Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес вакцина егуді қамтитын туберкулездің арнайы профилактикасы


БЦЖ вакцинасымен туберкулездің профилактикасына қарсы көрсетілімдер



бет2/6
Дата04.02.2022
өлшемі18,98 Kb.
#24852
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БЦЖ сприказа 214 каз

БЦЖ вакцинасымен туберкулездің профилактикасына қарсы көрсетілімдер:

      1) туа біткен иммун тапшылығы;

      2) туыстықтың бірінші дәрежесіндегі адамдарда анықталған БЦЖ вакцинациясына генерализацияланған инфекция;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусы немесе жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (бұдан әрі – ЖИТС);

      4) шала туылу – дене салмағы 2000 грамнан кем немесе гестациялық жасы 33 аптадан кем;

      5) орталық нерв жүйесінің зақымдануы – асфиксия және неврологиялық симптоматикасы бар туу жарақаттары (орташа ауыр және ауыр дәрежелі);

      6) құрсақішілік инфекция (цитомегаловирус, токсоплазмоз, хламидиоз, туберкулез), жаңа туған нәрестелердің сепсисі;

      7) жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы (орташа, орташа ауыр және ауыр түрлері);

      8) субфебрильді температурамен және жалпы жай-күйінің бұзылуымен қатар жүретін ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі аурулар;

      9) қызба.

     Перинаталдық орталықтан (босандыру бөлімшесінен) бактерия бөлетін науқаспен қарым-қатынас жағдайға түсетін вакцина жасалған жаңа туған балалар, туберкулезбен ауыратын науқасты оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда, кемінде 2 ай мерзімге жаңа туылған нәрестелерді күту бөлімшелерінде немесе сәбилер үйінде оқшауланады.

     БЦЖ вакцинасы жасалмаған нәресте перинаталдық орталықтан (босандыру бөлімшесінен) ата-аналарының және бірге тұратын барлық адамдардың туберкулезге тексерілгендігі туралы МСАК көрсететін ұйым берген анықтама негізінде ғана шығарылады.

    Перинаталдық орталықта (босандыру бөлімшесінде) БЦЖ вакцинасымен егілмеген балаларға МСАК көрсететін ұйымдарда екі айға дейін Манту сынамасын қоймай, екі айдан кейін – теріс нәтиже болған кезде жасалады.

  Анасы туберкулездің белсенді түрімен ауырған жағдайда, бактерия шығаратынына және дәрілік сезімталдығына қарамастан, нәресте туа біткен туберкулездің бар-жоғына зерттеп-қаралады (мүмкіндігінше плацента зерттеледі).

   Сезімталдығы расталған немесе анықталмаған туберкулездің белсенді түрімен ауыратын анадан туған нәрестеде туберкулез жоққа шығарылған уақытта, ол оқшауланады және оған профилактикалық ем жүргізіледі (3 ай):

      1) 3 ай профилактикалық емнен кейін Манту сынамасы жасалады. Манту сынамасы теріс нәтижелі болса, БЦЖ вакцинасымен вакцинациялау жүргізіледі, анасынан иммунитет түзілгенге дейін тағы 2 ай бойы оқшауланады;

      2) Манту сынамасы оң нәтижелі болса, изониазидпен профилактикалық ем 6 айға дейін созылады.

      Көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулездің және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулездің белсенді түрі бар анадан туған нәрестеде туберкулез жоққа шығарылған кезде, БЦЖ вакцинасын вакцинациялауға рұқсат етіледі, бұл ретте баланың иммунитеті қалыптасуы үшін 2 ай кезеңіне оқшауланады.

      БЦЖ вакцинамен туберкулездің профилактикасы мақсатында ревакцинациялау:

      1) 6 жастағы (1-сынып) Манту сынамасы теріс туберкулез микобактериясы жұқпаған дені сау балаларға республика бойынша бір уақытта оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) ұйымдастырылады. Бұл айда мектепте басқа екпелер жасалмайды;

      2) күмәнді реакциясы бар балаларға Манту сынамасы 3 айдан кейін қайта жүргізіліп және оның нәтижесі теріс болған жағдайда БЦЖ вакцинасымен ревакцинациялау жүргізіледі.

      Манту сынамасы мен БЦЖ вакцинасымен ревакцинациялау аралығы – үш күннен кем және екі аптадан артық болмауы тиіс.

     

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет