дылығының, тәртіптілігінің арқасында медреседегі барлық мол­даның назарын өзіне аударады. Зейіні мықты, зерек Жүсіп өзінен үл­кен балаларды да басып озады.
Жылдар жылжып, бала Жүсіп дана Жүсіптің алғашқы бас­­­пал­­дағын аттайды. Мәш­һүр-Жүсіп 1872–1874 жылдар ара­лы­ғында Бұхарадағы Көкілташ медресесінде оқып, араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп шыға­ды. Ол Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули және басқа да Шығыс әдебиеті өкіл­­дерінің шығар­ма­ла­рын түп­­нұсқадан еркін оқи алатын дең­гейге көтеріледі.
М
әшһүр-Жүсіп жас кезінен-ақ халық ағарту ісі мен ғылым сала­сына ден қоя бастайды. Туған жері Қызылтауда жерлестерінің ба­ла­ларына арабша тіл сындыртып, дәріс беріп, олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын арттырып, қолөнер, егіншілік, сауда, мал шаруашылығымен бі­лек түре шұғылдануға шақырды. Зама­нының заңғары Мәшһүр-Жү­сіп «Білім алып, өмірлік қажетті іскер­лік пен дағдыларды меңгеру – ұлттық ояну мен өркендеудің бір­ден-бір жолы» деп білді.

Рухани қайраткер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Алаштың озық ойлы зиялыларымен тығыз байланыста болды. Қазақтың қара нары, әлемге әйгілі балуан Қажымұ­­қан Мұңайтпасұлымен де дәм-тұз­дас болған.


Мәшһүр-Жүсіп шығармалары­ның басым көпшілігі адалдық пен адамдық туралы толғамды ойға толы. Жазбалары жақсылықтың жаршысындай еді. Жастарды бі­лім­ді әрі саусағынан бал тамған өнер­паз болуға да үндеді. Оның мысалдары мен өлеңдерінде халқына деген терең сүйіспеншілігі, оқу-ағарту ісін дамытып, әлеуметтік әл-ауқатқа жетуге деген уайымы аңғарылады. Мәшһүр-Жүсіп философия, медицина, астрономия, геология, география, этнография, фольклор, тіл білімі, педагогика, дінтану саласында зерттеулер жүргізіп, дала мәдениеті туралы терең дәлелді пікірлерін ұрпағына мұра етіп қалдырды.
Ғалым әрі ақын туған елінің тарихы мен мәдени мұрасын түгендеуді өзінің өмірлік мұраты деп білді. Мәшһүр-Жүсіп Көпей­ұлы ауыз әдебиеті үлгілерін жи­нақ­тауды жастайынан бастады. 1865 жылы «Ер Олжабай батыр» дастанын жазып алды, бұған ұста­зы Қамар хазіреттің ықпалы мен кө­мегі зор еді. Ол жасөспі­рім кезінен Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр және басқа да көптеген атақты тарихи тұлға туралы деректерді қағазға түсірген.
Бүгінгі таңда ұлы ойшыл, әулие атанған Мәшһүр-Жүсіп­­тің мұрасы 20 том болып жа­рық көрді. Олар Қазақстан Респуб­лика­сының Ғылым академиясында, Алматы қаласының Орта­лық кітапханасында, М.Әуе­зов атындағы Әдебиет және өнер инс­титутының қолжазба қорында және ұрпақтарының қолында сақ­таулы. Қол­жазбалардың бір бө­лігі Мәш­һүр-Жүсіп Көпейұлы атын­дағы мұражайда тұр. Оның қол­жаз­баларының көбі күшәла қосылған сиямен жазылғандық­тан, жақсы сақталған.
Қазақтың ойшылы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының кейінгі ұр­пақ­қа қалдырған рухани мол мұ­расы – нағыз парасаттылық­­тың, инабаттылықтың, киеліліктің, ­ар-намыс пен тектіліктің жар­қын үлгісі. Бұл мұра – қазақтың тарихын түгендеуде, әдебиетін жүйелеуде таптырмас алтын қа­зына. Сол қазынаны ұлтымызға және әлемге жеткізу – бүгінгі ға­лымдардың, аудармашылардың абыройлы міндеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет