Ұлттық намыстың семсері



Дата24.04.2023
өлшемі11,61 Kb.
#86249

Ұлттық намыстың семсері
Қазақ зиялылары жазған «Бесеудің хаты» қазақ тәуелсіздік жолындағы күре­сінде үлкен орны бар хат. Себебі, халқы миллиондап аштықтан қырылып жатқан­да, өзінің пікірі мен қарсылығын білдірген, халыққа жаны ашыған азамат нағыз зиялы. Сондықтан да бұл бес адамды халықтың рухани күші, семсері деп атауға болады. Олар адамдықтың, азаматтықтың үлгісіне айналды. Бұл бесеу жалғыз емес еді. Ашаршылық басталған кезде Алматы облыстың партия комитетінде қызмет еткен, сол кездегі Сарыөзек, қазіргі Қоңырөлең ауылының тумасы, Дайыр Әбікеев деген азамат «қазақтар қалай аштыққа ұшырады, үкімет не істеуі керек еді деп» хат жазғаны үшін, Алматы обкомының бес-алты адамы қатар ұсталған. Дайыр Әбікеев Ақыртөбеде 1937 жылы атылды. Ашаршылық кезінде, қалың қазақ миллиондап қырылып жатқан тұста мұндай ойлар әр облыста, әр қызмет орынында айтылған. Өкінішке қарай, 1932 жылғы ашаршылық кезінде қайраткерлік жасаған адамдардың тарихы аз зерттелген. «Бесеудің» аты көпшілікке ашық жетсе, есімдері жасырын қалған, алайда ашаршылық кезінде қырылған жандардың сұрауын сұраған, жоғын жоқтаған қайраткерлердің кейбірі әлі толық анықталған жоқ.
Біз өз пікірін ашық білдірген бес адамның есімін қашан да ұлттық намыстың семсері ретінде ұстауымыз керек. Олар осы бір азаматтық қадамы арқылы қазақтың ішінде де халқымен бірге ар ұяты, намысы барын көрсеткен және сол халық үшін шындықтың туын желбірете алатын тұлғалардың бар екенін дәлелдеген оқиға. Сондықтан да «бесеуді» ерекше атауымыз, «Бесеудің хатын» әр адам ұлттық шындықтың туы ретінде жоғары қоюы керек.
Ой-пікірін ашық білдіргендерді баудай қырқып түсірген билеуші партияның десінен сескенген ұлттық интеллигенция одан кейінгі бұқпалап өмір сүруге көндіккені де жанды ауыртады. Ал ұлтқа ең ауыр қасірет – осы.
Сондықтан да «Бесеудің» аты-жөнін ұлықтап, олардың әрбір идеясын насихаттап, «Бесеудің хатын» жыл сайын қайтадан жариялап, еске алып, түсіндіріп отыру – біздің парыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет