Ұлттық мүдде[1] - кең мағынасында - қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеуметтік-саяси қажеттіліктерді көрсететін елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері; тар мағынасында - ұлттың немесе басқа этностың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі қажеттіліктерінің көрінісі[2] Ұлттық мүдде-кең мағынасында-қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеуметтік-саяси қажеттіліктерді көрсететін елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері; тар мағынасында — ұлттың немесе басқа этностың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі қажеттіліктерінің көрінісі. Әр адам өзін нақты бір ұлттың өкілімін деп санайды. Ұлттық идентификациялану азаматтың жеке басының ісі, ол негізінен шыққан тегіне байланысты айқындалады. Аралас некеден туған адам заң бойынша әкесінің, не анасының ұлтын таңдаймын десе өз еркі. Барлық халықта дерлік, әсіресе, қазақта ұлтын әкесі бойынша анықтайды, тек кейбір халықта, мысалы, еврейлерде ұлттық болмысы шешесінен танылады. Бірақ ғылыми деректер бойынша адамның негізгі тектік қасиеттері еркекте ғана болатын Ү-хромосомы арқылы беріледі. Соған қарамай, өте сирек болса да түрлі себептермен әкесіне де, шешесіне қатысы жоқ бір ұлтты таңдау да кездеседі. Заңда бұған шектеу жоқ, ұлтын жарияламауға да ерік беріледі. Тіпті жеке бір ұлттың емес, жалпы адамзаттың өкілімін дейтіндер де бар. Алайда, тарихта белгілі, бүкіл адамзатқа ортақ, атақты тұлғалардың ешқайсысы да өз ұлтын тәрк етпеген.
Жұматаева, Е., Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асыру/ Е. Жұматаева Р. Ж. Қадысова - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2008. – 308 б. Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асырудың тұжырымдамасы құрылған. Тұжырымдамада «Қазақстан – 2030» Стратегиясын, «Білім Заңын», «Инновациялық технологияларды жүзеге асырудың құжаттарын» басқару іс-әрекетінде ұтымды қолданудың маңызы айқындалған. Ұтымды инновациялық технологияларын басқарудың инструменті ретінде саралап алу техникасы ұсынылған. Интерактивті-ақпараттық технологияларын басқа технологиялармен біріктіру амалдары қарастырылған. Қазақстан Республикасының білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асырудың мониторингісі түзілген.