Ұлттық бірыңғай тестілеуіне өтініш беру қосымшасын пайдалануға арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата21.12.2022
өлшемі1,26 Mb.
#58840
1   2   3   4   5
Байланысты:
instr entkz

Ескерту! Қосымшада шығатын тестіленуші санаттарының тізімі ҰБТ өткізу 
мерзіміне сәйкес беріледі. 
 
14-сурет. Тестіленуші санатын таңдау парақшасы 
Ӛтініш беру үшін бірінші кезекте тестіленушінің жеке мәліметтерін толтыру 
қажет (15-сурет): 
1) Азаматтығын таңдау; 
2) Ұлтын таңдау; 
3) Байланыс нӛмірін енгізу; 
4) Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың болуын және 
балын (болған жағдайда) енгізу; 
5) Шет тілі бойынша тестілеуді тапсырған күнін таңдау қажет. 


15-сурет. Өтініш беру. Жеке мәліметтер 
«Оқу орны» бӛлімінде келесі мәліметтерді таңдау қажет (16-сурет): 
1) Оқу орны орналасқан облыс
2) Оқу орны орналасқан аудан; 
3) Оқу орнының атауы. 
16-сурет. Өтініш беру. Оқу орны 
«Тестілеу параметрлері» бӛлімінде келесі мәліметтерді таңдау қажет (17-сурет): 
1) Бейіндік пәндер комбинациясы; 
2) ҰБТ тапсыру тілі. 


17-сурет. Өтініш беру. Тестілеу параметрлері
«Тест тапсыру орны» бӛлімінде келесі мәліметтерді таңдау қажет (18-сурет): 
1) Талапкер тестіленетін облыс
2) Таңдалған облыс ішіндегі тест тапсыратын орын; 
3) Тестілеу күні және уақыты. 
18-сурет. Өтініш беру. Тест тапсыру орны
«Мүгедектігі туралы мәлімет» бӛлімінде келесі мәліметтерді таңдау қажет (19-
сурет): 
1) Тестіленуші «мүгедектігі бар балалар» және «мүгедектігі бар адамдар» (кӛру, 
тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) санатына жататындығын кӛрсету; 
2) Тестіленушінің мүгедектігі болған жағдайда мүгедектік түрін кӛрсету; 
3) ҰБТ тапсыру барысында кӛмекші қажеттігін таңдау; 
4) Мүгедектік туралы анықтаманы жүктеу. 


19-сурет. Өтініш беру. Мүгедектігі туралы мәлімет
Бөлімдердің арасында өту үшін «Келесі» батырмасына немесе бөлімнің атауына 
басу қажет. 
Барлық мәліметтер енгізілгеннен кейін «Жалғастыру» батырмасын басу қажет (19-
сурет). 
Дербес мәліметтерді жинау және ӛңдеу, сонымен қатар ҰБТ ӛткізу ережелері
тестілеуге қатысуға тӛленген қаражатты қайтару тәртібі туралы Келісім терезесі ашылады 
(20-сурет).
20-сурет. Өтініш беру. Келісім
Ӛтініш беру үшін Келісіммен танысып, «Мен Келісім шарттарын оқыдым және 
келісемін» ӛрісіне белгі қою қажет (20-сурет). 
Ескерту! «Мен Келісім шарттарын оқыдым және келісемін» өрісіндегі белгі 
Келісім аяғына дейін оқылған соң белсенді қалыпқа келеді. 
Келісімді оқыған соң, сонымен қатар Келісімді оқығандығы және онымен 
келіскендігі жӛнінде белгі қойылған соң «Ӛтініш беру» батырмасын басу қажет (21-
сурет). 


21-сурет. Өтініш беру. Келісім
Ақылы ҰБТ-ға ӛтініш берген жағдайда тестілеуге қатысу үшін тӛлем жасау 
парақшасы ашылады. Тестілеу құны – 4230 теңге. «Тӛлем жасау» батырмасы арқылы 
тестіленуші келесі парақшадан тӛлем жасау әдісін таңдайды:
1) Kaspi қосымшасы арқылы (22-сурет); 
2) Онлайн режимінде тӛлем (23-сурет). 
22-сурет. Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасау парақшасы 
23-сурет. Онлайн режимінде төлем жасау парақшасы 


Онлайн режимінде тӛлем жасау әдісі таңдалған жағдайда «Тӛлем жасау» 
батырмасын басу қажет. Банк картасының мәліметтерін енгізетін парақша ашылады (24-
сурет). 
24-сурет. Онлайн режимінде төлем жасау парақшасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет