Ұлттық ойындарды
балалардың,оқушылардың,студент
жастардың дене шынықтыруда
қолданудың маңызы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Орындаған: ФКС 305 топ Жағыпар А.
Қабылдаған:Жумагулов А.
Елімізде дене шынықтыру және спортты дамыту,
республиканың ұлттық ерекшеліктері мен айрықша
белгілеріне байланысты маңызды мәселелер қатарын
шешу талаптары тұрды. Бұлардың дамуы
халықтардың мәдениет түрі, ұлттық сипаты бойынша
барлық социалистік дамудың қалыптасқан үрдісінен
шығып, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде болуын
қажет еді. Осыған байланысты қозғалыс практикасы
үшін дене шынықтыру мен спортты ұлттық және
интернационалдық дамыту мәселелері маңызды
мәнге ие болды.
Кіріспе
@reallygreatsite
Ұлттық ойындар - қазақ халқының ерте заманнан
қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның
бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық
ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау
жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе
шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі бола отырып,
ата -бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың
заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Қазақтың ұлттық ойындарын оқыту процесінде қолдану мұғалімнің әдіскерлігіне байланысты.
Балаларды демалдыру, сергіту мақсатында ұлттық ойын түрлерін қолдануға да болады. Ойнау,
ойнату арқылы баланың ақыл-ойы кеңейеді, тілі дамиды, сөздік қоры байиды, зерек болады және
денсаулығы нығаяды. Ойынды сабақта қолдану - оқушының ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз
халқының асыл мұраларын оқушының бойына сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің бірден-бір
құралы. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас
буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ әдіс десек болады. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт
түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса,
әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі.
Тағы бір мән беретін жағдай ойын барысында кейбір оқушылар тәуелсіздік
танытып, өз әлінше ойын мазмұнына өзгерістер енгізуге тырысады, мұндай
жағдайда баланың ойын басқа оқушылар қолдап жатса ойынды тоқтатпаған дұрыс,
осыдан барып ұлт ойындары баланың еркін әрекетіне жол ашады.
Ойынның ұлттық деп атауының астарында түрлі мағына жатыр. Олай болатыны
ұлт ойындары әртурлі ерекшелігін даралап көрсететін ұлтқа тән қасиеттерді ашып
айтып көрсете алатындығымен ерекшеленеді. Екіншіден, ұлттық ойындар, ұлттық
әдет-ғұрыптарды салт-сананы, дәстурді өз ойына жақсы сіңірген, сол арқылы жас
ұрпақ ана сүтімен ұлтқа тән қасиеттерді ойын барысында еркін меңгеріп бойына
жастайынан дамытуға мүмкіншілік алады.
@reallygreatsite
Үшіншіден, ұлт ойындарының бойына ұлтқа тән психологиялық
ерекшеліктер топтасқан, өйткені ол өмір, тұрмыс, еңбек
тәжірибесінің көрінісі бала соларды өзінше қайталап, толықтыра
отырып өнеге, үлгі, тәлім-тәрбие алады ұлттың өкілі ретінде
қалыптасады.
.Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмысында пайдалану мұғалімнен
шеберлікті, сабырлылықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген
құштарлықты қажет етеді. Өкінішке орай, дене тәрбиесі мұғалімдеріне
қажетті қосымша құралдардың жеткіліксіздігі, яғни ұлттық ойындардың
барысы мен өткізу тәсілі сипатталатын кітапшалардың аздығы, қазақтың
ұлттық ойындарын қолданып өткізілген ашық сабақтардың
бейнетаспаларының болмауы, көптеген ұлттық ойын құралдарының
жетіспеуі (мәселен, «Тоғыз құмалақ» ойынының ойын тақтасы мен
құмалақтары) ұлттық ойындарды сабақта қолдануына кедергі келтіреді
Қ о р ы т ы н д ы
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарын мектепте дене
шынықтыру сабақтарында қолдану жалпы білім беретін мектептердегі
педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сонымен қатар дене тәрбиесі
сабағының әдістемелік деңгейін жоғарлатады. Біз оқушылардың дене
шынықтырумен спортқа қызығушылықтарын тәрбиелеуде ұлттық
ойындардың жас ерекшеліктеріне қарай үйрету ерекшеліктерін тиімді
пайдалана білсек өз жемісін береді есептейміз. Өйткені, ұлттық ойындарды
зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдап саралай келе ұлттық ойындардың
адам өміріндегі жас ерекшеліктеріне сай ойындарды ойнап келгендігіне
нақты көз жеткіздік дей аламыз. Себебі біздің ұлттымыздың көп жылдық
тарихи өмірімен біте қайнасып, заман көшінен қалмай дамып, жетіліп
отырғандығы, әрі өзіміздің бала күннен көріп, естіп өскен ойындарымыз
екендігінде деп санаймыз.
@reallygreatsite
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |