Ұлттық біліктілік тестілеуіне өтініш беруге арналған қосымшаны пайдалану нұсқаулығы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.07.2022
өлшемі1,25 Mb.
#37527
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
inst kaz

 


 
8-сурет-ЖСН жоқ тестіленушілердің жеке мәліметтерін толтыруға арналған парақша 
 
Ескерту! Тіркелу электрондық пошта расталғаннан кейін ғана толық аяқталады. 
 
Кіру 
 
Қосымшаға кіру үшін тестіленушіге Кіру/Тіркелу парақшасында «Кіру» бөлімінде 
осы қосымшаға тіркелу барысында көрсеткен электрондық поштасын және құпиясөзді 
енгізіп, «Кіру» батырмасын басу қажет (2-сурет). 
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? 
 
Егер тестіленуші қосымшаға кіруге арналған құпиясөзін ұмытса, Кіру/Тіркелу
парақшасында «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» батырмасын басу қажет (2-сурет). 
Құпиясөзді қалпына келтіру парақшасы ашылады (9-сурет).
9-сурет-Құпиясөзді қалпына келтіру парақшасы 
Қосымшаға тіркелу барысында көрсеткен электрондық поштаны енгізіп, «Қалпына 
келтіру» батырмасын басу қажет. 
Енгізілген электрондық поштаға құпиясөзді ауыстыруға арналған сілтемесі бар хат 
жолданады. Егер хат электрондық поштаның «Кіріс» жәшігінен табылмаса, «Спам» және 
«Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет. 
Сонымен қатар құпиясөзді ЖСН арқылы қалпына келтіруге болады. Ол үшін 
құпиясөзді қалпына келтіру парақшасында «ЖСН арқылы парольді қалпына келтіріңіз» 
батырмасын басу қажет (9-сурет). 
Құпиясөзді ЖСН арқылы қалпына келтіру парақшасы ашылады (10-сурет). 


10-сурет-Құпиясөзді ЖСН арқылы қалпына келтіру парақшасы
Тестіленушінің ЖСН-ін енгізіп, «Қалпына келтіру» батырмасын басу қажет. 
Қосымшаға тіркелу барысында көрсеткен электрондық поштаға құпиясөзді ауыстыруға 
арналған сілтемесі бар хат жолданады. Егер хат электрондық поштаның «Кіріс» жәшігінен 
табылмаса, «Спам» және «Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет