С.Н.Жиенбаева –
педагогика ғылымдарының докторы, доцент,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЭТНОПЕДАГОГИКА МА-
ТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Əрбір халықтың тарихи өмірінде қол
жеткізген ең құнды дүниелері – руха-
ни жəне адами қасиеттері, құлықтылық
(моральдық нормалар) үлгілері бар.
Сондықтан да, əрбір жаңа ұрпақ үшін мəнді
тəрбие – ұлттық тұрғыдағы тəрбие үлгісі
болып табылады. Өйткені, мұнда тəрбиенің
негізін замандар бойы калыптасып кел-
ген асыл рухани құндылықтар жəне биік
ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын,
адамның адамдық қасиетін нығайтып,
əрі асылдандыра түсетін, халықтың
даналық өмір салтынан туындап отыра-
тын бұлжымас ережелер мен кағидалар
құрайды.
Кеңес заманындағы білім беру жүйесінің
əлеуметтік мəселелерді шешуде, халықты
жаппай сауаттандыруда атқарған қызметін
жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, ол
жүйе қазақ ұлтының мүддесін толық
шеше алмағаны анық. Оның дəлелі, қазақ
балабақшаларының санының аздығы, ана
тілінің қолданыс өрісінің шектеулігі болып
табылады. Сондықтан, əрбір ұлттың ұлт бо-
лып қалыптасуы мен дамуына жағдайдың
жасалуы – халқымыздың ертеден аңсап
келген, казірде баянды болып отырған
Егемендігіміз
бен
Тəуелсіздігімізге
тікелей байланысты екендігін баса айтқан
орынды. Мұның өзі Қазақстанның педа-
гогика ғылымында жаңа сипаттағы казақ
балабақшаларының ұлттық мазмұнының
даму бағыттарын зерделей отырып, бір
жүйеге келтіру мəселесінің өзектілігін
айқындайды.
Ұлттық тəлім-тəрбиенің дамуы мен
қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың
көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа
табынудың құрбаны болды, қудалауға
түсті. Мұның өзі ұлт мəдениетінің
өсуін үлкен тежелуге əкеліп соқтырды.
Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-
зерттеулер жүргізуге шек койылды.
Ұлттық салт-дəстүрлерді дəріптеу, өмірге
енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп
бағалаңды. Халықтық дəстүрлер өзінің
қоғамдық мəнін жойып, отбасылық мəнге
ғана ие болды. Оның өзі бертін келе, мек-
тепке дейінгі кезеңнен мектеп, жоғары
оқу орындарының тəрбие жұмыстарының
негіздеріне кірді.
Педагогикалық
процестің
ұлттық
мазмұны білім жəне тəрбие мазмұнына
ұлттық сипат беру арқылы ашылады.
Қазақтың ұлттық құндылықтары туралы
түсініктері мен білімдері қалыптасқан;
жалпыадамзаттық құндылықтар тура-
лы түсінігі бар; өз отбасы шежіресін
жүргізудің алғашқы іскерліктері бар; өз
тегін, тегінің тарихын біледі.
Қазақстанның өз алдына егемендік
алғанынан бері болып жатқан өзгерістері
білім беру саласын да айналып өткен
жок. Оның бір көрінісі, жалпы орта білім
беру жүйесінде білім беру мекемелерінің
жаңа типтерінің пайда болуы екендігі
анық. Білім берудің калыптасқан жүйесін
езгеріске түсіру оның мəні мен маңызын
анықтап, оны ғылыми тұрғыда зерделеу
жəне полиэтникалык ортаға лайықтап
бейімдеу қажеттігін тудырды. Себебі,
бірнеше мəдениет тоғысында өмір сүріп
жатқан қазақстандықтар үшін ең басты
құндылық – татулық, өзара сыйластық,
осы ұстанымдарды басшылыққа ала от-
ырып, əр халық өзінің ұлттық болмысын
сақтауға құқылы.
Қазақ халқының ұлттық болмысын
сақтап дамытуда білім мен тəрбиенің
85
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ордасы
болып
саналатын
қазақ
балабақшаларының рөлі өте жоғары.
Балабақшалар ұлттық сипат алмаса,
ұлттық мəдениет пен ұлттық тəрбиенің бо-
луы мүмкін емес. Жаһандану аясында ұлт
ретінде жойылып кетуге соқтыруы мүмкін
рухани мəңгүрттіктен сақтану, оның алдын
алу шаралары жаңа заманнан бастау алып
отыр жəне бұл мəселенің оң шешімінің
табылуының бір жолы педагогикалық про-
цеске этнопедагогиканың, педагогикалық
инновацияның ене бастауынан көрінеді.
Дегенмен, Қазақстанның мектепке дейінгі
педагогика ғылымыңда жаңа сипаттағы
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының
ұлттық
мазмұны
өз
дəрежесінде
қалыптаспай отырғанын мойындау керек.
Белгілі қазақстандық ғалым Т.Бурбаев
Қазақстанда ғылым мен білім батыстық
үлгіде дамып отырғаны сөзсіз нəрсе
екендігін айтады.
Елбасы Н.Назарбаев: «Біз демо-
кратия мен нарықтық экономиканы
принципті түрде жақтаймыз. Алайда,
əр коғамның өзіндік ерекшеліктері бар,
ол қалайда ескерілуге тиіс, қайталанбас
этномəдениетке, діни, тарихи қасиеттерге
ие. Ал, енді кімде-кім мұны түсінбесе,
кімде-кім етжақындық жəне рухани
тұрғыда өз халқының мəдени кейпінде бол-
маса, онда ол өз тамырын ғана жоғалтып
қоймайды, сонымен бірге одан кез келген
басқа мəдениет теріс айналады. Бұл тура
мағынасындағы да, оның агрессияшыл
көрінісі тұрғысындағы да мəңгүрттікке
бастайтын тура жол», – деп, біздің қоғам
үшін аса көкейкесті мəселені көтереді.
Сондықтан, бүкіл əлем халықтары өміріне
жаһандану үрдісі тұтастай еніп келе жат-
кан бүгінгі күнде өз тəуелсіздігін кеше
ғана алған Қазақстан үшін Елбасы ескертіп
отырғандай, өз келбетінен айырылып
қалмау мəселесі – өзекті де өткір мəселе.
Қазақ халқы «Бала тəрбиесі бесіктен»
деп бекер айтпаған. Ата-бабаларымыз сəби
шыр етіп дүниеге келген күннен бастап,
оның тəрбиесі мен мінез-құлқының дұрыс
калыптасуына айрықша мəн бергені белгілі.
Бұл мəселе қазіргі заманда да маңызын
жойған жоқ. Біз мектеп табалдырығын
аттаған бүлдіршіндердің əріп танымаса
да, ойы жан-жақты жетілгенін қалаймыз.
Балабақшада тəрбиеленген балалар оқуға
тез бейімделеді. Мұны кез келген бірінші
сыныптың сабағына қатысып, көз жеткізуге
болады. Балабақшаға барған бала мен
бармаған баланың ойлау қабілеті екі басқа.
Мектепке дейінгі мекемеде тəрбиеленген
бала алғыр, білімге құштар болып келеді.
Ал, отбасында өскен бала жасқаншақтау,
өз ойын ашық айта бермейтіні белгілі.
Меніңше, баланың үлкен өмірге қадам
басуында балабақшаның орны маңызды.
Мектепке дейінгі мекемелер уақытында са-
лынса, көптеген бүлдіршіндер балабақша
есігін ашатын болады. Жалпы, мектепке
дейінгі мекемелерді қалыптастырудың
əлеуметтік-экономикалық маңызы зор.
Өйткені, бүгінде көптеген ата-ана жұмыс
істеудің орнына бала бағып, үйде отыр.
Қазақ
этнопедагогикасын
мектепке
дейінгі оқу-тəрбие жұмыстарына енгізуге
байланысты ғалымдарымыз өз зерттеу
жұмыстарын жүргізді.
Ж.Т.Сарыбекова
қазақ
халық
педагогикасының дəстүрлі қыздар тəрбиесі
түрлерін мектепке дейінгі ұйымдарда
пайдалану арқылы қыз баланың ұлттық
келбетін мектепке дейінгі кезеңнен
бастау керектігін айта келе, мектепке дейінгі
ұйымда қыз баланың ұлттық келбетін
қалыптастырудың үш кезеңін көрсетеді:
тəрбиешілермен жұмыс, ата-аналармен
жұмыс, қыз балалармен жұмыс. Қазақ эт-
нопедагогикасы негізінде мектеп жасына
дейінгі балаларға тəрбие мен білім беруде
Ф.Н.Жұмабекова сəндік-колданбалы өнер
негізінде балалардың көркемдік талғамын
қалыптастырудың
теориялық
жəне
əдістемелік мүмкіндіктерін жан-жақты
қарастыра отырып, қазақ халқының қол
өнерінің бала тəрбиесіне ықпалын дəйекті
дəлелдеген. Ш.С.Сапарбаева балабақшаның
ересек тобындағы балаларды қазақтың
86
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
тұрмыс-салт дəстүрлері арқылы еңбекке
баулудың тиімді жолдарын əдістемелік
жағынан ашып көрсетсе, Р.М.Сыздық ау-
ызша есептердің мазмұны қазақ халқының
əр дəуірлеріндегі тұрмыстық жағдайлар
мен аң аулау, кəсіпшілік істерімен бай-
ланысты екендігін ғылыми еңбектерінде
атап көрсетті.
Мектеп жасына дейінгі балалар-
ды тəрбиелеуде қазақ этнопедагогика-
сы мазмұнын төмендегідей бес бағытта
қарастырдық:
– қазақ балалар фольклоры;
– салт-дəстүрлер;
– ұлттық ойындар;
– ұлттық өнер;
– этноэкология;
Ұлттық мінез-кұлық – халықтың та-
рихи тəжірибесінде қалыптасқан дағды
жəне əдеттер жиынтығы. Намыс, абырой,
шындық, əдеп сақтау, ар, ұят, ұлттық мінез
жайында Ə.Табылдиев еңбектерінде сара-
лап айта отырып, ұлттық ерекшеліктермен
дəлелдеген.
Қазақ
этнопедагогикасы
арқылы мектеп жасына дейінгі балалар
жаман мен жақсыны ажыратуды үйренеді,
адамды сыйлау, құрметтеу, сəлемдесу,
үлкен кісінің алдынан өтпеу, орын беру
сияқты адамгершілік құндылықтарды
меңгере бастайды.
5-6 жастағы бала заттарды топтастыру
қасиеттерін меңгере түседі. Мысалы, ке-
беже, сандық, орындық, кереует, сырмақ,
түскиіз т.б. үй жиһаздарына жатқызып,
тақия, табақ, сақина сияқты басқа зат-
тардан ажыратып, айыра алады. Балаға
жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жа-
сау, қоршаған ортаны өзі танып-білуіне
толық мүмкіндік беру, бала материалды
өзі таңдап, өздігінен дербес əрекет етіп,
өзінің жоспарымен жұмыс жасауға жағдай
туғызып отыру керек. Педагог балаларға
казақ этнопедагогикасының материал-
дарын өздігінен таңдауға жəне онымен
танысуға уақыт беріп, оны қалай қолдануы
жайында көрсетіп, түсіндіріп отырса, бала-
лар қабылдау негізінде ой елегінен өткізіп,
қорытынды жасай білуге үйренеді.
Ғалымдардың
зерттеуі
бойынша
баланың ырықты зейінін қалыптастыру
үшін зейіндерін бір мақсатқа аударып,
шоғырландыра білу керек. Ол үшін екі
заттың арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды табуда 3-4 жастағы
балаларға 2-6 түрді айырмашылығы
бар сурет ұсынылса, 5-6 жастағы түрлі
айырмашылығы бар суреттер ұсынылады.
Сонымен бірге, көп заттардың арасы-
нан ұқсас екі затты табу, түстері неме-
се көлемді заттарды табу, дыбыстык
белгілер арқылы, қимыл арқылы тап-
сырмаларды баяу, орташа, жылдам түрде
орындау сияқты бала ырықты зейінді
жетілдіре түседі. Мысалы, «Бірдей екі
табақты тап», «Қандай суреттің сыңары
жоқ?» «Қуыршақтың көлеңкесі кайсы?»,
«Төлдердің анасын табуына көмектес»,
«Бірдей ою-өрнегі бар тақияларды тап»
т.б. ойындық-тапсырмалар балалардың
ырықты зейіндерін дамытуға септігін
тигізумен
бірге,
дүниетанымдарын
кеңейте түседі. Мысалы, ұлттық ойын
ойнар алдында балалардын зейінін аудару
мақсатында ойынға шақыру жырын кол-
дану, бала зейінін шоғырландыра түседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар ойнайтын
«Ақ сандық, көк сандық» ойыны барысын-
да ойын үстінде айтылатын өлең мəтініне
назар аудару, мəтін аяқталысымен орын-
дарынан тез тұрып кету, қарсыласын
арқалай жөнелу сияқты əрекеттер зейінді
неғұрлым тез аударуды талап етумен бірге,
ұшқыр ойды да талап етеді. Сондай-ақ,
«Түйе, түйе, түйелер» қызықтамасындағы
кейіпкерлердің үздіксіз іс-əрекеті –
түйеге жер жусанын, қой қошақанын,
қонақ қамшысын, қыз орамалын, ағаш
жапырағын, сиыр сүтін сыйлауы жəне
сүтті көбелек, жапалақ, сауысқан келіп
сарқып ішіп кетуі балалардың зейінін
бірден аударып, кейіпкерлердің əділдік
пен əділетсіздіктік қылықтарын байқауға
мүмкіндік береді.
87
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Сурет 3. Ұлттық ойындар негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеудегі
бағыты
Ұлттық өнер
Қол өнері
Саз өнері
-
Тоқымашы
-
Кестеші
-
Өрмек тоқушы
-
Тігінші
-
Ағаш шебері
-
Ұста
-
Зергер
-
Халық əндері
-
Би өнері
-
Күй өнері
-
Терме, жырлар
-
Ұлттық аспаптар
Сурет 4. Өнер негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын
қалыптастырудың бағыты
- Сөзбен ойналатын ойындар
- Табиғи материалдармен ойнайтын ойындар
- Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар
- Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар
- Əуендік ойындар
- Қимыл-қозғалыс ойындары
- Спорттық ойындар
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
88
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Салт-дəстүрлер
Бала тəрбиесімен
байланысты салт-
дəстүрлер
Тұрмыстық салт-
дəстүрлер
Əлеуметтік-
мəдени салт-
дəстүрлер
-
Шілдехана
-
Сүйінші сұрау
-
Ат қою
-
Бесікке салу
-
Қырқынан
шығару
-
Тұсау кесу
-
Сүндетке
отырғызу
-
Ашамайға
мінгізу
-
Тілашар
-
Жеті атасын білу
-
Киіз үй, оның
жабдықтары
-
Ұлттық киім
үлгілері
-
Үй жиһаздары
-
Ұлттық тағам, ас
мəзірі
-
Əшекейлік
бұйымдар
-
Қару-жарақтар
-
Ат əбзелдері
-
Төрт түлік
-
Ұлттық көлік
түрлері мен жолдар
-
Қазақ билері
-
Қазақ хандары
-
Туыстық
атаулар
-
Ырымдар,
тыйымдар
-
Бата-тілектер
-
Ұлттық
мерекелер
-
Қазақтың
өлшем
бірліктері
-
Ислам
тағылымы
Сурет 1. Салт-дəстүрлер негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға
арналған шығармалар қысқа да, ықшам,
тілі жеңіл, сөзі ойнақы түрде жазылып,
белгілі бір сюжетке негізделе құрылады.
Көбінесе, қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстарға, жан-жануарларға, табиғат
əлеміне негізделген шығармалар баланың
дүниетанымын қалыптастыруға əсері мол.
Біз қазақ балалар фольклорын 3 топқа бөліп
талдадық.
Қазақ балалар фольклоры
Балалар поэзиясы
Ойындық фольклор
Ертегілер
-
Бесік жырлары
-
Уату-
алдарқату
өлеңдері
-
Арнау-тілек
өлеңдер
-
Сұрамақтар
-
Қызықтамалар
-
Өтірік өлеңдер
-
Тақпақтар
-
Маусымдық
жырлар
Ойын
өлеңдер
Ойынға
байланысты
жырлар
-
Қиял
ғажайып
ертегілері
-
Хайуанаттар
туралы
ертегілер
-
Тұрмыс-салт
ертегілері
-
Күлдіргі
ертегілер
(аңыздар)
-
Жұмбақтар
-
Мақал-
мəтелдер
-
Тəжікелесулер
-
Балалар
айтысы
-
жаңылтпаштар
-
Ойынға
шақырулар
-
Қаламақтар
-
Санамақтар
Сурет 2. Мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеудегі қазақ фольклоры
89
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Халық тұрмысындағы жас ұрпаққа
этноэкологиялық тəлім-тəрбие беру көрінісі
ұлттық салт-дəстүрлермен, діни-нанымдық
тарихи оқиғалармен жəне жергілікті жердің
жөн-жосықтарымен тығыз байланыста
қалыптасады. Халық этнопедагогикалық
идеялары
тек
табиғи
күштер
мен
аспан денелерін тануда қалыптасқан
этноастрологиялық, этноклиматологиялық
құбылыстармен байланысқан теориялық
негіздерін танып қана коймай, өмір сүру
үрдісінде аталмыш дүниелерді ұрпақ са-
насына сіңіру мақсатында өзіндік əдіс-
тəсілдерін жетілдіріп отырады. Халық
ұғымындағы «көкті жұлма», «құстың ұясын
бұзба», «аққуды атпа», «құмырсқаның ұясын
бұзба» т.б. табиғатты қорғауға байланысты
айтылған ұғымдар бала дүниетанымын
қалыптастыруға əсері мол.
Сурет 5 - Этноэкология негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын
қалыптастырудың бағыты.
Сонымен,
қазақ
этнопедагогикасы
негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды
тəрбиелеу мазмұны қазақ балалар фоль-
клоры, салт-дəстүрлер, ұлттық ойындар,
ұлттық өнер, этноэкология бағытында жас
ерекшеліктеріне сəйкес жүйелеу, бұрын
тəжірибеде қолданылмаған қазақ этнопеда-
гогика материалдарын балабақшаның оқу-
тəрбие үдерісіне енгізу баланың ұлттық
болмысына ықпалын тигізді.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақстан Республикасындағы этникалық-мəдени білім тұжырымдамасы. – Алматы:
Қазақстан, 1996. - 32 б.
2.Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары: Чувашское кн. изд. 1974. - 376 с.
3.Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы, 1995. – 463 б.
4.Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялык негіздері мен тарихы. Оқу құралы. – Ал-
маты: Білім, 2003. - 280 б.
5.Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы:
Ғылым, 1998. - 317 с.
Этноэкология
Табиғат
құбылыстарының
атаулары
Ауа райын болжаудың
халықтық нұсқалары
Хайуанаттар əлемі
-
Бұлт атаулары
-
Жаңбыр
атаулары
-
Қар атаулары
-
Жел атаулары
-
Аяз атаулары
-
Хайуанаттар
құлықтарына қарап
ауа райын болжау
-
Құстарға қарап
ауа райын болжау
-
Ауа райын
табиғат көріністері
мен құбылыстары
арқылы болжау
-
Үй
хайуанаттары
-
Түз
хайуанаттары
-
Құстар
90
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Резюме
В данной статье автор пытается подобрать ключ к проблеме воспитания детей дошкольного воз-
раста через педагогику казахского народа. Показывает некоторые пути решения.
Summary
In given to the article author attempts to select key to problem of education children preschool age
across pedagogics Kazakh народа. Displays some road decision.
6. Əбілова 3. Этнопедагогика. – Алматы, 1997. - 265 б.
7. Жарықбаев Қ. Қазақ тəлім-тəрбиесі: Оқу құралы. – Алматы: Санат,1995. - 352 б.
8. Табылды Ə. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы: Білім, 2005. - 312 б.
9. Белгібаева Г.Қ. Болашақ мамандарды мектеп жасына дейінгі балаларға халық ауыз əдебиеті
арқылы патриоттық тəрбие беруге даярлау: пед. ғыл. канд. автореф: 13.00.01. – Қарағанды, 2006. -
29 б.
10. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана: 2007. - 215 б.
11. Иманбеков Т. Қазақ балабақшасындағы оқу-тəрбие жұмысында ұлттық ойындарды пайдала-
ну (5-7 жас) пед. ғыл. канд. автореф: 13.00.01. – Алматы, 1995. - 27 б.
12. Баймұратқызы Б. Тіл дамыту. – Алматы: «Кітапбаспасы», 2005. - 159 б.
Қ.М.Омаров –
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
«Туризм» кафедрасының меңгерушісі
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ – ТƏРБИЕ ТҰҒЫРЫ
Исі қазақ жұртына етене енген қазақтың
ұлттық ойындарының тəрбиелілік
мүмкіншіліктері, ғасырлар бұрын бастау
алып, осы күнге дейін жеткен жағдайы
бар. Əр кезеңде қазақ ұлттың ойындары
өз ерекшелігімен сипатталады. Сондай-
ақ, олардың өмір сүрген географиялық
ортасы мен əлеуметтік жағдайы да ұлтық
ойындарынан көрініс береді. Əсіресе, Ев-
ропа халықтары басқа əлеуметтік ортаға
қарағанда, өркениетке ерте өткендіктен
ұлттық негіздің алғашқы туындылары,
өзінің əуелгі қажеттігін өтеуге дəрменсіз
болып қалады. Соның салдарынан
ұзақ ғасырларға созылған елеусіздік,
олардың көпшілігінің ұмыт болуына əкеп
соқтырды. Олардың ішінде тек спорттық
ойындар ғана ескірмей жаңа мазмұнға ие
болып, бүгінде дүниежүзі халықтарына
ортақтасып, ұштасып келеді. Соның
өзінде де олардың жастарға берер үлгі-
өнегесі, тəрбиесі бір де толастаған емес,
əлі де өз дегенін орындайды.
Қазақ халқының ұлттық ойыны-
на келсек, оның мəн-мағынасы ерекше
бөлек. Жиырмасыншы ғасырдың 30-шы
жылдарының аяғы мен 40-шы жылда-
рында ол əлі де өзінің алғашқы маңызын
жоймаған қалпында болды. 50-ші жыл-
дардан бастап ауылда да, қалада да ірі
өзгерістер пайда болды. Алдымен, кол-
хоздарды ірілендіру науқаны жүргізіліп,
артынан олардың көбі совхоздарға айнал-
дырылды. Тың жəне тыңайған жерлерді
91
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
игеру миллиондаған басқа жұрттың
қазақ жеріне қоныс аударуы, Орталықтан
жүргізген орыстандыру саясаты қазақ
халқын өз мекенінде азшылыққа ай-
налдырды. Халақ өзінің тілдік тұтас
кеңістігінен ғана айырылып қоймай,
соның нəтижесінде əдет-ғұрыпынан,
салт-санасынан, қалыптасқан дəстүрінен,
ұлттық тұтастығынан да қол үзе баста-
ды. Бұның негізгі себептерінің бірі –
республикамыздағы қалыптасқан тарихи
дəстүрдің бұзылуы жергілікті халықтың
өзара іштей араласуының күрт өсуі,
бұрынғы дəстүрлі ортамен кеңістіктің
өзара байланысының бұзылуы, қалалар
мен аумақты елді мекендердің, өндіріс
орындарының көптеп пайда болуы,
өркениетті өмір ағысына мықтап бет
бұруы ұлттық ойындардың ұмытыла
бастауының алғышарттарының бірі бол-
ды. Ескінің бəріне өткеннің қалдығы,
көненің сарқыншағы деп қарау, сол
кездегі саясат пен идеологияның өкімет
пен
коммунистік
партия
ұсынған,
қолдаған жолы болды. Осының бəрі ең
алдымен, жастарды қамтып, сол арқылы
жүзеге асыру көзделді. Осының əсерінен
жас ұрпақ ұлттық туындылардың бəріне
жоғарыдан қарап, жатырқай бастады.
Оның ақыры бүкіл ұлтқа тəн, ғасырлар
бойы қалыптасқан асыл мұралардың
бəрінен қолданыстан ысырылып таста-
лып, жаңа төңкеріс туғызған орыстар
арқылы Европалық мəдениетке бет
бұрғызып, өзінің ата-бабасы жасаған
мəдени мұраға өгей көзбен қарап, жат
санады. Бірақ, халық санасына сіңген,
ғасырлар қойнауынан бүкіл бір ұлттың
жадында жатталып қалған мұраның бірден
жоқ болып кетуі мүкін болмады. Ол көне
көз, кəрі құлақ қарттар арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа жетті. Сол арқылы аз да болса, өз
дегенін істеп жатты. Дей тұрсақ та, қазақ
халқының құты болып келген ауылдағы
тұтас қалпы, өзіндік мəдениеттің туып,
бүкіл елге тарайтын тұрағының ыды-
рауы ұзақ уақыт ұлтқа тəн қасиеттің
өсіп-өнуіне, дамуына кері əсерін тигізді.
Осының салдарынан ұлттық ойындардың
көбі ұмыт болды. Мұның жағдайы
бүгінде тіпті шиеленісіп, қайшылық одан
əрі күрделене түсуде. Өз бетіне мемле-
кет құрып, ұлтқа тəн дүниені қалпына
келтіруге кедергінің бəрі жойылды де-
ген кезде, енді нарық жағдайына кезікті.
Ұлттық ойындардың негізгі ошағы
ауылдың жағдайы нашарлап, күнкөріс
қамымен бас сауғалап кетіп жатты. Бірақ,
ұлттық ойынның бары, құрып кетуден
аман қалғандары қағаз бетіне түсіріліп,
елдің қолына берілді. Ол Кеңес одағы
ыдырап, егемендігімізді жариялаған аз
жылдардың ішінде іске асырылды. Соны-
мен, ұлттық мүддені, ұлттық əдет-ғұрып
пен салт-сананы, халықтың қалыптасқан
дəстүрін уағыздауға бүгінде кең жол
ашылды. Жастарды жаңа жағдайларға
байланысты ұлттық негізде тəрбиелеуде
ұлттық ойындарды пайдалану мектеп-
терде жəне мектептен тыс туристік іс-
əрекеттерде кең өріс ала бастады.
Ұлт ойындарын туристік іс-əрекеттерде
пайдалану,
кез
келген
жорықтың
мазмұнын ашып, байыта түседі. Оқушыны
ойлылық пен саналыққа жетелейді.
Оқушы саналығы пəн арқылы сабақта
берілген материалды түсінуге, ерікті
мағыналы қимылға меңзеп, оқушының
салауаттылығын білімге, білуге деген
қызығушылығын үстемелеп арттырады.
Сондықтан, халқымыз “Тəні саудың дені
сау” деген қанатты сөзді айта отырып,
соны баланың бойына ұлттық ойындары
арқылы сіңіруді көздеген. Солай бола
тұрса да, бүгінгі егемендік алған елдің
азаматтары, орта білім беретін мектептің
оқушыларының, жан-жақты білім алып,
əрі денсаулықтарының мықты болып,
салауатты өмір салтын ұстанатын,
өркениетті халықтар мен елдердің
қатарына қосылуға сай білім алулары
тиіс.
92
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Қазақтың
ұлттық
ойындарының
өзіндік ерекшелігін сезіне білетін, ол үшін
мақтаныш сезімін оятатын, Отанын шын
сүйе білетін дара тұлғаларды тəрбиелеу
ісін ойдағыдай жүргізе алатын басты тұлға
– мектеп-туризм нұсқаушысы (инструк-
торы). Олай болса, туризм нұсқаушысы
өзі ұлттық ойындардың тəрбиелілік
мақсаттарын жан-тəнімен ұғып, мек-
теп оқушысына жеткізуге мүдделі бо-
луы керек. Сонымен бірге, ұлттық ойын
қолданылатын жаяу жорықтарда, экс-
курсияда оқушылардың ойын талапта-
рын бұзбауы, жалпы тəртіптің сақталуы,
ойынға қатысушылардың бəріне бірдей
ортақ болуы тиіс. Осы талаптарды қатаң
сақтай отырып, ойынның бос жүгіріс,
ретсіз жүріс, айғай-шуға айналып, жорық
жағдайындағы демалыстың көздеген
мақсатына жетпей қалмауы үшін ту-
ризм нұсқаушысы оқушылардан ұлттық
ойын тəртібінің орындалуын қатаң та-
лап етуі керек. Сондықтан, осы талаптар-
ды туризм нұсқаушысы орындап, жорық
жағдайындағы ойын түрлері нəтижелі
өтуі үшін, оны туристік іс-əрекеттердің
(негізгі формасы жорық, экскурсия), жал-
пы тəрбие үрдісіндегі оқу-тəрбиелілік
мақсатымен ұштастыра білу үшін, мына
педагогикалық міндеттердің орындалуы-
на шарт қойылады.
– Оқу жылының басында туризм
нұсқаушысы, оқушылардың сыныптан
тыс туристік іс-əрекеттерін ұйымдастыру,
жоспарлау материалдарын мұқият зерт-
теп, ұлт ойындарын пайдалануға болатын
тақырыптарды анықтап, қандай ұлттық
ойындарды қолданатынын көрсетіп,
оларды пəн бірлестіктерінің отырысын-
да қарап, басқа да пəн мұғалімдерімен
келісіп, күнтізбелік жоспарда белгіленуі
шарт.
– Ұлт ойынын туристік іс-əрекеттердің
барысында қолдану үшін, оны алдымен
өзі жете білуі қажет. Өйткені, туристік
нұсқаушы ойынның мазмұнын, ойнау
тəртібін, мақсатын білмесе, онда ол
жорық барысының қай тұсында, қалай,
қандай жағдайда, не үшін қолданатынын
білмейді. Ондай жағдайда ұлт ойында-
рын жорықтарда пайдалану айтарлықтай
тəрбиелілік нəтижеге жеткізбейді.
– Туризм нұсқаушысы əрбір ойынның
оқушыға берер нəтижесін алдын-ала
болжап, оны жорықтың қай кезеңінде
қолдану қолайлы екенін анықтауы тиіс.
Олай істеу көп күндік жорық кестесіне
де байланысты болады. Өйткені, арнайы
ойынның кезеңі жалпы жорық барысын-
да, күндізгі демалыс сəттерінде, жорық
жүру барысында, кешкі от қасында
ұйымдастыру
жоспарланғандықтан,
ұлттық ойынның көп түрін үйрену жəне
өткізу осы тұстарға сəйкестік жасайды.
– Туристік нұсқаушының алдын-ала
ойынның берер тəрбиелік мүмкіншілігін
танып білерлік қабілеті мен дағдысы болуы
шарт. Өйтпеген жағдайда қолданылған
ойын өз дегеніне жете бермейді.
– Туристік нұсқаушы оқушылардың
жас ерекшеліктерін де есепке алуы ке-
рек. Оқу материалын жетілдіру үшін,
демалыс күнгі жорық кезінде бастауыш
сыныпқа арналған ойындар мен мектептің
орта буын сыныптарына пайдаланатын
ойындар бірдей болмайды. Сол секілді,
мектептің жетінші-тоғызыншы сынып
оқушыларының бағдарламалық материа-
лына лайық ойын элементі де күрделене
түсуі қажет.
– Туристік нұсқаушы ұлттық ойын-
дарды пайдаланудың мөлшерін жəне
уақытын, орнын, жорық барысының қай
тұсында қолдануға болатынын алдын-ала
ойластырғаны дұрыс.
– Туризм нұсқаушысы оқушылардың
жорық жағдайында ойнауды не үшін
қолданатынын, ойын тəртібін, оны қатаң
сақтауды білуін талап етеді. Өйтпеген
жағдайда
жорықтың
тəрбиелілік
көздеген мақсатына жетпеуі мүмкін.
Ойынға
оқушылар
ынта-жігерімен
93
C
M
Y
K
ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Нұрланова К. Символика мира в традиционном искусстве казахов//Кочевники. Эстетика:
Познание мира традиционным казахским искусством. – Алматы: Ғылым, 1993. - С.264.
2. Коджаспирова Г.М. Культура профессионального самообразования. – Москва:
Педогогика,1994 г. - С.86.
3. Узакбаева С.А. Средствами Казахской народной педагогики.//Вестник научно-
педагогического центра. – 1992,№9, - С.13
4. Хайруллин Г.Т., Бейсенбаева А.А., Саипов А.А. Ведение в педагогику. – Алматы: Туризм,
2001. -141с.
Резюме
В статье автор рассматривает роль национальных игр в воспитании современной молодежи.
Summary
The author considers the role of the national games in educating today's youth.
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
өз беттілігін сақтай отырып, ойын
қолданған жорықтардағы шығармашылық
тапқырлығын жетілдіріп, оны мұғалімнің
қолдап отыруы да өз нəтижесін береді.
– Туристік
нұсқаушының
оқушыларға ұлттық ойынды тез, əрі
жылдам меңгертудің жолдары мен оның
тəртібін, ойналу шарттарын меңгерудің
жеңіл əдістерін күні ілгері ойластырғаны
дұрыс.
Əрбір ұлттық ойынның, сондай-ақ,
жалпы ойын атаулының адам ағзаларына
тигізер негізгі əсері мен оның психикасы-
на етер ықпалын есепке алған жөн. Мыса-
лы, “Қарғымақ” ойынын алатын болсақ,
оған қатысатын оқушылар жүгіруге,
сол сияқты ұзындыққа, биіктікке
секіруге дағдыланады. Мұндай жорық
жағдайындағы ойын үстінде оқушының
аяқтарының
бұлшықеттері
жетіліп,
туристік
іс-əрекеттерге
белсенділігі
артып, оқушының
секіргіштігі,
шапшаңдығы,
денесінің
икемділігі,
батылдығы, шешімділігі, табандылығы
артып, денесі шынығып, алғырлық са-
пасы жетіле түседі. Соның нəтижесінде
туристік жорықтар арқылы оқушының
денсаулығы жақсы қалыптасып, оқуға
қабілеті жетіліп, өз бетімен əрекет етуге,
өзіне-өзінің сенімі күшейіп өмірге деген
құштарлығы артады.
Халқымыздың
ғасырлар
бойы
тірнектеп жинаған асыл қазынасының
үлкен-кішісі болса да, керексізі жоқ.
Ол бүгінгі жəне жарқын болашақ үшін
жұмыс істеп, ұлтымыздың ұлағатты
дəстүрін қазіргі, ертеңгі жəне болашақ
ұрпаққа жеткізіп, салауатты өмір салтын
құратын жас-жеткіншекке уағыздаудың
үлкен əлеуметтік-педагогикалық маңызы
бар. Өйткені, ұлттық ойын адамды жан-
жақты тəрбиелеумен бірге, гигиеналық,
сауықтырушылық рөл атқарумен қатар,
ұлтының тілін, ділін, əдет-ғұрпын, салт-
санасын, дəстүрін мектеп қабырғасында
меңгеріп, отансүйгіш, бауырмал болып
тəрбиеленуге негіздейді.
94
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |