Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Шешен сөйлеу сыры

Ғалым Серік Негимов шешендік өнерді мынадай түрлерге жіктейді:

1. Саяси тақырыпта сөйлеу.

2. Салтанатты мәслихатта сөйлеу.

3. Сотта сөйлеу.

Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұм-

тылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шы-

ғуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән.

Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта 

әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты 

негізге алады [20].

Сонымен қатар, ғалым шешен сөздің негізгі жанрлық түрлеріне 1) лек-

цияны, 2) баяндаманы және 3) жарыс сөзді жатқызады.



28

Шешен сөздердің бұл түрлеріне ортақ сипат – басты нысана – тыңдау-

шының дүниетанымын тереңдету, философиялық-эстетикалық көзқарасын 

қалыптастыру, қиял өрісін, ұғым-түсінігін кеңейту, пайым-парасатын, ақыл-

ойын  жетілдіру,  ұстамдылық,  мейірімділік,  әділдік,  батылдық  қасиеттерін 

дарыту, тіл ұстарту, білім беру болып табылады.

Жалпы, әлеумет алдында сөз сөйлеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. 

Себебі,  тыңдаушылардың  әлеуметтік  құрамын,  білім  деңгейін,  жас  мөл-

шерін, кәсіби мамандық өзгешеліктерін қатаң ескеру қажет. Қандай тақы-

рыпта сөз қозғамасын, шешен үшін тыңдаушылар мүлде бейтаныс болған-

дықтан  бұл  жағдай  оның  сөз  саптаудағы  айрықша  алғырлығын,  алабөтен 

шеберлігін, сұңғыла қабілетін қажет етеді.

Халық алдында сөз сөйлеу үлкен дайындықты қажет ететіні белгілі.

Айтулы  шешендер  импровизациялық  дәстүрге  сүйенгенімен,  шын 

мәнісінде, олардың ұшан-теңіз білімі мен мол жинақталған тәжірибесі, бұ-

рынғы етене таныс дүниелерге ой жарығын түсіре білу қабілеті, оған қоса 

орындау, айта білу шеберлігі тосыннан болса да жүйріктік танытары хақ.

Қазақтың би-шешендері қалам ұстап, қағазға жазбаған. Сонда да оқыс-

та,  табан  астында  сөйлегенде  ойға,  пікірге  іркіліп,  шабысынан  танбаған, 

сөзінен жаңылмаған. Шежіре өрген сырларға үңілсек, «Төле тауып айтады, 

Қазыбек қазып айтады, Әйтеке жарып айтады» деген тағылымды тәмсіл бар 

[21].


Шешен баяндама жасағанда мыналарды қаперге алған орынды:

1. Материал жинау, жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайлас-

тыра, сәйкестендіре алу, композицияның, логика мен психологияның заңда-

рына, ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіру.

2. Сөзді дауыстап айта білу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді-өзің билеу 

ережесін қатаң сақтау, аудиторияның тілек-қалауын қабылдау, ескеру.

3. Шешендік өнердің қыры мен сырын мүлтіксіз меңгеру (дауыс, инто-

нация, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәдениетінің бүкіл талаптарын бұлжытпас-

тан сақтау).

4. Аудиторияның тұтқиылдан қойылған сұрақтарына тапқыр жауап беру, 

білім-ғылым бәсеке-таласын ұйымдастыра білу.

Белгілі орыс ғалымы В.Г. Белинский шешендіктің сипат-белгілері, да-

ралық қасиеттері туралы былай дейді: «Бір шешен топты жойқын, буырқан-

ған шабытымен билеп-төстейді, екіншісі жатық, әсем жеткізу шеберлігімен, 

үшіншісі – әзіл-оспақ, күлдіргі, айтқыштық талантымен, төртіншісі – желілі, 

сабақтас, анық баяндауымен баурайды» [22].



Қазақы шешендіктің қалыптасу тарихы.

Қазақ халқының шешендігі әскери-демократиялық қағидаттарға құрыл-

ған көшпенді өмірдің биік сұранысынан туындайды. Қазақ сөзінің этимо-

логиялық нұсқаларының бірі – «еркін өмір сүруші», «шекараға қоныс ау-

дарушы»  деген  мағыналарды  береді.  Сондықтан  болар  «қазақ»  этнонимы 



29

– еркіндік, теңдік, азаттық деген ұғымдармен сәйкес келеді. Әрбірден соң 

«қазақ» этнонимы белгілі бір нақты атаудан туындамайды, «қазақ» этнони-

мы белгілі бір өмір сүру салтын, өмір сүру ережесін білдіреді. Атап айтқан-

да «қазақ» этнонимы тең дәрежелі еркін өмір суруші азаматтар қауымдас-

тығы десе де болады. Бүгінгі біздің қызығып жүрген американдық «ашық 

қоғам» идеясы ең алдымен қазаққа тиесілі болғанын еш ұмытпауымыз ке-

рек. Қазақ болғысы келген, яғни еркін де азат өмір сүрген кез келген адам 

немесе ру қазақ халқының рулық жүйесіне кіріге алатын болған. Ол кірігуді 

рәміздік  түрде  ет  асып,  қазан  көтеріп  кіретін  адамға  асықты  жілік  ұстату 

үрдісі арқылы жүзеге асқан. Осы себептен, тағы да қайталап айтамыз, әске-

ри-демократиялық қағидаларға құрылған еркін адамдар қауымдастығында 

«бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» , «сөйлемесем сөзім өледі, сөйлесем 

өзім өлемін», «сөзім өлгенше, өзім өлейін» деген принциптер пайда болған. 

Егер грек-рим мәдениетінде шешендікке, риторикаға үйрететін арнайы ұс-

таздар (софистер) болса, қазақа даласында ондай арнай мектептің болғанын 

байқаймаймыз.  Көшпелі  тұрмысы  жағдайында  ондай  мектептің  болуы  да 

мүмкін емес еді. Бірақ соған қарамастан көшпелі қауымның өзіне тән, төл-

тума шешендік мектебі болғанын білеміз. Бұл мектеп - кішкентайынан көзге 

түскен баланың сол ортаның өзінде тәрбиелене бастауы. Қазақ қауымының 

өзіндік ортасы – шешендікке тәрбиелеудің асыл үлгісі, таптырмайтын қазы-

насы десе де болады. Қазақы ортада шешендікке тәрбиелеудің бірінші саты-

сы – ол әрине отбасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп мақалдай-

тын қазақ, балаға алғашқы тәрбиені осы асыл да қымбат орта – отбасында 

алады. Баланы шешендікке баулитын әлбетте, ең бірінші оның анасы. Қа-

зақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің «Адамдық негізі – әйел» 

атты  еңбегінде  бұл  мәселе  жөнінде  былай  дейді:  «Әуелі  адам  баласының 

келешектегі адамшылығына ірге болатын істі сол адамның ортасы бір сурет 

жасап беріп, соған өзі киген тонын кигізеді. Сонан кейінгі ол адамның өмір 

жолында көретін жақсы, жаман үлгісінің бәрі жамау, иә бояу болады. Жә, 

сол адамшылығымызға үлгі салатын ортаның көп түрлі-түрлі істерінің ішін-

дегі бізге ең әсерлісі қайсы?

Бұл туралы және сол білгіштердің шешуі мынау: адам баласы бір үлгі 

аларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүй-

ген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне нық орнайды дейді. Бұған қарағанда 

біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін 

кісі кім? Ол анамыз... Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын 

құлықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыз-

дан аламыз. Бұлай болағанда өмірінде әділет, мархамет, махаббат деген нәр-

сенің атын естімеген ананың харекеті үй іші мен от басынан, ғайбат-өсектен 

аспаған анадан ақ жүрек, адал ниетті қамқор жан тууы мүмкін бе?» [23, 47]. 

Міне  бізге  жеткен  қымбат  жәдігер  осылай  сөйлейді.  Әрине,  отбасындағы 

шешендік өнердің алғышарттарының қалыптасуына әкенің атқаратын қыз-



30

Міне, шешендіктің қазақы түп-қазығы, бастау бұлағы – осылар. Әрине, 

әке қанша жақсы болғанмен, шеше қанша асыл болғанмен – бала нашар бо-

лып тууы мүмкін. Өйткені тағы да сол Бұқар жырау:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет