Ұлтын сүйген ұландар 1986 жылғы желтоқс ан оқИҒасының (19-20) ҚарағандыдағЫ Қаралы іздері



Pdf көрінісі
Дата07.02.2017
өлшемі489,57 Kb.
#3632

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛАНДАР

1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚС АН ОҚИҒАСЫНЫҢ (19-20)

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ҚАРАЛЫ ІЗДЕРІ

1986 жылғы

20-желтоқ-

санда орта-

лық және об-

лыстық «Ор-

талық Қа-

зақстан» жә-

не «Индуст-

риальная Ка-

р а г а н д а »

газеттерінде

Т А С С - т ы ң

Алматыдан

берген хаба-

ры жария-

ланды. Онда

17-желтоқсанның кешінде және 16-желтоқ-

санның күндізінде Қазақстан Компартиясы

ОК-нің 16-желтоқсанда өткен V Пленумы-

ның шешіміне наразылық білдірген жастар-

дың бойкөрсетулері болып өткендігі хабар-

ланған.

Белгілідей, 1986 жылы 16-желтоқсанда



Қазақстан Компартиясы Орталық Коми-

тетінің ұйымдық мәселелерді қараған V

Пленумы болып өтті. Пленум зейнет-

керлікке шығуына байланысты Д.А.

Қонаевті республика Компартиясы ОК 1 -ші

хатшысы міндетінен босатты. Қазақстан

Компариясы ОК 1-ші хатшысы болып СОКП

ОК мүшесі, Ульяновск облыстық партия

комитетінің 1-ші хатшысы болып істеген

Г.П. Колбин сайланды. Пленум жүмысына

СОКП ОК хатшысы Г.П. Разумовский,

СОКП ОК ұйымдық-партиялық жұмыс

бөлімінің сектор меңгерушісі И.Ф. Мищен-

ко қатысты.

1986 жылғы 19-желтоқсанда Қарағанды

қаласында 20.00 сағат шамасында Қараған-

ды мемлекеттік университеті мен мединсти-

туттың оқу корпустары орналасқан Гагарин

атындағы алаңға адамдардың үлкен тобы -

негізінен студент жастар кездейсоқ жина-

лып қалды, олар артынша Совет даңғылы-

на - қаланың орталық көшесіне қарай ба-

ғыт алды. Осы арада адамдардың бұл тобын

милиция күшімен қуып таратты.

• 1986 жылғы

20-желтоқ-

санда таңер-

тең (9.30,

10.00 шама-

сында) облы-

стық партия

к о м и т е т і

ғимараты ал-

дына жастар-

дың үлкен то-

бы жиналды.

Бұлар негі-

зінен Қара-

ғанды қала-

сындағы жо-

ғары оқу орындарының студенттері еді.

• Жұмысшы тобы айқындағандай, митингіге

ҚарМУ-дің 19 студенті, Қарағанды

кооперативтік институтының 28 студенті,

мединституттың 39 студенті, пединститут-

тың 13 студенті, политехникалық институт-

тың 26 студенті қатысты.

•Сол күні ішкі істер органдары қызметкерлері

бұлардан өзге облыстық партия комитетінің

алдындағы алаң маңайында жүрген

студенттерді де аудандық бөлімдерге қой-

дай тоғытып жатты. Қарағанды мемлекеттік

университетінің 34 студенті жатақханалар-

дың шығаберісі мен автобус аялдамаларын-

да жазықсыздан жазықсыз ұсталынып, ішкі

істер органдарына жеткізілді.

• «...19-желтоқсанда сабақтан соң барлық

уақыт жатақханадағы өз бөлмемде болдым.

Семестрге берілген тапсырмаларды шешу-

мен айналыстым. 20-сы күні таңертең алға-

шқы сабаққа бардым. 10 сағат 25 минутта

корпустан шығып жатақханаға келдім, оның

есігі жабық тұр екен. Осы сәтте маған ми-

лиция қызметкерлорі жетіп келді де ештеңе

сұрап жатпастан, милицияға салып жіберді»

(ҚарМУ-дің студенті

Г.Б. Баймағамбетованың түсінігінен).

• «Мені шындығында, 1986 жылы 20-желтоқ-

санда М.Әуезов атындағы кітапхананың

АТ №9 ЖЕЛТОҚСАН 2000



шыға берісінде милиция қыз-

меткерлері ұстап алды. 11.00 сағат-

та еш түсіндіріп жатпастан, мили-

ция автобусына ұрып-соғып және

тепкілеп тығып, Ленин аудандық

ішкі істер бөліміне алып келді.

Мұнда мен сияқтылар көп екен,

әсіресе қыздар жағы. Түсініктеме

жазудан бас тартқандарды қинап

милиция қызметкерлері жауап алу

бөлмесінде ұрып-соғып жатты, ай-

қайлаған, жылаған дауыстар естіліп

тұрды. Артынан, қыздар өздерін

ұрып-соққандарын және

етіктерімен іштен тепкендерін айт-

ты. Мен жұрттың көздеріндегі жа-

сты және жылағандарын көргеннен

кейін қарсыласпай, түсінік жазып

бердім».

(КарМУ-дің студенті

И. Балмұханбетовтің түсігінен).

Университеттің физика факультетінің 50

студентін қалалық ішкі істер басқармасы-

ның милиция наряды тұп-тура сабақ үстінде

алып кеткен.

«...физфак студенттерінің екінші сабағы

дене тәрбиесі болуы тиіс еді. Сабақ шаңғы

базасында өтпек-тұғын. Облыстық партия

комитеті жанында 10.00 сағатта жастар жи-

налады деп күтілгендіктен, факультет бас-

шылығы дене тәрбиесі сабағын өз корпус-

тарында өткізу керек деп шешті. Сту-

денттерді спортзалға апару керек болды,

осы кезде екі-үш адам корпустан шығып

кететіндіктерін білдірді. Олар шешінбеуге,

өздерімен бірге корпустан кетуге үндеу та-

стады. Біздің қатеміз осынау екі-үш

студентті құрықтау үшін милиция шақыр-

тқанымыз болды. Бұдан соң студенттерді

спортзалға кіргізіп, олармен әңгіме өткізілді.

Содан кейін олар аудиторияға таратылды.

Алайда, осында келген қалалық ішкі істер

басқармасының өкілі майор Чен басшылы-

ғының қатаң нұсқауын алға тартып, авто-

буспен қоса милиция нарядын шақыртты да,

барлығын - 50 адамды оқу аудиториялары-

нан алып кетті.

(КарМУ-дің партком хатшысы

Ю.Антиповтың мәлімдемесінен).

Елдің басқа жоғарғы оқу орындарындағы

секілді Қарағанды жоғарғы оқу орында-

рында студенттерді БЛКЖО қатарынан шы-

ғарылуына байланысты оқудан шығару

практикасы қате деп табылды және бірі

екіншісімен байланыстырылған жоқ. Алай-

да, Қарағандыдағы желтоқсан оқиғалары-

нан кейін бұл жазалау практикасы партия

органдарының күшімен қайтадан қалпына

келтірілді.

«Жоғарыда аталған студенттерге қатысты

жасалынған барлық заңсыздық әрекеттер-

ге Қарағанды облаткомының ішкі істер бас-

қармасының басшылығы және ең алдымен

В.ГТ. Шумиленко, бүгінде Қазақ КСР халық

депутаты (бұл арада 1990 жыл сөз болып

отыр - Ред.) жауапты болуы керек. Ішкі істер

қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері билікті

асыра пайдаланумен сипатталады. Бұл -

біріншіден, қоғамдық тәртіпті бұзбаған

адамдарға күш қолданудан, екіншіден,

студенттерді заңсыз ұстаудан және оларды

аудандық ішкі істер бөлімдеріне әкеліп, 3 са-

ғаттан артық қамаудан көрініс табады».

(Жұмысшы-сарап комиссиясының

қорытындысынан).

Желтоқсан оқиғаларынан кейін, 1986 жылы

18 желтоқсанда Алматыға СОКП жанын-

дағы партиялық бақылау комитетінің төра-

ғасы М.С. Соломенцев келді. Ол қаланың

партия-шаруашылық активінде,

кәсіпорындардың еңбек ұжымдары арасын-

да, республика жоғары оқу орындарында

сөз сөйледі. Оның Алматыға сапарының

нәтижелері жөніндегі есебі СОКП ОК Сая-

си бюросының мәжілісінде тыңдалды. Онда

былай деп атап өтілді: «Болып өткен жина-

лыстарда партия мүшелері, комсомолецтер,

еңбекшілер Алматыда орын алған ұлтшыл-

АТ №9 ЖЕЛТОҚСАН 2000


дық көріністерді өткір айыптауды және

олардың арандатушыларын жазалауды та-

лап етуде». («Казахстанская правда»

газетінің 1986 жылғы 27 желтоқсандағы са-

нын қараңыз).

«Республикалық және орталық баспа-

сөздердің беттерінде 1986 жылғы желтоқ-

сандағы оқиғаларға байланысты көптеген

материалдар жарық көрді. Мәселен, 1987

жылғы 8 қаңтарда «Казахстанская правда»

газетінде Г. Дильдяев пен А. Петрушовтың

«Тағы да ескі байланыстар туралы» деген

мақаласы шықты. Онда Алматының жоға-

ры оқу орындарында, соның ішінде, ҚазМУ-

де негізінен республиканың оңтүстік облы-

старынан шыққандардың оқитыны айтылғ-

ан».

Обкомның 1-ші хатшысы В.И. Локотунин об-



лыстық партия комитетінің 1987 жылғы 11

қарашада өткен пленумында СОКП-ның

барлық ұлттық саясатын облыстың басшы

органдарындағы ұлтшылдықтың цифрлық

қатынасына әкеліп тіреді. Оның баяндама-

сында қазақтар ешқандай еңбегі сіңбестен-

ақ басымдық алу-

да деген ой өзек

болып өріліп отыр-

ды. Ол пленумда

былай деп мә-

лімдеді: «Неғұр-

лым көкейтесті

мәселелердің іші-

нен алдыңғы қата-

рға неміс тілін ана

тіліндей оқып-

үйрену, оқыту са-

пасын жақсарту

міндеті қойылуда».

«солай дей тұра ол

қазақ тілін оқыту

мәселелері туралы

жұмған аузын аш-

қан жоқ.

Қудаланған

профессор

Н.ЕЛІКБАЕВ

• Қарағанды қала-

сының Қазақстан

КП Совет аудан-

дық комитетінің

хатшысы В.Н. Пригодин 1987 жылғы 7

қаңтарда университетте өткен партия жи-

налысында шығып сөйлеген сөзінде былай

деп мәлімдеді: «...Алматыдағы қоғамға қар-

сы элементтердің жауапсыз іс-әрекеттері,

біздің қаламыздағы оқушылырдың саяси

зиянды бойкөрсетулері, - ашық баға берер

болсақ, - социализм жеңістеріне қастандық

жасау әрекеттерінен басқа ештеңе де емес.



 Желтоқсан оқиғасынан кейін Қарағанды

қаласының жоғары оқу орындарында ұлты

қазақ оқушыларды қуғындау басталды.

Университеттің бірінші проректорынан ба-

стап декандарға дейін орындарынан ауыс-

тырылды.


 Қарағандыдағы КСРО ІІМ  Ж о ғ а р ы

мектебінде 1985-1990 жылдар аралығында

33 оқытушы жұмыстан кетіріліп немесе ба-

сқа жоғары оқу орындарына ауыстырылса,

солардың 79 проценті жергілікті ұлттың

өкілдері еді. Олардың арасында 29-ның

ғылыми дәрежелері, атақтары болды, олар

- ғылым докторлары, ғылым кандидаттары,

доценттер және мақсатты аспирантура мен

адьюнктураның 4 түлегі болатын. Солардың

бірі - белгілі философ, доцент - Нәби

Елікбаев жазықсыз қуғындалып, жәбір

көрді.


• «1985 жылдан бастан Жоғары мектептің бас-

шылығы және В.Л. Алехиннің жеке тара-

пынан заң ғылымдарының докторы, профес-

сор С.Н. Сәбикеновке күйе жағу, беделін

түсіру, жеке басының дәрежесін төменде-

ту бағытында мақсатты жұмыстар

жүргізілуде. Бір жақты дендеген қарым-

қатынастың, облыстық партия комитеті

әкімшілік органдарының бұрынғы бөлім

меңгерушісі В.В. Горецкийдің қолдауымен

мектеп бастығы В.Л. Алехиннің тарапынан

жасалған қуғындаудың нәтижесінде С.Н.

Сәбикенов мектеп бастығының ғылыми

жұмыстар жөніндегі орынбасары қыз-

метінен кетуге мәжбүр болды» (Жұмысшы-

сарап комиссиясының қорытындысынан).

 «Қарағанды қаласында 1986 жылғы 19-20



желтоқсанда қалыптасқан жағдай кезінде

жергілікті өкімет органдары, Қарағанды

облыстық, қалалық және аудандық партия

комитеттері толық саяси қабілетсіздік та-

нытты  ж ә н е бұқарамен өзара сенім

негізінде сөйлесе алмайтындықтарын

көрсетті. Бұлардың орнына олар жағдай-

ды қасақана ұшықтырып, өзгелерді қала-

ның қазақ тұрғындарына, әсіресе, жаста-

рға деген жеккөрушілікке арандатумен

болды»

(Жұмысшы-сарап комиссиясының

қорытындысынан).

• «5 адам ұлттық және нәсілдік теңдікті

бұзғандары үшін ҚазКСР-ҚК 60 бабы бой-

АТ №9 ЖЕЛТОҚСАН 2000



ынша жауапқа тартылды. Барлық 5 іске

Қарағанды облыстық сотының мүшесі

М.Ғ. Рысбеков  т ө р а ғ а л ы қ жасады»

(Жұмысшы-сарап комиссиясының қоры-

тындысынан).

Тиісті өкімет органдарының қолымен жа-

салынған акциялардың заңға қарсы сипа-

тын тани отырып, ресми түрде айыптау

керек.



 Қазақ жастарын жаппай ұрып-соққан



және олардың қаны төгілген алаңды «18

желтоқсан атындағы алаң» деп атауға



ТАУҚЫМЕТ

ПЕН

ЕГЕМЕНДІК

АРАСЫ

шешім қабылдау мүмкіндігі жөніндегі

мәселелерді қарастыру керек.

(Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасы

Жүмысшы-сарап комиссиясының үсынысы-

нан, 1990 жылдың сәуір-мамыр айлары).

Республикалық «Азия Транзит» газеті 1986

жылғы 19-20 желтоқсан күндері Қараған-

ды қаласында болып өткен жастардың им-

периялық езгіге қарсы бас көтеруі Ленин

даңғылында бастау алғанын ескере отырып,

оны «Желтоқсан даңғылы» деп атау

жөнінде ұсыныс енгізеді.



1723 жылы жоңғар шапқыншылығына ұшыраған қазақ халқы 1 млн. адамынан (40

процентінен) айрылды. Осы бір кезең "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деген

атпен белгілі.

* * *

1916-21 жылдары 800 мың адам (халықтың 20 проценті) шейіт болды.

* • •

1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың жалпы саны 3 млн. 628 мың болған.

* * *

Ал, 1939 жылғы халық санағында бұл көрсеткіш 2 млн. 307 мыңға төмендеген.

* * *

1930-33 жылдары 3 миллиондай қазақ аштан өлді. Бұл халықтың 52 процентін құрайды.

* * *

1897 және 1939 жылғы санақ аралығында өзбек халқы 5 есе, қырғыз 4 есе, тәжік 3 есе

көбейген. Қазақ халқы осы аралықта 4 млн. 84 мың адамнан 2 млн. 307 мың адамға

кеміген.

* * *

Республикада 1930 жылы мал басы 244 млн. болса. 1931 жылы 11 млн., 1932 жылы З,3

млн., 1933 жылы 2,5 млн. дейін азайған.

* * *

Ұлы Отан соғысында 350 мың ұл-қызынан айрылған қазақ халқының саны 12 процент

кеміді.

* * *

Егер жоңғар шапқыншылығы, аштық, т.б. нәубеттер болмағанда, Қазақ Елі бүгінде

кемінде 30 млн. адамнан асып түседі екен!

АТ №9 ЖЕЛТОҚСАН 2000




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет