Отбасын құруға дайындық немесе
халық педагогикасының I-ші негiзi
Отбасын құруға дайындық кезеңiнде
екi жастың өздерi, сондай-ақ, олардың
туыс-туғандары мен ата-аналары үш түрлi
мәселеге ерекше көңiл бөлулерi қажет.
1. Ата-баба дәстүрлерiн қадағалау
арқылы
халқымыздың
генофонын
көздiң қарашығындай сақтау. Қандай да
ағаттықтармен бұзып алмаудың қамы.
2. Отбасын құруға саналы түрде
дайындалу арқылы ұрық тазалығын
сақтау. Өйткенi, ұрығында уланып туған
ұрпақты түзеп алудың мүмкiншiлiгi жоқ.
Оны адам түгiл, құдайдың өзi де жөндей
алмайды.
3. Ата-ана мен бала арасындағы
сыйластық.
Мiне, осы үш мәселенi қазiргi уақыт
жағдайларымен салыстыра отырып талдау
жасап көрелiк. Бiрiншi мәселенi яғни, ата-баба
дәстүрлерiн қадағалау арқылы халқымыздың
генофонын сақтаудың жай-күйi “қызыл
империяның” саясатымен шын мәнiнде
құрдымға құлдырап бара жатқан едi. Дәстүр
атаулының iшiндегi ең ұлттық ерекшелiгi
бар құндысы болып табылатын “...Жетi
атаға дейiн қыз алыспау...” өз мәнiнен
айырыла бастаған болатын. Қазiр халық
бұл дәстүрдi сонау әл-Фараби мен Қорқыт
64
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
замандарынан, яғни, IХ-X ғасырлардан
қалыптастырғандығы белгiлi. Халқымыздың
бұл дәстүрдi ұстанғанына мiнеки, он екi
ғасырдай уақыт өткен екен. Сонда, бұл
дәстүрдiң құндылығы неде? Бұл сауалға
жауап бергенде, ең әуелi салыстырмалы
түрде XIX ғасырдың бастапқы кезiнде
ашылған бүкiл адамзат қауымының үлкен
жаңалығы деп есептелiнетiн “Дарвинизм”
iлiмiн еске алуға тура келедi. Оның ашқан “...
табиғи сұрыптау...” атты жаңалығы, осынау
халқымыздың “ ...жетi атаға дейiн қыз
алыспау...” дәстүрi мен тiкелей сабақтасып
жатқандығын ашып айтқан жөн. Оның
үстiне басқа жер бетiнде тұратын халықтарда
мұндай дәстүрдiң аса сирек кездесетiндiгiн
айтпағанның өзiнде, тiптi бiр туыстас Түркi
халықтары да “...жетi атаға дейiн қыз
алыспау...” дәстүрлерiн қолданбайды. Қазақ
халқына ең жақын деген қарақалпақ пен
қырғыздар да ең ұзағанда, үш-төрт атадан
аса алмайтындығы белгiлi...
Мiне,
халқымыздың
көптеген
қасиеттерiнiң iшiндегi ең ұлағаттысының
бiрi осы. Оның мәнiн ұқпағандықтан
өзiнiң ұлттық тарихы мен халықтық
педагогикасынан
айырыла
бастаған
жұртымыз, бiрте-бiрте мәңгүрттену жолына
ауысқандығын қадап айтқан жөн. Ана тiлiн
бiлмейтiн жұртымыздың 40 пайызы, сөз
жоқ, “...жетi атаға дейiн қыз алыспау...”
дәстүрiн олар не қажетiне жаратпақ. Тек
ерекше атап айтуға тұрарлық жағдай, кең
байтақ өлкемiздiң шығысы мен батысы,
түстiгi мен терiстiгiнiң жiтi араласуынан
бiздiң халқымыз аса бiр қолайлы жағдайда
отыр. Егер осыны саналы түрде дамытып,
“қыз алып, қыз берiсудi” осындай кең
өрiске шығарсақ, онда жұртымыз бұрын-
соңды көрмеген жаңғырудың құдiретiн
сезiнедi. Халқымыздың генофоны мүлдем
жаңғырудың жаңа биiктiгiне көтерiлер едi...
Екiншi үлкен мәселе, яғни, отбасын
құруға дайындық немесе ұрық тазалығын
сақтау – аса қиын күйге душар болып
отыр. Бұл халқымыздың дәл осы мәселенi
тереңдей түсiнiп мән бермеуiнiң салдарынан
у iшкендей болып отырғанын батыл түрде
айтуымыз қажет. Олар бүгiнгi таңда отбасын
құруға дайындық дегенде, тек материалдық
жақтарын ескередi. Той жасарда арақ-
шарап, iшiмдiктiң мол болуын қарастырады.
Отбасын құру қуанышына жиналған жұрт
есiнен танғанша арақ-шарап iшудi қызық
көредi. Бұл сәтте үй болғалы тұрған екi жас
та құр алақан қалмайды. Олар да iшедi.
Той тарқағаннан кейiн арақ iшкен екi
жасты күтiп тұрған ақ төсектен уланған
ұрпақ туады. Өйткенi, күллi наркотикалық
заттардың, соның iшiндегi арақ-шараптың
адам ағзасындағы бiрден барып уландыратын
мүшелерi ми қабаттары мен ұрық бездерi
екендiгi ғылыми түрде дәлелденген нәрсе.
Адам ағзасына түскен арақтың 100 грамы
ағзадан 7 күнде еркектің бойынан, 28 күнде
әйелдің ағзасынан әрең шығып тазарады
екен. Ал ЗАГС-ке тiркелгеннен кейiнгi ай
бойы iшiлетiн iшiмдiктiң зияндылығын
немен салыстыруға болар екен? Ендеше
ертеңгi өмiрге келетiн ибасыз қыздар,
қатыгез ұлдардың көбеюiне кiм кiнәлi
болады?!
Бiздiң ойымызша, келер ұрпақ алдында
қауым болып қателесiп жүргендiгiмiздi дер
кезiнде, уақыт өткiзбей мойындағанымыз
жөн. Өйткенi, тiршiлiк заңы өте қатал. Оны
нәпсiсiне ерiп бұзғандар, түбiнде бiр жапа
шекпей қалуы мүмкiн емес. Сондықтан да
табиғат қойнауларында тiршiлiк ететiн күллi
жан иелерi ұрпақ қамына кiрiсерде, тек
судың тұнығын iшiп, шөптiң асылын жеуге
тырысады. Тiптi, олар өз бойларындағы арам
тер мен артық майынан да арылуға арнайы
уақыттарын жiбередi. Ал, пендешiлiкпен
шырмалған адам баласы, керiсiнше, ақылы
мен парасатын әдейi уландыратындығын
қалай түсiнемiз? Бiздiң ойымызша, бұл
масқара халден ел-жұрт болып тез арада
тыйылуымыз керек.
Қазiргi
дүниеге
келiп
жатқан
нәрестелердiң кейбiрi ұрығынан бұзылып
туатындықтан, көпшiлiгi жарық дүниенi
көрмей-ақ, өлi туып жатса, бiрсыпырасының
жаны шықпағанымен жарымжан күйiнде
65
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тiршiлiгiн бастаған болады. Ал қалған
дұрыс туды дегендердiң өздерi де зейiндерi
мен зерделерi таяз болып туатындықтан,
олардың да жай-жапсарларын оқу-ағарту
жүйелерiнде iстейтiндер жақсы бiледi.
Ендеше, бұл iндеттен құтылудың жолын
халық педагогикасының негiздерiн де
ел болып еркiн шешiп алудың жолдарын
қарастырған жөн.
Үшiншi мәселе, яғни, Ата-ана мен Бала
арасындағы сыйластықтың қазiргi кездегi
жай-күйi қалай екенiн айтсақ, бұл мәселе де
қатты дағдарыста екендiгiн аңғару қиын емес.
Бұрынғы ата-бабаларымыздың салып кеткен
жолы бойынша Ата-ана мен Бала арасындағы
сыйластық үлкен этикалық заңдылықтарға
бағынатындықтан өзара үндесiп жататын-
ды. Ал, қазiр ол үндестiктердiң бұзылуының
салдарынан, ата-ана баланы, бала ата-
анасын түсiне алмайтын күйге ұшырап отыр.
Соның кеселiнен үлкен трагедияларға жиi
ұшырап отырғанымызды жасыра алмаймыз.
Жастардың бойындағы өзiм бiлемдiк ешбiр
сын көтермейтiн жағдайларға жетiп отыр.
Ендеше, ел басына түсiп, еңсесiн езген осы
кiнәраттың түп-төркiнiн анықтауға тырысып
көрелiк.
Халқымыздың өзi өмiр сүрген ұзақ
тарихында небiр кезеңдердi бастарынан
өткiзiп, заман дауылдарының аяздай қарыған
үскiрiктерiне ұшыраған сәттерi көп. Әсiресе,
соңғы үш ғасырға жуық уақыттың iшiнде
аса күрделi аласапыран кездердi бастарынан
өткiздi. Өз билiгiнен ажырап қалған халықтың
азып-тозып кетуiне көптеген себептер ықпал
еттi. Ендi сол себептердi iрiктеп, жұптап
қарасақ:
1. Өз еркiндiгi жоқ, басқа жұрттың
боданы болып келген елдерде ғана
қалыптасатын, топастана бастайтын
тоғышар орта;
2.Тағдыр тауқыметiнiң салдарынан
ата-баба дәстүрлерiнен адасып, оның
үстiне арақкештiкке салынғандықтан
адамдық парасаттарынан айырыла
бастаған ата-аналардың бой көрсете
бастауы;
3. Ата дәстүрiнiң құндағында өспей,
ана тiлiнде тәрбиеленбеген жаңа буын
жас ұрпақтың есер қылықтары... – деп
шартты түрде топтастыруға болатын тәрiздi.
Оның үстiне халқымыздың ежелден келе
жатқан дархан мiнездерiн дарақылыққа,
жомарт пейiлдерiн ысырапшылдыққа
айырбастай салатын пендешiлiгiмiз де жетiп
жатыр.
Мiне, 1990 жылы 25 қазан айында,
халқымыз ғасырлар бойы аңсаған арманына
жетiп, өзiнiң дербес мемлекет ретiндегi
декларациясын дүние жүзiне паш еттi. Ендi
өзiн-өзi билейтiн ел болмақ?! Олай болса,
жоғарыдағы айтылған топастана бастаған
тоғышар орта да жөнiне келiп, ата-баба
дәстүрiнен ажырап қалған қауым да, ана
тiлiмiздiң қасиеттерi де қайтып оралғалы
отыр. Бiрақ, бұл қасиеттер аспаннан өзi
келе салмайтындығын ел болып ұғынуымыз
керек. Сондықтан, егемендi елдiгiмiздi
толық меңгеруiмiз үшiн “еңбектеген
жастан, еңкейген қарияға дейiн”
намыстарын қайрап, жiгерлерiн жанитындай
белсендiлiкке ауысуымыз ауадай қажет.
Сөйтiп, тiршiлiк-тұрмысымыздағы белең
алып отырған ата-ана мен бала арасындағы
қайшылықтар да жойылып, адамшылықтың
ақ босағасын аттаймыз деген үмiтiмiз мол.
Ол үшiн үзiлiссiз ұрпақ тәрбиесiн халық
педагогикасының құндағында, ерекше
жiгермен ел болып қолға алатын мезгiлдi
өткiзiп алмауымыз керек.
Ана құрсағындағы тәрбие, немесе
халық педагогикасының II-ші негiзi
Ана құрсағындағы тоғыз ай – Адам
ғұмырының ең ұзақ, ең күрделi кезеңi.
Оның ұзақтығын түйсiну мен сезiнуге ақыл
күшiн қосу арқылы байқасақ, Жер бетiндегi
тiршiлiктiң сатыларын қамтуға кеткен 500
миллион жылмен пара-пар. Мiне, мұны
түсiну үшiн тiршiлiк құпияларына тереңдей
толғап үңiлмей болмайды.
Қазiргi ғылыми дәлелдерге сүйенсек,
Ана құрсағындағы өсiп жатқан Жан иесi
өзiне берiлген тоғыз айдың iшiнде табиғатта
кездесетiн барлық тiршiлiктiң әр деңгейдегi
66
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
сатыларын басып өтедi де, “...он сегiз мың
ғаламның...” сипаттарын түгелдей қайталап
шығатындығы белгiлi. Былайша айтқанда,
бiр клеткалы “қарапайым” тiршiлiк көзiнен
бастап, хайуанат әлемiндегi омыртқалыларға
дейiн, тiптi оның ең шырқау биiгi болып
саналатын Адам бейнесiне де бiртiндей
ауысып жетiледi. Сөйтiп, табиғаттағы әр
тiршiлiктiң өз аты-жөндерiмен атасақ, бiр
клеткалы амебадан құрт-құмырсқа, бақа-
шаян,
жан-жануарлардың
саты-сатыға
бөлiнетiн баспалдақтарын басып өтедi екен.
Бұл күллi табиғат жаратылыстарының
iшiндегi аса күрделi, әлi де тылсымы ашылып
бiтпеген, құдiреттi құбылыс екендiгiнде сөз
жоқ. Қысқа ғана ескерте кетсек, Жанның
ОН ЕКІ АРНАСЫ – түйсік, сүю, ұят, мінез,
жігер, зерде, табиғи қабілет және ішкі
бес сезім де осы Ана құрсағында ғана
ашылатынын ұғынған жөн. Әрине, мұндай
құдiрет табиғат шебердiң ғана қолынан
келмек.
Мiне, осынау айтуға ғана жеңiл, ал өсу
жолындағы әрбiр сәтi күрделi сан алуан
құбылыстарға жiктеле отырып, тек биология
мен физиология заңдылықтарына ғана
бағынып дамитын тоғыз торқаның iшiндегi
жан иесi - жүрек тәрбиесi атты жүйенiң
әлiппесiн парақтап та кетедi екен. Егер әл-
Фараби тұжырымына жүгiнсек: “...Адам
мүшелерiнiң iшiнде ең алдымен жүрек пайда
болады, сонан кейiн ми, одан кейiн бауыр,
бұдан кейiн көк бауыр... сосын басқалары
пайда болады. Бәрiнен соң ғана қимылға
келетiнi “жыныс мүшелерi” дей келiп,
жүрек басты мүше, мұны тәннiң ешқандай
басқа мүшесi билемейдi. Бұдан кейiн ми
келедi. Бұл да басты мүше, бiрақ мұның
үстемдiгi бiрiншi емес, екiншi, өйткенi, ол
ағзадағы барлық басқа мүшелердi билейтiн
болса, оның өзiн жүрек билейдi”, - деп
таңғажайып тамаша тұжырым жасайды.
Әл-Фараби өзiнiң осы тұжырымдарын
ары қарай ғылыми жетiлдiре келiп, түркi
халықтарының тәлiм-тәрбиесiнен (халық
педагогикасынан) негiздерiн алатын үш
түрлi iлiмнiң - хауас, хауас салим, хауаси
хамса заһириди (түйсiк, iшкi бес сезiм
және сыртқы бес сезiм), екiншi - Имани гүл
(үш сүю), үшiншi – Жәуанмәртлiк (ақыл,
әдiлет, рақым) мәнiн түсiндiредi. Бұл iлiмдер
– өз топырағына түспеген дән сияқты - араб
елдерiнде өзiнiң өркендей даму жолдарына
түсе алмайды. Бiрақ түркi халықтарынан
шыққан ғұламалар ғұламахи Дауани, Жүсiп
Қарабағи, Жүсiп Баласағұн, Әлiшер Науаи
бұл жайында көп еңбектер жасайды. Жүсiп
Баласағұн осының негiзiнде дүние жүзiн
тамсандырған “Құтты бiлiгiн” поэзия
тiлiмен өмiрге әкеледi. Бұл айтылған үш
iлiмдi ары қарай жетiлдiрiп ерекше биiктiкке
көтерген ұлы Абайдың орыны жеке-дара бiр
бөлек.
Мiнеки, қазақ жұртының ұлттық
педагогикасының тамыры тым тереңде
жатқанын осыдан-ақ анық аңғаруға болады.
Бұны ғылыми негiздерде дамыту болашақтың
iсi. Бiз көтерiп отырған адам тәрбиесiнiң
алғашқы екi кезеңi ұрық тазалығы мен ана
құрсағындағы тәрбие бүгiнге дейiн ғылыми
педагогикадағы тәрбие жүйелерiнен мүлдем
тыс қалған. Сондықтан да адам тәрбиесiндегi
орны толмас кемшiлiктер қатпар-қатпар
күйiнде жалғасып жатыр.
Бiздер ұсынып отырған жүрек
тәрбиесiнiң жүйесi - адам бойындағы күллi
имандылықпен, инабатты мiнез-құлықпен,
табиғи қабiлеттiң негiздерiн, жаратылыс
заңдылықтарымен
үндестiре
дамыта
қалыптастырып, жарық дүниеге iштен
жетiлдiрiп тудырады. Бiр ерекше даралай
атап, таң қалатын нәрсе, осы құбылысты
бiздiң ата-бабаларымыз бiлген. Сондықтан
да олар: “...Алып - анадан туады...” -
дейтiн ұрпағына тұжырымды бағдарлама
қалдырған.
Құрсақтағы жан иесiнiң бiр жарым
айдан кейiн-ақ бармақтай ғана жүрегi мен
қан тамырлары жүйесi қалыптасып, бiрден
қозғалысқа түседi. Сөйтiп, анасының түйсiгi
мен сезiмдерi арқылы жүрек тәрбиесi
қалыптаса бастайды. Бұл күллi тәрбие
атаулының алтын арқауы болып саналатын
жүрек тәрбиесiнiң мәнi мен мазмұны тек ана
67
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
құрсағында қалыптасады деген сөз.
Ана атаулы екiқабат кезiнде айналасынан
сезiнген қым-қиғаш әсерлердi көңiл-
күйлерiмен әлдилей аялап, құрсағында
өсiп жатқан тiршiлiк иесiне, алпыс екi
тамыры арқылы ықпал етуiн бiрде-бiр сәт
тоқтатпайды. Ол өзi сезiнген жайлы да
жайсыз тiтiркендiргiш әсерлердi, үнемi
iшiнде жатқан Жан иесiнiң жүрек қылын
күйге келтiруге жұмсайды. Сөйтiп, оның
жүрек тәрбиесiн қалыптастыру арқылы
келешекке келер адамның аса елгезек
әсерленгiштiгiмен қоса, оның табиғи
қабiлетiн жетiлдiре отырып, мiнез-
құлқының парасаттануына ықпал етедi.
Мiне, осындай жүктi кездерiндегi бойына
бiтетiн аса құдiреттi құбылысты дұрыс
пайдалануды, бұрын парасаты мол, түйсiгi
терең аналар ғана аңғара алды. Ал көпшiлiк
аналар мұндай қасиеттi бiле бермеген.
Сондықтан да бұл жағдайды “...Мыңнан бiр
ана ғана бiлген...” десек асыра айтқандық
емес.
Егер бiз ЗАГС және басқа да қоғамдық
ұйымдармен бiрлесе отырып, осынау ғажайып
құбылыстардың сырларын әрбiр жас анаға
үйретсек, бiздiң болашақ ұрпағымыз ғана
үлкен сапаға ауысып қоймайды. Сонымен
қоса, күллi ел-жұртымызды да бiрте-бiрте
сауықтыра алған болар едiк. Бiздер күнi
бүгiннен бастап, осыншама ұлы арманды
жүзеге асыруды бастап кетсек, бекер ғұмыр
кешпегендiгiмiздiң айғағы болар едi.
Ұлы Абайдың “Жүрек тербеп оятар
баста миды” деп тұжырымдауында телегей-
теңiз ғұламалық жатыр.
Жалпы, құрсағындағы Жан иесiнiң
болашағын болжай бiлген аналар көп.
Солардың бiрi - Тобықтының анасы
Айпараның мынау бiр ауыз сөзiн еске
түсiрелiк.
Шынжыр
балақ,
шұбартөс
Ырғызбайым,
Тоқпақжалды, торайғыр Көтiбағым,
Әрi де кетпес, берi де кетпес Топайым,
Сiрә да оңбас Торғайым..., - деген
сөздерiн осы күнгi ұрпақтары үнемi
таңырқай еске алып отырады. Анасының
осы айтқанындай, төрт ұлынан тараған
ұрпақтарының сипаттары тура келгенiн
ешкiм жасыра алмайды.
Осы тектес мысал, бес қыпшақтың
анасының айтқанынан да байқалады. Ол
былай айтады:
1) Бұлтың бiттi бойыма, ұрлық кiрдi
ойыма; 2) Торы бiттi бойыма, билiк кiрдi
ойыма; 3) Ұзын бiттi бойыма, ерлiк кiрдi
ойыма; 4) Көлденең бiттi бойыма, сауда
кiрдi ойыма; 5) Қарабалық біттi бойыма,
байлық кiрдi ойыма, - деген екен.
Ананың құрсағында жатқанда тәрбиелеу,
адамзаттың ашатын ала бөтен жаңалығы
болары һақ...
Нәресте
кезеңi
немесе
халық
педагогикасының III-ші негiзі
“...Ал, қазақ, мешел болам демесең,
бесiгiңдi түзе!”
Мұхтар Әуезов
Бесiк – адам баласы игерген игiлiктердiң
iшiндегi ең парасаттысы. Ол үй шаруасында
пайдаланатын заттардың ешқайсысымен де
салыстыруға болмайтын мүлiк. Тiптi, оның
өзiне тән қасиеттерiн кең түрде тарата алсақ,
күллi адамзаттың игiлiгiне айналдыруға да
болар едi. Сондықтан да бесiктi ғасырлар
бойы пайдаланып келе жатқан Орта Азия мен
Қап тауының қойнауын мекендейтiн алуан
тiлдегi толып жатқан жұрт, Таяу Шығыс пен
Кiшi Азия елдерi бүкiл жер бетiндегi Түркi
халықтарының өмiр тәжiрибелерiне ерекше
көңiл аударған жөн. Өйткенi, бесiк жаңа туған
бала үшiн де, онан да бетер, жас босанған Ана
үшiн де қажет. Оның атқаратын биологиялық
және физиологиялық қызметтерiнiң теңдесi
жоқ. Тiптi, оның кейбiр өмiршең қасиетiн
басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды.
Себебi, бұл қасиеттер тек Бесiкке ғана тән.
Ұрпақ тәрбиесiнiң негiзгi бiр тiрегi –
бесiк. Кешегi халқымызды мәңгүрт етуге
тырысқан зобалаң жылдар бесiк тәрiздi
қасиеттi мүлкiңдi де күресiнге лақтырды
емес пе? Бас пайдасы үшiн арын сатқан
68
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ғалымсымақ әзәзiлдердiң азғыруымен,
қалың қауым ата-баба қасиеттерiн тепкендей
болды. Соның әсерiнен қаншама жылдар
бойы ұрпақ тәрбиесiнiң құтынан айырылдық.
Бесiксiз өскен баланың сағат сайын
шырқырап, мазасыздануынан, жас босанған
талай ананың түн ұйқысы төрт бөлiнуiнен
жүйкесi тозып, олардың омырауларынан
сүт шықпайтын ауыр халге ұшырады. Қазiр
бұл әлеуметтiк мәселеге айналып отыр.
Осыған орай, тек бесiкке ғана тән Бала мен
Анаға берер қасиеттерге тоқталып көрелiк.
Барынша ойымызды топтастырып айтсақ:
бiрiншiден, бесiк - әмбебап тазалық,
екiншiден - терең ұйқы,
үшiншiден – сәби үшiн теңдесi жоқ
микроклимат.
Мiнеки, бесiк беретiн осындай үш түрлi
қасиеттiң арқасында дүниеге жаңа келген
сәбилердiң дендерi сау болып қана қоймай,
сонымен қоса, олардың дене мүшелерi мен
жұлын-жүйкелерi табиғи үндестiкте өсiп
жетiлмек.
Бесiктi күстәнәлаған қазiргi таңдағы
жағдайымыз қалай?
Ашығын айтсақ, бесiксiз тәрбие жас
босанған анаға да, жаңа дүние есiгiн ашқан
сәбиге де оңай тиiп отырған жоқ. Сәбидiң
сағат сайын дәретiмен асты суланып,
ұйқысы қашып, жүйкелерi тозып, өзiнен-
өзi әлсiрейдi. Бұл жағдайды түсiну үшiн аса
үлкен ғұламалықтың қажетi жоқ. Өйткенi,
жаңа туған жас сәбидiң денесiне тиген
дәретi оның балғын терiсiн тiтiркендiрiп
қоймай, тiптi тұз құйғандай ашытады.
Бөленбеген аяқ-қолдары ербеңдеп, терең
ұйықтап тыныстауға мүмкiндiк бермейдi.
Осының салдарынан, жас нәрестелер аз
ғана уақыт iшiнде, шала ұйқыдан асқынған
невроз дертiне шалдығады. Бебеу қаққан
ана да, күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан
қалатындықтан оның да жұлын-жүйкесi
тозып тынады. Оның үстiне тәулiк бойы
таудай болып үйiлiп қалатын зәрмен
шыланған жаялықтарды жуып-ақ жас
босанған аналардың күш-қуаттарынан
ештеме қалмайды.
Мiне, халқымызды бесiгiнен бездiрiп,
қолдан жасалынған есуас әрекеттермен
ұйқысыз түндер, жаялық жуумен өтетiн
күндер, жас тума аналардың жұлын-жүйкесiн
тоздырып тынады. Осындай күйге ұшыраған
аналардың сәбилерiне деген сезiмдерi қалай
болмақ?...
Жүйкесi тозған нәрестенiң тәрбиеге
икемдiлiгiнен не қалады? Мiне, бұл сауалдар
сөз жоқ, кезек күттiрмей шешетiн мәселелер
екендiгi даусыз? Ендеше, бүкiл халқымызды
азапқа салып аздырған заманның лаңдарын
тез арада танып қана қоймай, оны
бiрден пәрмендi тәсiлдермен күнделiктi
тұрмысымыздан аластауымыз керек. Бұл
мәселеде де, бiздерге қолұшын берер
халқымыздың қасиеттi дәстүр, салттары
болмақ. Ендеше бесiктен безiнуiмiздiң
салдарынан жас босанған ананы да, дүниеге
жаңа келген жас нәрестенi де қолдан невроз
жасап отырғанымызды мойындауымыз
керек.
Мiне, осынау зауалдың ықпалымен
тұмса аналар исiнуден қалып отырса,
нәрестелерiмiздiң
психикалары
дұрыс
жетiлмеумен қоса, балалардың шығыны
да аса көп. Өйткенi, жөргегiнде дұрыс
ұйықтаудан айырылып, ана сүтiне жарымай
өскен баланың дене құрылыстары түгіл,
оның ендi ғана, ояна бастаған психикасының
да орасан ауыр зардаптарға ұшырайтындығы
белгiлi. Оның үстiне бесiкке бөленiп
тәрбиеленбеудiң салдарынан, жас нәрестенiң
бесiк жырымен жетiлетiн Жүрек тәрбиесi
де өз бетiне әдiрә қалады. Бұл ойланбасқа
болмайтын аса ауыр ахуал. Себебi, жүрек
тәрбиесi – күллi адам тәрбиесiнiң iргетасы
екенi белгiлi. Олай болса, елiмiздiң ежелгi
мүлкi Бесiкке жаппай қайта оралудың мәнi
ешқандай үгiттеудi көтермейтiн шындық.
Ол ұрпақ тәрбиесiнiң де алтын дiңгегi болып
қала бермек...
Жалпы, бесiкке бөлеп өсiрген балалардың
асты құрғақ, үстi жылы болғандықтан,
өзiне қажет мөлшердегi ұйқысын да
дұрыс пайдаланады. Жас нәресте алғашқы
айларында, нақтырақ айтсақ, сәби қырқынан
69
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
шыққанша, тiптi үш айға дейiн, кем дегенде
18-20 сағаттан аса уақыт ұйықтаулары ауадай
қажет. Ол үшiн оған тек астының құрғақтығы
ғана емес, сонымен қоса, айналасындағы
дыбыстармен ауа қозғалыстарының екпiнiн
де қағып қалатын бесiктiң шымылдығының
да маңызы зор. Ол тiптi, бұдан басқа да
толып жатқан тiтiркендiргiштерден сақтай
алатын микроклимат екендiгiн де ерекше
ескергенiмiз жөн.
Осындай аса үлкен мәнi бар жағдайларды
қамтамасыз ететiн бесiк – жас сәбидiң жан
жайлауындай қасиет берер құдiреттi мүлiк.
Тек, бесiк iшiнде ғана ұйқысы қанып, тән
рахатына кенеле алатын болғандықтан,
бала оянған сәттерiнде жадырай езу тартып,
бесiктен босанысымен-ақ керiле-созылып,
кереметтей ләззатқа бөленедi. Осы сәтте
ұзақ уақыт сәбиiн қолына алмаған ана да бар
мейiрiмiмен емiрене толғанып, нәрестесiн
сылап-сипаған алақанының табымен де
таңғажайып әсер етпек. Мұндайда халқымыз
Достарыңызбен бөлісу: |