Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қоса аласың?
Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра болып қалған, оны
ұрпақтың бірнеше буыны сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты,
тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар.
Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор болғанын ғана емес,
мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін
түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын. Президент ел жастарымен
болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым
биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –
ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот
келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады». Сондықтан жастар
Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс. Қазақ елін «Мәңгілік ел»
қылатын біздер, жастар!»
Тар жол тайғақ кешумен келген Тәуелсіздік бізге шаттық пен бақыт
сыйлады. Міне, егемендігімізді ту етіп, еңселі ел болғанымызға отызға жуық
жыл толып отыр. Ұлт-азаттық көтелістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан
оқиғасы, қатал сынақтан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біз
өмір сүру бақытына ие болдық. Ел тізгінін ұстаған Елбасының сарабдал
саясаты қазақ елін биіктетті. Қазақстан мелекетіндегі бейбітшілік пен
тұрақтылық, ынтымақ пен бірлік-басты қағидаларының арқасында осындай
жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, тәуелсіздік жылдары көп істер
атқарылды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім
қалыптасып, қазақ халқының береке, бірлігі артты. Білім мен ғылым,
технология дамыған заманында мектептер мен жоғары білім беретін
университеттер, балабақшалар салынып жатыр. Сан түрлі мамандықтар
ашып, ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп келеді. Алаш арысы
Мағжанның
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! – деп бүгінгі жастарға үміт артып кеткенін
байқаймыз. Сондықтан мен ата-бабамыздың мұра еткен жерін одан әрі
көркейту үшін қолымнан келгенінің барлығын жасауға тырысамын. Осындай
ғажайып мемлекетте тұрып, бейбітшілік күннің астында өмір сүргеніміз – ең
үлкен бақыт. Қаншама нағыз патриот қазақ аталарымыз армандаған, аңсаған
бақыт. Сол бақытты бағалап, әрі қарай мемлекетіміздің өркендеуіне,
гүлденуіне үлес қосу – біздің парызымыз. Отанға деген ыстық ықылас –
мемлекеттің жарқын болуына септігін тигізер керемет сезім.
Шоқтығы биік еліміздің шоқжұлдызы Шоқан Уәлиханов айтқандай:
«Еліміздің өркендеп өсуі үшін азаттық пен білім керек», деген үні бүкіл қазақ
үшін жаңғырып тұр.Тәуелсіздікке де қолымыз жетті. Өзіміз қалаған оқу
орнында да білім алудамыз. Алда енді бір ғана мақсат – еліміздің өркенуден
өсуі, ел экономикасының жақсаруы, ұлттық индустриямызды жаңа серпінмен
дамыту. Мен де өз елімнің азаматшасы ретінде ұлттық индустриямыздың
өркендеп өсуі үшін қандай үлес қосамын деген сауал көкейімді кернеп,
бүгінгі күндік ең өзекті тақырыбыма айналуда.
Біріншіден, цифрлы технологияларға екпін жасай отырып, өндірістік
тізбектерді түрлендіру басты міндет деп ойлаймын. Себебі, бүгінде кез-
келген елде тіпті әлемде байланыс орнау үшін технологиялар ең негізгі
байланыс құралы болмақ. Ал оны түсіну үшін алдымен «Цифр» терминін
біліп, үйрену негізгі мақсат. Еліміздің қолға алып жатқан «Цифрлы
Қазақстан» бағдарламасы да осының айғағы болмақ. Ал мендік атқаратын
негізгі міндет халқымыздың сауаттылығына жұмыс жасап, тек сапалы және
пайдалы ақпартты ұсынып БАҚ құралдары арқалы халық пен өкімет
арасындағы тығыз байланысты сақтау болмақ.
Екіншіден, кәсіпкерлік рөлдің өсуі ұлттық индустриямызды дамытудың
басты шарты. Бұл тараптан да елімізде әр азамат үшін кез-келген мүмкіндік
жасалған. Халқымызда кереметтей сөз бар: «Балық бергенше қармақ
берейін» - дейді. Еліміздің әлемдік деңгейде экономикасының жоғары болуы
кәсіпкерлердің біршама еншісін алары анық. Осы орайда менде жеке кәсіп
бастау арқылы халқымыздың қажеттілігі үшін жұмыс жасауға әзірмін.
Үшіншіден, көрсетілген қызметтердің үлесі мен маңыздылығын арттыру
және өнеркәсіптегі креативті секторлардың өсуі ұлттық индустрияның
өркендеуіне жол ашары анық. Атақты өнертапқыш, бизнесмен Стив
Джобстың айтқаны бар: «Мен әртүрлі қызмет атқаратын әр адамға жеке-жеке
ақша төлегенше, соның бәрін атқаратын бір адамға ақы төлегенім артық»
деген екен. Өнеркәсіптің жол ашары бұл бірден-бір сапалы қызмет
көрсететін – қызметкерлер және олардың креативті ойлары ең үлкен қазына.
Бүгінгі таңда керемет ойлау қабілетің болса ешқандай қиындық тумайды.
Креативті ойлайтын қызметкерлер әр өнеркәсіп үшін ең құнды дүние болмақ.
Сондықтан менде креативті ойлау арқылы өз ісімнің шебері бола аламын.
Жоғары сапалы қызмет көрсету бұл – елін сүйетін әр азаматтың бойында
болуы тиіс ең негізгі қаруы деп ойлаймын. Себебі бұл қасиет тікелей
адамдық қасиеттермен, адамгершілікпен ұштасып жатыр.
Қорытындылай келе, «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз,
адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген
сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады
екен. Бабаларымыздың үмітін ақтау мақсатымен белді университетте сапалы
білім алып, болашақта еліміздің дамуына өз үлесімді қосатыныма сенімдімін.
Тізбектей келе айтқым келетіні, нағыз маман атану жолындағы алған
білімімді кәдеге жарату, өз бетінше үздіксіз білім алу дағдыларын меңгеру,
бәсекеге қабілетті болу, таңдаған мамандығыма деген адалдық-
отансүйгіштіктің құрамдас бөліктері деп түсінемін. Болашақта үлкен
жетістіктерге жетіп, елім үшін бәрін істеуге дайынмын. Елдің әр азаматы өз
тағдырын ел тағдырымен байланыстырып, шын ықыласымен еңбек ететін
болса ғана біз Елбасы айқындағандай «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіретін боламыз.
Менің айтпағым, Қазақстан мелекетінің ертеңгі болашағы жастарға, яғни
бізге тәуелді. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың «Басқадан кем болмас
үшін біз білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек,
бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында
жұмыс істеу керек» деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |